Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық қатынас моделін анықтау жолдары.
Мақсаты: педагогикалық ұжымның әлеуметтік- психологиялық қатынасын зерттеу, ұжымдағы әр адамның профессионалдық рөлін бақылау.
Қажетті құралдар: «Ең үздік мектептің» модельі- ватманға салынған бес бос терезесі бар мектептің суреті. Әр терезенің жанында номері бар. Әр терезенің астында хат жазатын орын болу керек (10-13 см).
- Мектептің «терезесінің» тақырыбы, тақтада немесе ватманда жазылған.
- Мектептің «терезесінің» номері жазылған бланкі, бланк екіге бөлінген (қосу ж/е азайту), жоғарғы бұрышына қарай- тақырыптың номері жазылған.
- «Оркестр» жаттығуына карточкалар- әр карточкада аспаптардың аты жазылған. Кейбір аспаптар, мысалы скрипка, труба, гитара, бірнешеуі болуға болады. Ұлттық аспаптарды пайдаланған өте қызықты.
- Қағаздар, фломастерлер ж/е инелер керек, «Жариялау» жаттығуы үшін.
- Магнитофон, баяу музыка керек.
- Болашақ машинасының (Машины времени) капитанының формасы (кепка, көзілдірік, перчатки).
Ойын өтілетін жерді безендіру: Ойын өтілетін орын екі бөлікке бөлінеді. Бір жерде орындықтар шеңбер бойынша қойылса, екінші жерде топтардың жұмыс жасауына арналған столдар, айнала орындықтар қойылған. Тақтада Мектептің модельі ілінген, жанына стол қойылған. Столда желім, маркерлер және таза қағаздар, ол қағаздар моделдегі терезенің мөлшерімен бірдей. Тақтада немесе Мектептің моделінің жанына «терезенің» тақырыптары ілінген.
Ойын уақыты: 1 сағ.
Ойын барысы
Жүргізуші ойынға қатысатын пед.ұжымды шеңбер жасап тұрған орындықтарға жайғасуын сұрайды.
Жүргізуші: - Бүгін біздің Болашақ машинасы арқылы барлығымыз Ең үздік мектепке, яғни біз армандаған мектепке баруға жағдай туындап отыр. Біз мақсатымызға жету үшін, Болашақ машинасына параметірімізді тура, дәл айтуымыз қажет. Біздің параметіріміз кәсіби рөлдер, яғни ұжыммен ойналатын ойындар.
Біздің мектепте: директор, оқу ісінің меңгерушілері, әлеуметтік педагог, психолог, дене шынықтыру мұғалімдері, жоғары сынып мұғалімдері және бастауыш сынып мұғалімдері бар ( профессионалды рөлдерді таныстырғанда, құрмет көрсетіп бастарын изейді).
Педагогтарға арналған сергіту сәті
1 жаттығу: «Шеңбер бойынша белгі беру»
Жүргізуші: - Өте сақ болыңыздар. Уақыт- бұл қозғалыс! Барлығымыз дайын болсақ, белгі беруді тосамыз. Барлық ойынға қатысушылар өздерінің оң қолдарын оң жақтағы көршісінің сол тізесіне қояды, сол қолын – сол жақтағы көршісінің оң тізесіне қояды. Кеме капитаны (мектеп директоры) жүру белгісін береді- әріптесінің аяғын шапалақтап. Белгі шеңбер бойынша айналып, капитанға қайтып келеді.
Міне біз Болашаққа түстік, енді бізге өзіміздің «Ең үздік мектеп» құрастыруымыз керек. Ол үшін, ең алдымен Болашақ машина капитаны сенімді болу керек, яғни сіздер бір-бірлеріңізге сенімді командасыздар.
2 жаттығу: «Сәйкестік бойынша сапқа тұру»
Жүргізуші: - Менің белгім бойынша сапқа тұрасыздар:
- Мектептегі еңбек өтілімі бойынша жоғарыдан төменге дейін,
- Жалпы педагогикалық өтілімі бойынша төменнен жоғарыға дейін,
- Туған жылдарыңыз бойынша жоғарыдан төменге дейін,
- Қаңтардан желтоқсанға дейінгі айлар бойынша,
- Шаштарыңыздың түсіне байланысты (қарадан сарыға дейін),
Жүргізуші: Біз- командамыз! Біздің ұжымның жүрегі үпкен, ол жүрек қуана да қайғыра да алады. Ендеше, не үшін қуанып, қайғыратынымызды ажыратайық.
