Жабал ШОЙЫНБЕТ: Тілек

Жабал ШОЙЫНБЕТ: Тілек

(әңгіме)
Қаңтар айында телефон арқылы хабарласқанымда «Күн суықтан болар, тамағым қайта-қайта ауырып жүр, әзір қатты ауырмайды алаңдама, күн жылығасын не Түркістанға, не болмаса саған Алматыға барып қалармын дәрігерге» деді. Сексенді алқымдаған анам Созақтың қақаған аязына суықтаса – суықтаған шығар, бір жағы жасы келген кәрілік шығар деп ойладым. Дегенмен әлдебір жайсыздықты жүрегім сезгендей, мұны да өзімше жамандыққа жорымай анаға деген, ауылға деген сағыныш шығар деп көңілімді демдедім.
Көп ұзамай-ақ Түркістаннан інім телефон шалды: «Анамды ауылдан алып келдім, дәрігерлерге қаратуға, саған келсін деп жатыр» дегенін ести сала ертесіне жолға шықтым. «Не ішсем де тамағымнан тіреліп өтеді, не екенін ажырата алмай отырмын» дейді жай ғана мұңайғанын білдірмей, жүзі де босаңдау тартып жүдегендей, дегенмен жүзі шырайлы, сары уайымның табы жоқ секілді, әлде білдіртпей ме?!?
Алматыға апарайын деп едім, ықылас танытпады, ең болмаса Шымкентке апарып қаратайын дегеніме: «Шаршаймын, осы жердікіне көрсетсең де жетеді, әуелі не екенін анықтап алайық та» дегеніне амалсыз көндім. Не де болса айтқанын істеуім қажет, ойындағысы болсын деп Түркістанның «мықтыларына» апардым. Әуелі Сайрамдық белгілі тәуіптің, осында тұратын баласына бардық. Тамыр ұстайды екен, обалы не керек, шешемнің жасын сұрап: «Жақында қажылыққа барып келдім», - деп бір кітапшасын сыйлап, батасын алды, әйтеуір көңіліне тимейтін сөз айтып, шығарып салды. Мен өзім жеке кіріп анығын сұрадым, ол өңеші мен асқазанның суретін салып: «Міне мына жерден басталған рак, енді көп болса екі-үш ай ғана өмірі қалды» деп кесіп айтты, әрі сендірді. Әрине оның шешімін, айтқанын шешемнен жасырғандай болдым. Келесі сол жердегі университеттің «қытай-профессоры» деген атымен белгілі тағы бір тәуіп-дәрігерге бардық. Оның негізгі құралы УЗИ тәрізді, ол да сол аты жаман ауруды айтты. «Дәрі берем, жеңілдік жасайды, жазылуы да мүмкін деді. Біреуі жыланның уынан жасалған – екі мың теңге тұрады, екіншісі әлдебір шөптен жасалған қырық мың теңге тұрады біржолғы алатының» деді. Анама айтып едім «жыланның уын ал, ішіп байқап көрейік, келесісін содан кейін алармыз» деді. Жыланның уынан жасалған дәрісін алдық (Кейіннен білдім, әлдебір шөптен деген дәрісі Қарағандылықтар жусаннан жасаған жаңа дәрі екен, құны дәріханада екі мың екен). Не керек, тағы да бір атақты деген диагностикалық Орталықтың меңгерушісіне көрінді, сөздің майын тамызатын, аурудың бабын жасайтын елгезек әйел екен, көпті көрген тәжірибелі, оның айтқан уколдарын жаздырып алдық, әйтеуір шешеме неде болса жеңілдік жасайтын ем алу қажет деп ойладым.
Айтқан жеріне апарғасын ба, дәрігерлердің сөзінен бе, қабылдап жатқан ем-домнан ба, сәл де болса көңілі көтерілейін дегендей, жүзі нұрланғандай көрінді. Анам маған көңіл-күйіндегі өзгерісті байқатқысы келмейді. Кезектен тыс демалысымды алып касында отырғаныма марқайып қалғандай, жас күнімде балалықпен, есейгесін жұмыс бастылықпен көңіл бөлмегенмін бе, әшейін де әңгіме айтуға көп уақытын жібермейтін анам, бұл жолы шешіліп сөйлеуге бейімделгендей. Тек, тамақ ішер сәт екеумізге ауыр сәт, бір-бірімізге білдіртпей аңдысу, анам ауруын, тамақ түгіл суда өтпей қиналғанын білдіргісі келмейді. «Асықпай өзім ішем, алаң болмаңдар. Әзір тоқпын, сәлден кейін ішем», - деп жүзін жасырады, өзіндегі ауыр мұңды өзі ғана біліп, басқаның жанына салмақ салғысы келмейді. Мен де анамның күйзелісін, демін ішіне тарта аһ ұрған жан арпалысын сезбеген адамдай қалып танытам. Іштей аңдысу, арпалыскан өмірдегі ананың балаға, баланың анаға деген нәзік сезіммен шуағын ғана төгер мейрімі?! Нәр татпай, бойындағы сөлі күннен-күнге суалып әлсіресе де баласының жанын жадыратар жақсылық жасауға ғана ұмтылған аналық махаббаттың әрекеті-ай, өмірге әкелген, нәрін де, барын да аямаған анамның, мың жақсылығына бір жақсылық жасай алмадым-ау деген шарасыздығым-ай?!?
Анам кей-кейде шешіліп сөйлеуі қандай тосын мінез болса, маған айтары да, қояр сұрауы да сондай тосын. «Балам, шыныңды айтшы, бір жапырақ қағаз алып кәндидат ғалым атану үшін он жылдан асты Алматыда табаныңды тоздырғаныңа, әйтеуір еңбегің жансын. Әнеукүні телевизордан сен туралы «Хабардан» оқу министрлерінің сөйлеген сөзін естіп жүрегім тіксініп қалды. Айтысына қарағанда әлдебіреулер «Абайтану» деген кітап жазып, мектепте оқытып жатқан көрінеді, күллі оқымыстылар бір жақ, сен бір жақ көрінесің, балам-ау дұшпаныңды көбейтіп қайтесің..?
- Сіз емес пе, кішкентайымнан сандықтағы Шойынбет атамның ескі бөркі мен шүберекке түйілген Түркістаннан Әзірет Сұлтаннан әкелген бір уыс топырақты көрсетіп: «Би атаңдай шындықты айт, не тапсаң да адалдан, арамдық әулетімізге жақпайды», - деп құлағыма құйған. «Алланың өзі де сөзі де рас» деген Абайды адамдарды азғыру үшін қолдан жасаған дінге кришнайт деп енгізіп, ұрпақты алдап жатса, Абай Аллаға емес көп құдайға табынған еді десе де көне берейін бе?
- Тәйт әрі, Алла сақтасын, Абайды құдайсыз еткендері несі, Алла өзің сақта, бақсы балгер де, әлгі мессонер дей ме, шатақ дін шығарушылар дей ме, көбейді ғой, отбасыңның ойранын шығарайын деген мысық тілеушілер көбейді-ау... Алла, Алла - деп анам тынысы тарылды ма, біраз күбірге басты... Сәл демалып қайта сөзін жалғастырады:
- Кандидаттың қорғауыңда кесірін тигізбесе болды ғой, әлгілер.
- Ой, олардың көпшілігі философтар қорғауыма қатыспайды, әдебиетшілердің арасында қарсылар көп емес, - деп анамды жұбатқандай болдым. «Ана, Абайдың қара сөзін зерттеп, Абайды мұсылман ете алмай жүрмін, масқара емес пе? Кеңес Одағы кезіндегі зерттеулерде Абай материалист, дінге онша сенбеген атеист, әйтеуір Ислам дінін мойындаған мұсылман емес. Еліміз тәуелсіздік алғасын шетелдік миссионерлер лап қойып, қазақтар Тәңіршілдікті, Исламды, Христиандықты қатар алып жүрген деп уағыздаса, Абай мен Шәкәрім, тіпті Мұхтар Әуезовте Буддист болған деп уағыздауда, тіпті кандидаттық, докторлық диссертация жаздырып жалған уағыздарын ғылыми түрде бекітпекші, өз елімде жүріп анталаған жаудың ортасында қалғандаймын. Ана, бұрын тек адамдарға сенуші едім, қазір тек бір Аллаға ғана сенетін болдым, көзім жеткені Алланың берген аманат жанын Алла ғана алады, сондықтан алған бетімнен қайтпаймын Ана. Егер адамдар жанның құпиясын білер болса, бір-бірін жер бетінен жоқ етіп қырар еді, Алланың құдіретін, әділеттілігін тағы да түсінгендеймін, Аллаға тәуба деймін Ана», - деп айтқым келді, айта алмадым...
***
Біраз күн болған соң, анамның рұқсатын алып Алматыға қайтып кеткенмін. Түркістаннан інім телефон шалды, ауылға, Аққолтыққа апар депті, жолға шығыпты. Менде қайта жолға шықтым, бірден Созақ ауданының орталығы Шолаққорғанға баратын автобусқа отырдым. Жол бойы көңілім босады, ағыл-тегіл жылай беремін, жүрек құрғыр бір жамандықты сезеді, іштей Алладан жалбарына бір-ақ тілек: «Е... Құдіреті күшті Жаратушы Ием сексенге келген анамды алсаң да, тек жанын қинамай алшы, анамның сөлі кетіп, еті қашқан қу сүйек тәнін, нұры кетіп бақырайған жанарын көрсетпей алшы» деп тілеймін, тілеймін де көзімнің жасын селдетем. Ауылға келіп, ақтөсекте, ақкимешегін киіп сұлқ түсіп, үнсіз жатқан анамды көргенде көңілімде босамады, жылағым да келмеді ширығып алғандаймын.
- Келдің бе, разымын балам,- деп бір серпілді де, жүзін бұрып жатты, содан қайта бұрылмады, көзін ашпады, солай жатып-ақ біреулермен сөйлескендей күбірлейді, қимылдап, дөңбекшігіндей болады, бір сәтте тұтас денесі көтерілгендей болды, кәлимаға тілімді келтірдім «Ләә илаһә ил-лаллаһ» көмектескім келді, осы сәтте ағам Болысбек пен апам Несібелі кіріп келді де, мені сыртқа шығарып жіберді, сірә қорқып қалар деп ойлаған болуы керек, сырттағылар: «Жүзінің нұры да кеткен жоқ, қиналғанда жоқ, Алла тілегін берген жақсы адам еді» дегенді құлағым шалды, анамның мың жақсылығының бір жақсылығын қайтара алдым ба деген бір үміт, бір күдікпен «ой, бауырымдаған» құшаққа ене бердім...  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста