Күлкінің астарындағы мән
Күлкі- адам жанын сергітетін ең жақсы көмекші. Бұған қоса, күлкі арқылы адамның мінезінен де хабар алуға болады. Зер салыңыз, айналаңыздағы адамдар қалай күледі, біздің сипаттамамен салыстырыңыз.
-Дауыстап, жан тәнімен күлетін жандар-күшті, денсаулығы жақсы, ашық, ақкөңіл, көпшіл келеді.
-Тым қысқа бәсең күлкі-ақыл мен ерік жігердің, алайда ұяңдықтың да белгісі. Мұндай жандар, кез-келген ауыртпалықты оңай жеңіп шығады.
-Шиқылдап күлетіндер-кекшіл, ызақор және қызғаншақ келеді. Мұндай адамдар жұмбақ, әлсіздерді мазақ етуге құмар, ортақ әңгімелерге араласқанды ұнатпайтын болады.
-Үзік-үзік күлкі-жүйкесі шаршаған, шыдамсыз адамдарға тән.
-Дөрекі күлкі-дөрекіліктің өзімшілдіктің билікқұмарлықтың белгісі.
-Бар жан тәнімен күлу-мінезі жайлы, ашық-жарқын, көңілді жандарда болады.
-Көзінен жас аққанша күлу-ең дұрыс күлкі осы. Өйткені, ол толығымен жүйкенің шаршауын басады.
-Күрсінумен аяқталатын күлкі-жақсылықтың нышаны емес. Бұл күлкі иесінің көңіл-күйі тез құбылатынын, ашушаң, көз жасына тез ерік беретін, жасықтау адам екенін хабар береді.
-Ақырын, жұмсақ күлу-тым жұмсақ мінезсіз, тіпті еріксіз жандарға тән. Олар өзгелерге тез мойынсынады және кедергілерден қорқады.
-Үнсіз күлкі-бұл ұяңдықпен, жұмбақтықтың белгісі. Мұндай жандар іштей есептескіш, тіпті арамза болуы ықтимал.
meninkyzmetim.ucoz.kz