Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін арттыру жолдары

Адамның өз мүмкіншіліктрін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі – ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, әр кез сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды. Өзінің үнемі жолы болмайтындай сезіп, өмір сүруге деген құлшынысы азаяды, тіпті өзін жек көріп кетеді.
Оқушылардың ұяң, ұялшақ мінезін сынып жетекшілер күнделікті қарым-қатынас арқылы жақсы біледі. Ондай балаларды ортаға бейімдесе де, қызығушылығын тудыратын жұмыстар жасаса да еш нәтиже бермегенін маған келіп айтады. Мен ата-анасымен жеке сұхбаттасып, кеңестер беремін. Оқушымен де әңгіме өткіземін, ашылып сөйлеуіне күшімді саламын және баланы бақылауға аламын.

Ұялшақ, тұйық балаларды қалай айқындауға болады.
Мұндай балалар табиғатынан үндемейді, көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы еңкіш тартып тұрады, бір нәрсе айта қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқашан бетіңе тура қарамайды, тіпті қарапайым сұрақтардың өзіне әрең жауап қайтарады. Олар көбінесе, өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып келеді. Оларға абыржу, сасу, қысылу, ұялу, өзін болмашы нәрсеге кінәлі сезіну тән. Кейбір балалар табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып жүреді. Өз пікірін айтуға жасқаншақтанады. Себебі өзгелердің алдында күлкіге ұшыраймын, мазаққа қаламын деп қорқады. Егер оқушыңыздан осындай белгілерді байқасаңыз, онда оның қолынан келетін істі беріп, соны жасап шығуға бағыт-бағдар беріңіз. Бала орындап болып, сізге көрсеткенде, міндетті түрде мадақтап, ынталандырыңыз. Бұл балаға өз қолынан іс келетіндігіне сенімді болуына көмектеседі. Мадақтау – ұялшақтықты жеңудің бірден-бір жолы.
Енді бір ұялшақ балаларға тән қасиеттердің бірі – олар не нәрсені болсын жүректеріне өте жақын алады, өкпешіл болып келеді. Олар қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды, ешкімнің өзіне жақындамауын, тиіспеуін қалап тұрады. Мұндай жағдайда баланы өз іс-әрекеттеріне сенімді етіп, күшіне сендіріп үйрету керек. Баланы өз көз-қарасын дәлелдеп шығуға дағдыландыру қажет.    Кейбір балаларда ұялшақтық қиялы бәсеңдіктен, ойлау қисынының толық дамымауынан, баяу қимылдың әсерінен болып жатқандықтан, ақыл-ойды дамытуға көп көңіл аударған жөн. Әсіресе, балалар өте жоғары бағалайтын кеңпейілділік, жомарттық, ақылдылық қасиеттерін дамытуға тырысу керек.
Аса айқын, қиын және өзгерісі көп қауіпті кезең мектеп жасындағы жеткіншектік кезең. Жеткіншек балалардың көңіл-күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады. Мұндай баланың жеке басының неврозды жүйкесі мен психикасының бұзылуынан деп сипаттауға болады, оның себебі, мұғалім мен оқушы, бала мен ата-ана қатынасының бұзылуынан болады.
Жеткіншектің мінез-құлқындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталынады. Ол дегеніміз- агресивті мінез-құлық, үрей, қорқыныш, депрессия.
Қазіргі уақыт талабы - білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі – болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Мұғалімнің жүріс-тұрысы, ақыл-ой өрісі, іс-әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына қатты әсер етеді. Жеке қасиеттері арқылы әсер етумен қатар мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейім-қабілеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады.
Дүниедегі ең тамаша туынды- тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Баланы бастан демекші, мектепке алғаш келген балаға дұрыс тәрбие беру, ауытқушылықтан сақтап қалу мұғалімнің міндеті. Жақсы тәрбиемен есейген бала, ол қашанда біздің қуанышымыз. Психология ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де баланың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға мектеп мақсатты түрде ықпал ете алады.
Олар өте сезімтал, нәзік, мұғалімнің жылы жүзін, күлімсіреген көз жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған мұғалімнің оқушысы ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда адамдарға сеніммен қарау балаға қажетті аса маңызды қасиет. Осы кезде балада үлкендердің талап-тілегінен шығуға деген тырысушылық, үлкендердің көзіне түсуге деген талпыныс байқалады. Бала үлкендерге ұнауға талпыныс білдіре отырып, мінез-құлық ережелерін орындауға ұмтылады. Осы ұмтылыс барысында оның бойында ар-ұят сияқты адамгершілік сезім пайда болады.    
Оқушыңыздың физиологиялық белсенділігін бақылаңыз. Балаңыз ұнататын спорт түрлеріне көңіл бөліп, тұрақты айналысуын қадағалаңыз. Бұл балаңыздың ағзасын дамытумен бірге, назарының  басқа жаққа аумауына мүмкіндік жасайды. Әртүрлі үйірмелерге қатыссын, бірақ үйірмеге де шек қою қажет. Себебі, үйірмеге көп баратын бала стреске тез түседі.
Физиологиялық жағынан дамытуда сабақ үстінде бірнеше жаттығулар жасауға болады. Жаттығулар баланың денсаулығына ғана емес, көңіл-күйіне де әсер етеді. Түр-тұлғасына қатысты қиыншылықтар туындайды:
1. Неге ұзынмын/қысқамын? секілді сұрақтар туындайды, өзін ұнатпау байқалады.
2. Айнаға қарай береді, шашын ретке келтірмей, далаға шықпайды.
3. Безеуден құтылу үшін барлық шараға дайын келеді, әдемі көріну өте маңызды келеді
4. Спортпен айналысып, күшті көрінгісі келеді, салмағын уайымдайды.
5. Денесіндегі қатынас сәйкессіздігі туралы көп ойланып, үрейленеді.
6. Өзін қоғамдағы дене бітімі мінсіз тұлғалармен салыстырып, қапаланады. 
7. Тіпті әке-шешесінің дене бітімін қомсынып, олар үшін ұялуы немесе қайғыруы мүмкін.
8. Жыныстық даму жағынан да проблема болуы ықтимал:
Негізгі жыныстық даму (жыныстық органдардың дамуы)
Қосымша жыныстық даму (денедегі өзгерістер: дауыстың өзгеруі, безеу шығуы, мұрт,сақалдың шығуы, кеуденің өсуі т.б.)
Егер, дұрыс мағлұмат бермеген болсаңыз, бала өз бойындағы өзгерістерден ұялып, жалғыз қалуға немесе достарымен көбірек уақыт өткізуге құштарлық танытуы мүмкін.
Осындай жағдайларда балаларға қолдау көрсетіңіз, түсіністік танытыңыз, көбірек көңіл бөліңіз, сенетіндігіңізді білдіріңіз.
Ұялшақ балаларды мынадан анықтауға болады. Өзін-өзі бағалау тестісін алғанда олар өзлерін төмен көрсетеді. Содан байқап, мұғалімдер жұмыс жасаулары керек.
Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дұниесіне, басқа адамдардың ортасында өз орны т.б. бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам санасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Оқушыны сенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Адамның өзін-өзі төмен бағалауы мінез-құлықта күмәнданушылық, қызғану, іштарлық, көңілсіздік, ешкімге жоламау сияқты сипаттар арқылы көріністер табады. Ал өзін тым асыра бағалау адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, ашуланшақтық, мақтаншақтық сияқты мінез-құлықтарға апарып соғады. Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы орташа деңгейде болғаны анағұрлым жақсы.


https://goo.kz/conten

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста