«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»

«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылы
Жанғалиева Гүлхан Өтепбергенқызы ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі

«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»
Мақсаты:
-баланың бойындағы жағымды қасиеттерді дамытып, жағымсыз қасиеттерден арылуға, ата-анамен қарым-қатынасын жақсартуға көмектесу;
-әдепті, байсалды бала ата-ананың қуанышы екеніне көз жеткізу;
-ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге көмектесу;
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, сауалнама, психологиялық жаттығулар.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты таным-тренинг сабағымызға қош келдіңіздер!
Жүрісі:
І. Топқа бөлу;
ІІ. Ата-ана кодексімен таныстыру;
ІІІ. Ата-анаға арналған тест;
ІҮ.
Ү. Сергіту. “Мен сияқты жаса”
ҮІ. Миға шабуыл. “Сен менің әркез жадымдасың”
ҮІІ. Ситуациялық сұрақтар талдау;
ҮІІІ. “Кім мәреге бірінші жетеді?”
ІХ. Қорытынды "Үлгілі от
басы қандай болуы керек?"
Х. Рефлексия

І. Тренинг мақсатымен танысу.
ІІ. Топқа бөлу. Ата-аналарға 4 түрлі шарлар ұсынылады. шардың түстері бойынша топ
Тренинг ережесі:

ТЫҢДАЙ БІЛУ.
СӨЗДІ БӨЛМЕУ.
БЕЛСЕНДІЛІК.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ.
ТӨЗІМДІЛІК.
СЫЙЛАСТЫҚ.
ТҮСІНІСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС.
ТОПТАН ҚАЛЫС ҚАЛМАУ.
ІІІ. ата-ана кодексі:
АТА-АНАЛАР КОДЕКСІ:
МЕКТЕП КЕҢЕСІН САЙЛАУҒА ЖӘНЕ ОҒАН САЙЛАНУҒА;
МЕКТЕП КЕҢЕСІНДЕ ҚАРАУҒА ҰСЫНЫСТАР ЕНГІЗУГЕ,МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖӘНЕ МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІМЕН КЕЛІСІП
САБАҚТАР МЕН КЕҢЕСТЕРГЕ ҚАТЫСУҒА;
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМНЫҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУҒА;
МЕКТЕПТЕГІ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖАҚСАРТУҒА;
БАЛАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН, ОТБАСЫНЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАУҒА;
ДАУ, ТАЛАС ТУҒАН ЖАҒДАЙЛАРДА ПСИХОЛОГҚА, МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНЕ, ДАУДЫ ШЕШЕТІН КОМЕССИЯҒА БАРУҒА,
БАЛАНЫҢ ОҚУ ПРОФИЛІН ТАҢДАУҒА, ЖЕКЕ МҰҒАЛІМДЕР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫ МАДАҚТАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС БЕРУГЕ ҚҰҚЫЛЫ;
БАЛАНЫҢ ӨМІРІНЕ ЖАУАПТЫ БОЛУ, ОНЫҢ ӨСУІНЕ ЖАҒДАЙ  ЖАСАУ,ОТБАСЫНДА ПСИХОЛОГ, ПЕДАГОГ, ДӘРІГЕР БОЛА БІЛУ;
ОТБАСЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ІСТІҢ ОРТАҚТЫҒЫ, ӘРІ ОЛ ІСТІ АТҚАРУДА ӘРКІМ ДЕРБЕСТІГІН САҚТАУ;
ТӘРБИЕМЕН ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙ БОЛҒАН КЕЗДЕ ҒАНА ЕМЕС, ҰДАЙЫ АЙНАЛЫСУ;
БАЛАНЫ ЖАҚСЫ КӨРУ, МЕЙІРІМДІ ЖЫЛЫ СӨЗБЕН ЖЕТКІЗІП ОТЫРУ;
БАЛАНЫ ӨЗІҢІЗБЕН ТЕҢ ДӘРЕЖЕДЕ ҰСТАУ, ОЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ДЕРБЕСТІКТІ ТӘРБИЕЛЕУ;
ҮІ. Ата-анаға арналған тест:
Сіз жақын арада қоныс аудардыныз, бірақ көршілеріңіз көңіліңізден шықпады. Мекен–жайыңызды өзгертейін десеңіз балаңыз мектепке де, достарына да бауыр басып қалды. Қандай шешім қабылдайсыз?
А) пәтерімді міндетті түрде ауыстырамын
Ә) асықпай ойланып шешім қабылдаймын
Б) отбасыммен ақылдасамын. Олар не десе сол болады.
2. Балаңызға ауладағы бір сотқар күнде күн бермейді. Қандай шешім қабылдайсыз?
А) бар ашуымды бойыма жинап, тәртіп орнатуға тырысамын
Ә) баланың ата-анасымен сөйлесемін. Мүмкін олар баласының тентектігінен бейхабар болар
Б) тентектің өзімен сөйлесемін. Ер бала ғой мүмкін түсінісерміз
3. Сіздің жаңа көршілеріңіз бір-біріне қонаққа жиі барады, үнемі басқосулар жасайды, балалары мерекелерін бірге тойлайды.сізге бұл жағжай қалыпты емес, әйтсе де жаңа таныстар сізді де өз орталарына тартқысы келеді. Сіз не істейсіз?
А) асықпай байқап қараймын, мұның бәрі тегін емес
Ә) жағдайды анықтауға психолог құрбымды көмекке шақырамын. Оған дейін шақыруларынан бас тартамын, балаларымды да ойнауға жібермеймін.
Б) көршілерімнің бәрі қарапайым, біз олармен қуана араласамыз.
4. Кез келген істі тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
А) иә, әрқашан солай жасаймын
Ә) кейде ғана
Б) жоқ. Шаруамның уақытылы аяқталғанын жөн көремін
5.Сіз балаңызға ата-анасынан гөрі, ойын мен достары жақын екенін байқайсыз. Балаңыз далабезер болмас үшін не істейсіз?
А) далаға шығуға тыйым саламын
Ә) баламмен бірге серуендеуге шығамын
Б) мен де кезінде бала болғанмын. Уақыт өте бәрі өз орнына келеді. Бұған бола қорқудың еш қажеті жоқ.
Қорытындылау:
5-8 ұпай аралығында.
Сіз тамаша ата-анасыз. Ең бастысы отбасыңызды түсінеміз. Жанұяңдағы жағдайдың бәрі жатық болмаса да, шыдамдылық пен балаға деген махаббатыңыз керемет ғажайыптарды жасайтынын білесіз.
9-12 ұпай аралығында.
Сіз үшін аулаңыз ең қауіпсіз жер. Бірақ айнадағыларға күдікпен қараудан арыла алмай келесіз. Бұл әдетті тастау керек. Көршілеріңіз сіз ойлағандай жаман адамдар емес.
13-15 ұпай аралығында .
Сіздің ашуыңыздың шегі жоқ. Жағдайдың бәрін бақылап ұстауға тырысасыз. Мүмкін жанұяңызда жұмсағырақ болған жөн шығар.
Ү. Бой жазу.
“Мен сияқты жаса”
ҮІ. Миға шабуыл.
“Сен менің жадымдасың әркез” кім көп біледі?
1.Балаңыздың туған күні?
2.Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3.Балаңыз қандай өлшемді аяқ киімді киеді?
4.Балаңыздың парталас көршісі кім?
5.Бүгін сабақтан қандай баға алды?
6.Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9.Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
10.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
12.Балаңыздың сүйікті ісі?
13.Кімнің баласы математиканы жақсы көреді?
14.Көп ұйықтағанды кімнің баласы жақсы көреді?
15.Кім бірде –бір сұраққа жауап берген жоқ?
ҮІ. Ситуациялық сұрақтар. Талдау
-Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса не істер едіңіз?
Берілетін кеңес:
Балаңыздың қабілетін одан әрі дамуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бала бойында жасырын қабілет болар.
Көптеген биограф-зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдің көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым дихан, қолөнерші, аспаз ретінде көрсеткен екен.