3 жаттығу: «Менің жүрегім ән айтады, егерде мектепте...», «Менің жүрегім қайғырады, егерде мектепте...»
Шеңбер бойынша әрбір ойынға қатысушы өзінің жүрегі не үшін қуанып, не үшін қайғыратынын аайтады. Біріншісі қуанышы туралы, екіншісі қайғыруы туралы, үшіншісі қуануы туралы... ары қарай жалғаса береді.
Жүргізуші: Мектеп өмірі қайнап жатыр. Біз сіздермен қазір «Ең үздік мектеп» болашағын жасауға саяхатқа шығамыз.
Сіздер тақтадан «Ең үздік мектеп» моделін көріп отырсыздар, оның терезесі біз үшін ашық. Біз болашаққа қалай қол жеткізерімізді білмейміз, оған жету үшін бізге мына тапсырмалар көмек береді. Ватманда әр «терезенің» тақырыбы жазылған. Алдымен ойланып алыңыздар, сосын қолдарыңыздағы бланктың оң жағына сізді- не қуантатынын, сол жағына сізді- не ренжітетінін жазасыз. Бланктерді әрбір «терезенің» тақырыбына сай толтырасыздар.
«Терезе»- тақырыбы. Пед. Тренингтің талдау сұрақтары:
1. Ұжымдағы психологиялық қарым-қатынас.
2. Мұғалімнің кәсіби өсуіне қажетті жағдайлар, мұғалімге кәсіби және әдістемелік көмек берудің нәтижелігі.
3. Ата-ана, отбасының мектеп жүйесіндегі орны..
4. Сіздің жұмысыңыздың тиімді ұйымдастырылуы және оның оқушы денсаулығына тигізер әсері.
5. Ұжымдағы қалыптасқан дәстүрлердің денсаулықты сақтау педагогикасы принциптерін жүзеге асырудағы маңызы..
Ұжым тақырыптарға байланысты 5 топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің тақырыбы бойынша 15 минут ішінде анализ жасап, дайындайды. ( Музыка қосылып тұрады). Топтардың эксперті шығып оқиды, оны «Ең үздік мектеп» моделінің ішіндегі сәйкес «терезеге» жабыстырады. Әр топ қорғап болған соң, ұжым өз ойларын білдіруге болады.
Жүргізуші: Біздің қол созған «Ең үздік мектеп», болашағымыз белгілі болды. Ал оған жету үшін кім күшін салады екен? Ендеше, барлығымыз бір-бірімізге көңіл аударайық.
Жүргізуші: Мектепте әр түрлі кадрлар жұмыс істейді. Өз лауазымдарыңызға қарай топқа бөлінесіздер: әкімшілік, бастауыш және жоғары сынып мұғалімдері, профсоюз, әлеуметтік педагог және мектеп психологі. Керемет мектеп үшін әр топ өзінің міндетін, тағы не істей алатынын жазсын. 10 минуттан кейін әр топ өз міндетін оқып, қағазды сәйкес «терезеге» бірнешеу етіп жабыстыруы керек.
Жүргізуші: - Сонымен, біз біріге отырып, «Ең үздік мектепке» қол жеткізу үшін біраз тапсырмаларды шешіп тастадық. Енді, сіздердің құрметтеріңізге үлкен музыка ойналады.
5 жаттығу «Оркестр». Сіздер музыкалық аспаптың аты жазылған карточканы аласыздар, сол аспаптың әуенінде ойнап, 5 этаптан өтесіздер.
1 этап. Әрқайсыңыз денеңіздің мүшесін немесе дауысыңызды пайдалана отырып, «Ұстазым» әнінің әуеніне саласыз.
2 этап. Ойыншылар екі адамнан бөлініп, осы әуенді дуэтте ойнайсыздар.
3 этап. Ойыншылар екі топқа бөлініп, осы әуенді қайталайсыздар.
4 этап. Барлық ұжым-бұл оркестр. Мектеп директоры – дирижер. Оркестрды басқарып, осы әуенді ойнату керек.
5 этап. Рефлекция (талдау, пікірлесу, тілек білдіру).
Кудрышева Меруерт Токтагановна
Психолог Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық қатынас моделін анықтау жолдары.
«№35орта мектеп» КММ, Өскемен қаласы.