Балам бай-қуатты болсын десеңіз...

Балам бай-қуатты болсын десеңіз...

Қазіргі таңда Қазақстанда күйіп тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – халықтың көзсіз несиеге кіріп, қарызға батуы. Тұрақты жұмысы, қомақты жалақысы жоқ бола тұра жас та, ересек адамдар да бірнеше банктен кредит алып, онысын төлей алмай жүреді. Осындайлар «елімізде несие кешіріледі» деген сыбыс боп қала ма деп елеңдеп, несиелері кешіріліп кетсе, тағы кредит алып алсам деп алақандарын ысқылап отыратыны өтірік емес.

Несие мәселелері бойынша сарапшы Бауыржан Әбілқасымовтың айтуынша, елімізде азаматтардың жаппай қарызға батуының бір ғана себебі бар, бұл -қаржылық сауатсыздық. Өйткені ақшаны санай алмайтын, жөнімен жұмсай алмайтын адам миллиондап ақша тапса да, жеткізе алмай жүреді. Сондықтан маман бұл мәселені шешу үшін ендігі жерде балаларға жай ғана көбейту кестесін жаттатып, есеп шығарта бергеннен гөрі, қаржылық сауаттылыққа баулу керек екенін айтады.

Психологтар да, адамның ақшаға деген қарым-қатынасы бала кезінен қалыптасатынын айтып келеді. Әлеуметтік желіде небір мамандар «ақша ағынын ашамын», «қарыздан қалай құтылам», «ақшаға қатысты бала кездегі жағымсыз ойлардан арылтамын», «көп ақша табу үшін түпсананы өзгертем» деген мағынада курстар өткізіп жүргенін жиі байқаймыз. Көпшілігінің мақсаты қара халықтың сауатын ашу ма әлде өздерінің қалтасын қампайту ма, оны бір құдай біледі. Дегенмен, көп адам өзіне қажетті ақшаны тауып, оны ұқсата білу үшін білім керек екенін түсініп келеді.

Майлықожаның бір термесінде «Ептеп адам бай болмас, маңдайға құдай бермесе» дейді. Расында байлық пен бақ адам талғамай кім көрінгенге қона ма? Әлде бүгінгі заманда бұл сөздің маңызы жоғалды ма? Білімділік пен сауаттылықтың арқасында қаржылық тәуелсіздікке жетудің жолы қандай?  Қаржылық сауаттылық тақырыбын қозғап отырғандықтан осы мәселе жөнінде мамандардың пікірін тыңдап көрдік.

Тақырыпқа орай

Гаухар Өтепбергенова, мұғалім:

Әр теңгені санайды

- Меніңше, қарапайым жас отбасындағы қиындықтарды тұңғыш балалар кішкентайынан көріп өседі. Өз басымдағы жағдайдан мысал келтірейін. Қазір төртінші сыныпта оқитын ұлым бала болып ойыншыққа қызығып, тәтті-пәтті алайыншы деп қиғылықты салған емес. Балам бірінші сыныпқа барғанша пәтер жалдап тұрдық. Екінші баламен декреттік демалыста отырған кезімізде жолдасым жалғыз өзі жұмыс істеді. Бір адамның табысын пәтерақыға, тамаққа, киім-кешекке жеткізуіміз керек болды. Қарызданып жүріп үй салуды бастадық. Аядай бір бөлмеде тұрып жатқанда ақшаның жетіспеушілінен қабағымызға кірбің түскен кездер де болды. Әрине, мұның бәрі уақытша қиындықтар еді. Бірақ осының бәрін көріп өскен баланың көңілінде «ақша қиындықпен ғана келеді» деген түсінік қалыптасып қалған секілді. Бұлай дейтін себебім, балам мектепте тамақ алып жеуге берген ақшасын да ұстамай жинап жүреді. Базарға барғанда «ұнатқан ойыншығыңды ал» десек, «керек емес, менде бар ғой» деп бас тартады, алған күннің өзінде бағаларын салыстырып, ең арзанын алады.  Қарындасы дүкенде әрнәрсеге қолын созып, алғысы келіп ұмтылса, ұлым қабағын түйіп жақтырмай  тұрады. Содан кейін үнемі менен «Анашым, үй салуға алғкан кредиттерің қанша қалды, қашан бітеді» деп сұрап жүреді. Ұлымның кіп-кішкентай болып осындай үлкен мәселеге бас қатыратыны аздап алаңдатады. Бір жағынан ақшаның қадірін білгені де дұрыс шығар.

Әлия Сәрсенова, көпбалалы ана:

Біреуі ақшаны шашады, біреуі жинайды

Бір үйде қанша бала болса, әрқайсысының мінез-құлқы, санасы, болмысы әртүрлі болады ғой. Мысалы, менің үлкен қызым өте мейірімді, аңқаулау. Қолындағы соңғы тиынына көшедегі мысыққа тамақ әперуі мүмкін. Өзі аш қалса да, класындағы бала одан ақша сұраса бере салады. Ал екінші қызым мүлдем бөлек. Ол үйдің айналасындағы дүкендердің қайсысында нан арзан, қайсысында не қымбат бәрін байқап жүреді. Оны қызанақ алуға жіберсек, үш дүкенге кіріп қайсысында арзан содан алады. Егер дүкенші оған ақшасын дұрыс қайтармай қалса, сол жерде бірден ақшасын санап, өзінікін талап ете біледі. Үйдегі барлық балаға бірдей тәрибие беріп жатырмыз десек те, әр бала әртүрлі болады екен. Сондықтан психологтардың әрқайсысына өз ерекшелігін ескеріп, тәрбие беру керек дегенінің жаны бар деп ойлаймын.

