Бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтарының алар орны
Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А. Құнанбаевтың жетінші қара сөзі). Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Тәрбие – күрделі үдеріс. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Ата –аналардың міндеті: 1. Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармауға; 2. Мектеппен байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын, кешікпей келуін қадағалауға; 3. Балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын, адамгершілік
жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға; 4. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге; 5. Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсетуге; 6. Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбауға; 7. Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын сыйлауға; 8. Көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға; 9. Үнемі сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата –аналар жиналысына қатысып отыруға.
Ата-анаға берілетін кеңес: 1. Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз. 2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз. 3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер. 4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз. 5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі). 6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Бұл белгілерді отбасы тәрбиесінде есепке алудың маңызы зор. Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жүртшылықтың тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектен тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуте болады. Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері: § ақпараттық; § тәрбиелік-дамытушылық; § қалыптастырушылық; § қорғау-сауықтырушылық; § бақылаушылық; § тұрмыстық. Аталған өзара әрекеттің міндеттері: § ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру; § ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру;
§ бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру. Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары: § отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу; § отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру; § олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. «Ата – ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата – ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек»,- деп қазақтың ұлы ақыны,ағартушысы Мағжан Жұмабаев дәл тауып айтқан.
Алтынбеков Бағлан Турлибекович
Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы
«С.Сейфуллин атындағы ЖОМ» КММ
әлеуметтік педагог