-Кейбір ата-аналардың әрбір істеген ісіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» деп айтып жатады.
Бала ісіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
Берілетін кеңес:
Балаға “сен сала алмайсың, сен істей алмайсың”деп теріс баға беру дұрыс емес. Баланың ол іске қызығушылығы, талпынуы. Біз оның үйренуге деген талабын төмендетіп, өзіне сенімділігін жоғалтамыз. Өз-өзіне көңілі толмаушылық, сенімсіздік қалыптасады. Баланы мақтап қойсақ “Ұмтылыс” күші күшейер еді.

-Балаңыз мектепте бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес берер едіңіз?
Берілетін кеңес:
Анық себебін біліп алып, мұғаліммен тіл табысуға ықпал ету.

ҮII. “Кім мәреге бірінші жетеді?”
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты.. (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір мүшесі тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады).
“Баланы тәрбиелеу үшін әр бір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек.”
Жазушы-педагог Ж.Аймауытов
ҮІІІ. Қорытынды рефлексия

Тренингтен алған әсерімен бөлісу
-құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен бірге отырып, бала мен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты жақсартуға күш салдық. Олардың денсаулығы мықты, көңіл-күйлері көтеріңкі ақылды, мейірімді, еңбекқор болғанын тілейміз.
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын.
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын!
Ұл-қызымыз аман болсын! -дей келе бүгінгі "«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»" атты таным-тренинг сабағымыз аяқталды.

http://sabaqtar.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста