Мұғалім имиджі

Мұғалім имиджі


(Жас ұстаздармен жұмыс)

Құрметті жас ұстаздар, бүгінгі «Мұғалім имиджі» атты дөңгелек стол отырысына қош келдіңіздер! Бүгін біз сіздермен ""Мұғалім имиджі" тақырыбында ой бөлісеміз.
-Келіңіздер, біз алдымен топқа бөлінеміз.
Топқа жемістер арқылы бөліну. Таңдаған жемістерін мадақтау.
Қажетті құралдар: слайд, жемістер, А4 форматты қағаздар,шарлар
1.Сіздің ойыңызша мұғалімге имидж керек пе?
А)Сізге имидж не үшін қажет?
(Әр топ өз ойлары қорғау)
Слайдтан көрсету.
Имидж – ағылшын тілінен аударғанда (бейне) деген сөз. Имидж –адамдармен қарым –қатынас жасауға көмектесетін құрал.Жалпы адаммен алғаш танысқаннан соң 5 секундта қалдырған әсері бойынша баға береміз.
2. «Менің, менің» қандай болғым келеді?
А)Үнемі болғым келеді?
Ә)Бұдан да гөрі болғым келеді?
Б) Азайтқым келеді?
Әрбір қатысушы өз жауаптарын жазады, ең соңғысын алып тастайды.
3. «Қазіргі кезде бала ұшақта, ал мұғалім арбада» педагогика дағдарысқа ұшырады.Қандай дағдарысқа ұшырады?
Педагогика екі дағдарысқа ұшырады.
1.Ақпараттық кеңістік кеңейді.
2.Ұстаз өз беделін жоғалтты.
Қатысушылар өз ойларын білдіреді.
Ойын: «Арқан»
4.Педагог құрамына қандай қасиеттер жатады?
Педагог имиджінің құрамы:
1.Бейне(адам кіргенде пайда болатын және ол кеткеннен кейінде қалатын әсер);
2.Сыртқы аспекті (мінез –құлық мәнері, жүрісі, дене қимылы,мимикасы ,киім киюі,шаш үлгісі)
3.Ішкі аспект (ой –өрісі, білімділігі,адамгершілігі,қызығушылығы )
4.Процессуальды аспект (темперамент,сөйлеу екпіні )
5.Имидждегі ең маңыздылығы:
 Өзін-өзі жоғары бағалауы;
 Оптимизм;
 Ізгілікке сену;
 Сезіну икемділігі және бәріне түсінушілікпен қарау;
 Өзгере алу икемділігі.

Осындай бойында қасиеттері бар педагог жақсы қана көрініп қоймай, өзін жақсы сезінеді,өзіне –өзі сенімді , жұмысында табысқа жетеді.
6. Педагогикалық шеберліктің қалыптасу жолдары?
Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері:қандай
 Кәсіптік білім;
 Біліктілік;
 Дағды ;
 Кәсіптік қабілет;
 Педагогикалық әдеп;
 Педагогикалық техника.
Сергіту сәті: (әрбір қатысушы шарды жарып,ішіндегі сұраққа жауап береді).
Сұрақтар:
1. Ойын түрін көрсетіңіз
2. Сергіту сәтін жасаңыз
3. Жалпы дамыту жаттығуларын жасату
4. Жаңылтпаш қайталап айтып беріңіз.
Жоғалды бес шыбын,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды бес шыбын.
5. Ән айту
6. Отан туралы тақпақ айтып беріңіз
7. Ұстазға арнап өлең жолдарын айтыңыз.
Күлімдеген,күнім деген
Қамқор болған ұстазым,
Жаны жайсаң, жайдары жан
Ұғындырған сөз сазын . Ақыпбек Сопыбеков
8. Жұмбақ жасыру
(Қатар жатқан қос білек, үстінен келер күш үдеп «Теміржол»)
9.Спорттық жаттығулардың бір түрін көрсетіңіз.

Біз кей кездері педагогикалық әдепті сақтамайтын кездеріміз болады.Бұндай қасиетті ДИДАКТОГЕНИЯ деп атаймыз. (слайдтан көрсету)
ҚР Білім туралы заңының (2007ж) 51 бабында былай делінген:
Педагог қызметкердің құқықтары мен міндеттері:
8)педагогтік әдеп нормаларын сақтауға
9)оқушылардың,тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір –қасиетін құрметтеуге міндетті. Осы заң аясында біз мынадай әдеп нормаларын сақтауымыз керек:
Өз ісіне адал болу;
Дұрыс сәлемдесе білу;
Дұрыс сөйлей білу;
Имандылық қылықтар жасау;
Қанағатшыл болу;
Дұрыс қимыл-қозғалыс пен жүріс-тұрыс.
Қатысушылар бір-бірлеріне сыйлық жасау.
Музыкалық тренинг (өмір туралы)

 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста