Неге күліп жүру керек?
1. Күлкі адамдарды жасартады.
Әсіресе әйел адамдар көп күлетін болса, мимикалық әжімдер мен жас ұзарған сайын пайда болатын бет қыртыстары көбейіп кетеді дейді ғой. Негізі, олай емес.
Күлген кезде бет бұлшық еттері қатайып, бетке қан тарайды. Күлкі бетке жасалған жаттығу ғана емес, ерте қартаюға қарсы құрал, бет терісінің саулығы.
2. Күлкі жақсы көңіл-күй сыйлап, депрессиядан құтқарады.
Күлген кезде бет бұлшық еттері жүйке жүйесіне әсер етіп, мидың қызметін жақсартатын арнайы қызмет атқарады. Депрессия кезінде дәрігерге барып, дәрі ішіп уақыт өткізгеннен гөрі көңілді әңгімелер тыңдап, бір күліп алған оңай шығар.
Көңіл күйіңіз онша емес кезде де езуіңізді жазып, күлген болып жүріңіз. Оның өзі адамға әсер етпей қоймайды.
Шынайы жаныңызбен 1 минут күліп, 45 минутқа өміріңізді ұзартасыз.
3. Күлкі иммунитетті көтереді.
Қазіргі заманның ғалымдары күлкінің иммунитетке әсерін анықтады. Әсіресе қысты күні көп күліп жүруге тырысу керек. Себебі күлген кезде бөлінетін А иммуноглобулині адам ағзасын түрлі бактерияларды қорғайды екен.
Күлген кезде өкпенің ауа айналдыру қабілеті жақсарып, қан тамырларына көмірқышқыл газы тарайды. Ол өз кезегінде артериялды қан қысымының алдын алып, қандағы қант құрамын реттеуге көмектеседі.
4. Күлкі қан-тамырлар жүйесіне қызмет етеді.
Ғалымдар жүрегі ауыратын адамдарға жиі күліп жүруге кеңес береді. Күлкі жүрекке дене жаттығулары сияқты әсер етеді. 10 минут бойы күлген адамның қан қысымы 10-20 мм р/с –ға төмендеп, гипертонияның алдын алуға мүмкіндік туады. Күлкі қан айналым жүйесіне, тыныс алу жүйесіне оң әсер етеді.
http://www.kalaisyn.kz