Мөлдір Тоқжанова, балалар психологы:

Ауқатты отбасының балалары неге суицидке барады?

-         Әдетте, ата-аналар балаға материалдық жағдай жасауымыз керек деп, баласын әбден жайлылыққа үйретіп қояды. Үйде баланың ішкені алдында, ішпегені артында, теледидар қасында, телефоны қолында, әкесі мен анасы бар жағдайыын жасап қойған. Сондықтан бала далаға шығып ойнағысы келмейді, дамығысы келмейді. Суицид жасаған балалаларды зерттеген кезде олардың көбі ауқатты, бай, қаржысы жеткіклікті отбасынан шыққаны анықталған. Бірақ сол балалардың көбі отбасының дүние мүлкін, қаржысын өзінікі емес, тек әкесінікі немесе анасының меншігі деп қабылдаған. Осы дүниеге менің ешқандай қатысым жоқ деп ойлайды. Сондықтан әр отбасында алдымен балаға жауапкершілік жүктеу қажет. Мысалы, анасы дүкенде зат сатса, баласы арасынла соған көмектесіп тұрса немесе анасының бүкіл жасаған тірлігіне араласып жүрсе, бала өзін сол үйдің мүшесі сезінеді. Сонда ғана бала сол үйдің бүіл дүниесі оған да тиесілі екенін ұғып, қамқорлық танытады. Ақшаның қадірін түсінеді.

 

Балқия Балтабай, психолог:

Ақшаның құлы болма!

Ақша қажеттілік деп ойлап, көп адам оның құндылығын өзінен де жоғарлатып тастаған. Осындай кезде біз ақшаның құлы болып, ақша бізді басқара бастайды. Әрине, ақша керек емес деп ешкім айта алмайды. Бірақ ақшаға керегіңді сатып алатын құрал ретінде қарасақ, бәрі басқаша болар еді. Егер адам байығысы келсе, мидағы ақшаға қатысты образды өзгерткені жөн. Есіңізде болсын, не нәрсеге қандай атау бересіз, ол сізге солай қызмет етеді. Егер мида ақша жаман, ол адамды бұзады, күнәға батырады, Алладан алыстатады деген түсінік болса, ақша сізге келген кезде сол атауға қызмет етеді. Ризықтың бәрі Алланікі, менің тағдырыма жазылған байлық өзі келеді деп ойласақ, Жаратқанның құдіретіне шек келтірмесек, түсінгімізді өзгертсек, ақша да оңай келеді. Бұл тақырыпта өте көп дүние айтуға болады. Егер қаржылық сауаттылыққа қатысты айтар болсақ, әр адам ең алдымен өзінің ақшаға деген көзқарасын түзесе, балаларын да солай тәрбиелейді.

Бүгінде мамандардың біразы балаларға қаржылық сауаттылықты мектепте үйрету керек деген пікірді қолдап жүр. Әлем елдерінің тәжірибесіне сүйенсек, Ұлыбританияда, Еуропа елдерінде және АҚШ-та, Жапонияда мектепте қосымша сабақ немесе негізгі пән ретінде қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік сабақтары өткізіледі екен. Біздің елімізде де кейбір мектептерде қаржылық сауаттылық сабағы факультатив түрінде пилоттық жоба ретінде енгізілді.

Керек кеңес

Мамандардың айтуынша, баланың ақшаға деген қызығушылығы 4-5 жастан басталады екен. Психолог Ғалияш Мақашева баланы қаржылық сауаттылыққа үйретудің басы үйде ата анасының ақшаны ұқыпты, жинақы етіп ұстауынан басталатынын айтады. Егер үйде ақша әр жерде шашылып жатса, бала өскенде ақшаға жеңіл-желпі қарайды. Сондай-ақ аржылық сауаттылықты кішкентай балаға ойын түрінде жеткізген абзал, ал мектеп жасындағы балаларға күнделікті асханаға беретін ақшаны есептеп, қанша күнге жеткізетінін санатып үйретуге болады. Бала досына берген қарыз ақшасын қайтаруды, әрбір шығынын дәптерге жазуды әдетке айналдырса құба-құп. Алатын заттардың тізімін жасап, баланы дүкенге жұмсау да жақсы әдіс. Отбасымен монополия секілді үстел ойындарын ойнау да баланың ақшаға деген қарым-қатынасын, көзқарасын қалыптастырады.

P.S. Баланы ерте жастан кәсіпке баулу қажет екенін ата-бабаларымыз ежелден ескерткен. Кешегі алаш қайраткерлері де, ұлы Абай да баланы мал табуға, тірлік істеуге үйретудің қамын ойлаған абзал екенін жазды.  Ал, белгілі бизнесмен Роберт Кийосакий "Богатый папа, бед­ный папа" атты бестселлерінде баланың болашағы дұрыс тәрбие мен білімде ғана емес, ақшаны бала жастан қалай жарата білгендігінде деп жазған. Өйткені қоғамның деңгейі немесе ата-анасының байлығы жайлы баланың түсінігі күнделікті қажеттілігіне  деп берген ақшаның мөлшеріне қарап қалыптасады екен. Ал сіз қалай ойлайсыз оқырман?

Айнұр СЕНБАЕВА 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста