Ұл баланы қайтарым беруге үйрету керек пе?

Ұл баланы қайтарым беруге үйрету керек пе?

Ұл ба ланы қайтарым беруге үйрету керек пе?Осындай сұрақты баласының болашағын ойлаған әрбір ана қояды. «Ұлдарға өзін ренжіткен адамдарға қайтарым беру керектігін қалай үйретуге болады (6 жасқа)», немесе «Менің ұлым 8 жаста, ол қайырымды бала, өз жасынан үлкен көрінеді. Оның проблемасы- оны құрбылары ренжіткенде ол өзін қорғай алмайды», немесе былай: «Қайтарым бере алмайды. Міне екінші жыл каратэге қатысамыз, менің ұлым спортты ұнатады және дені сау, бірақ өмірдің барлық сәтсіздіктеріне үнемі ызыңдай береді». Осындай проблемалар 6-8 жас аралығындағы ұлдардың аналарын мазалауда.

Осындай сұрақтарға жауап беру үшін, бірінші осы жастағы балалардың психологиясына көңіл бөлу керек. Осыдан кейін барып, «қорғансыздық» сияқты себептер туралы сөйлесу керек. Аяғында осы проблеманы тиімді шешу жолын табу қажет.

Сонымен, 6-7 жастағы балада ересектің бағалауынан мықты тәуелділік туындайды. Балада намыс сияқты сезім қалыптасады, ал бұл барлық ережелер мен тыйым салынғандарға деген реакцияның маңызды болуы және бала, өзіне тыйым салынғандардың бұзылуын алып жүретінін түсінеді. Балада жауапкершілік сезімі пайда болады. Және жаңа қорқыныш та туыңдайды – мойыңдалмай қаламын деген, әлеуметтік қоршаған ортаға сәйкес болмау, жақсы деп санайтындарға жақсы болмай қаламын деген. Балада анық тұжырымдама өңделеді, жақсы болу деген қандай, және бұл түсінікке не кіретінін жақсы түсінеді. Сонымен қатар, осы жастағы балаларда иланғыштық жоғары болады. Сондықтан, баланың қайтарым бере алмағаны мен өзін қорғай алмағаны келесідей болуы мүмкін:

1. Балада, «жақсы» бала деген ол басқа балалармен төбелеспейтін бала, төбелесу деген жаман, және төбелескенін үшін жазалауы мүмкін деген түсінігі қалыптасады.

2. Оның қайтарым бермегені, оның қорыққандығынан немесе бере алмағандығында емес, ол бұл тәсілді жанжалды шешу тәсілі деп санамайды.

3. Бала жанжалды шеше алмайды және келіссөзге келе алмайды, өйткені құрбылармен қарым-қатынас тәжірибесі аз және көбінесе позитивті болып келеді.

4. Барлық жанжалдар үнемі ата-аналармен ескеріледі және ата-аналар жанжалды өздеріне шешуге «дайындалуға» мүмкіндік бермейді. Оның себебі отбасыдағы тәрбиенің ерекшелігімен және ата-ананың мінезімен байланысты болуы мүмкін.

1. Отбасында барлық проблемалар жанжалсыз шешіледі, бала ешқашан жақын адамдардың қорғаныш реакцияларын қалай білдіргендерін ешқашан көрген емес.

2. Анасы-өте белсенді, қайратты, табанды, бала үшін оның барлық проблемаларын шешеді және ол үшін қиын жұмысты да атқарады.

3. Үрейлі ана - баласының әр қадамын бақылауда ұстайды, баланы кез келген күйзелістен, артық байланыстардан шектеу.

4. Баланың дербестігі дамитын кезеңде (2-3 жаста), баланы осы дербестіктен шектеген. Нәтижесінде бір мақсатқа жетудің орнына сәтсіздіктен қашу пайда болады.

Бұған себеп біреу және бірнеше болуы мүмкін. Жақсылап ойланып және еске түсіру керек, қай жерде «қателік жіберілді». Балада шектеулер мен тыйым салынғандар көп болған жоқ па, сіз оны байланыстан шектеген жоқсыз ба және ол үшін құрбыларының арасында болған жанжалды шешуге мүмкіндік жасадыңыз ба? Мүмкін бала сіздің қылықтарыңызды қайталап жатқан шығар?

Ең бірінші –баланы күш проблеманы шешеді деп үйретуге болмайды. Жекпе-жектікті басқалар тәрбиелейді, еркектің басқа тиімді сапасы - өз өзін қолға ұстай білу, шыдамды болу. Әрине, бұл жерде қорғану элементі де бар, бірақ ол екінші орында. Және сол үшін каратэге бару керек емес.

Сізге балаға деген қарым-қатынас позициясын өзгерту керек. Өзіне сенімділік тудыру, баланың кішкентай жеңісіне де дем беру мен мақұлдауға көмек көрсетеді. Қиын тапсырмаларды жиі беру керек. Әр істі соңына жеткізуді үйрету.

Балаға басқа балалармен көп араласуға мүмкіндік беру. Егер бала қайтарма бере алмаса, оған қорғаныштың басқа түрін көрсету керек. Мысалы, егер оған қол жұмсау тыйым салынса, ендеше ол өзіне қол жұмсатпауды бақылау керек, мысалы, ренжіткен адамды қатал дауыспен ескертіп, оған өзін ренжітуге мүмкіндік бермейтінін айту керек. Өзіне деген сенімділік – міне ең қажеттісі осы. Өзіне сенімді болған адамға ешкім жайдан-жай ренжітуге немес ұруға келе алмайды.

Егер бала өзін ренжіткен адамға қалай қайтарма беретіндігі туралы қиялдаса – онда оны қоштаңыз, бірақ ол агрессилы болмауы керек. Оған ренжіткен адамға қалай қайтарма беру керектігі туралы әртүрлі кейіпте ойнаңыз, және балаға күштің көмегінсіз қайтарма беруге болатындығын үйретіңіз. Сіз бірнеше тәсіл көрсетсеңіз, бала соның біреуін міндетті түрде таңдайды және оны жанжалды шешуге қолданады. Сонымен қатар, сіздің қолдауыңыз балаға сенімділік береді.

Тағы бір рет үйдегі тыйым салулар мен жазалар туралы ойланып көріңіз, ойланыңыз, сіз балаға моралді түрде қысымшылық көрсетпейсіз бе, баланың намысы шектен шыққан тыйым салулар мен жазалармен толып кеткен жоқ па. 6-8 жастағы балаға ересектердің мадақтауы мен қолдауы өте маңызды. Өз балаңызға түсінушілікпен қараңыз, оған оның ересектігі туралы, оның күшті екендігі туралы жиі айтып тұрыңыз. Сіз оған сенетініңізді дәлелдеңіз, балаңыздан ересек адамды көретініңізді және оған көмектесуге дайын екендігіңізді айтыңыз.
Светлана Сушинских
«Родителям будущих первокласников» таратылымынан

balazan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста