Еркін Жаппасұлы: Дауыстан дауыл тұрғызамыз

Еркін Жаппасұлы: Дауыстан дауыл тұрғызамыз

Үш күн үшкіртіп, бес күн бақсы ойнатсаң да, өңіңді қойып, түсіңе кірер жай емес. Кеше ғана кердеңдей басьш кекіріп, май жұтып, кілегей түкіріп жүрген әкіміміз бір-ақ күнде түбі шіріген теректей орнынан опырыла құлады. «Уф-ф» дегенге желп ете қалатын қауқарсыздар кауымынан емес секілді еді, алдын-ала желдей есетін дабыра-дақпыртсыз жалпасынан кұлағанына бас шайқасып таңдай қағыстық. Сол-ақ екен, ел құлағы – елу деген емес пе, жұрт арасында соңғы жаңалық отқа май кұйғандай лапылдады:

– Ақ деп жүргеніміз ала боп шықты. Аудан экономикасын іштей үңгіп, тышқанша тасымалдапты.

Шараушылықты кезіндегі Аралдың айдынындай-ақ шалқытты ғой. «Алтын көрсе, періште де жолдан таяды» деген, Ақша-ару өзіне кімді табындырмаған. Ептеп, шетпұшпақтан жырмаласа, жырмалаған шығар. Қолында тұрғанда ертеңін ойлап, қор жинағанының несі айып?

Бұл жолы табанын тірерге таяныш таппапты. Қорғап қалуға жоғарыдағы қолдаушысының да құдіреті жетпепті.

– «Қылаң етіп қылт етіп, сылаң етіп сылт еткен» ерке кербезі бар билікті беліне байлап, көрпе астында көсемдік құрып, төсекте төрелік жасаған деседі ғой.

– Алтын сырғаны сылқымының құлағына апарып сыбырлатып қойып, саусағына кигізген бриллиант жүзікке билік айттырып, күздікке тай мен тайыншаны, соғымға ту бие мен атан түйені алып ұрып, «шіңи, шиңи дегенің шиқа-шиқа май болды» деп, шылқытып қазы мен қарта, жал мен жая шайнаған қайран күндер келмеске кетті десеңші.

Еркелетудің де жөні бар емес пе. Әйелін тым әспенсітіп жіберген ғой. «Қатынды хан тұтса, байына теке боладының» кері келген екен, ә!

«Шабаннан желмес туады, сараңнан бермес туады, саңыраудан шақырса, келмес туады» демекші, енді Құдай атасы жаман біреудің тастандысына табындыра көрмесін. Кім болса да, алаған қолы берегендер тегінен келсе екен.

Еріндік пен езуліктен төгіліп-шашылған осындай алып қашпа гөй-гөйлер құлақ тұндырады. Жел соқпаса, шөп басы қозғалған ба, қайсыбір қаңқу сөздердің жаны бары да рас еді. Әкім Джипке мініп шаруашылыктарды аралауға бет түзегенде, ерке сылқымы хор қызындай салмақтанып, судай жаңа коңыр Мерседеспен тайпалатып келіп, ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын аудан орталығының сауда-саттық жұмыстарына басшылык жасайтын. Қоймаға күнделікті келіп түсіп жататын шетелдік киім-кешектер, үнді шайы, қара тон, дубленка, кілем, паластар, басқа да асыл бұйымдар осы кісінің алдын ала дайындалаған «қолы ұзын, қайтарымы мол адамдар тізімі бойынша дүкендерге түспей-ақ, осы жерден өз иелерін табатын. Бірінші кезекте қоңыр «тұлпармен жедел түрде аудан басшыларына жеткізілетін де, қалған заттардың әрқайсысы: «Мен саған мынаны беремін, сен маған ананы әкелесің» немесе «ана тапсырманы тастай қатырып орындап келіп, мынаны аласың» деген сияқты түрлі шарт жасалып, нарықтық экономика нарқында кұны төленіп, баспа-бас айырбасқа түсетін.

Жылма-жыл шілде айында Сочиде немесе Қырым жағалауларында болып, қыздырынып, денесін күнге күйдіріп қайтпаса, құс келер уақытта ерке бикештей еті қышитыны да рас еді. Жолдамамен шетелдік сапарларға шығып тұру да оның пешенесіне жазылған басқа әйелдерден «артықшылығының» бірі болатын.

Енді, міне, сол ерке бикешті алыс сапарларға аттанарында сылаң қаққызып шығарып салып, қайтып келерінде күлім қаққызып күтіп алу жұмыстары мен қоймадағы дефицит заттарды жұрттың көзін ала бере тиісті адамдарға тасымалдап беретін тападай тал түсте жасалатын мәдениетті талан-тараждың талай-талай куәсі болған екі бірдей қызмет көлігі иесіз қаңтарылып, екі аптадан бері жымқырма жұмыссыз қалды.

...Кең көсіліп, көрпе үстінде қисайып жатып, табақтағы буы бұрқыраған кешкі асқа бес саусақты шеңгелдеп сала бергенім сол еді, көрші көшеде тұратын Малдыбай «кеш жарық» деп маңырай кірді.

Уа, Мәке түбі түскен шелекше даңғырлап, мақтап жүреді екенсің. «Дәмді астың басына, жақсы келер касына» деген, кел, кел, – деп, мақалды мәнін өзгерте тақпақтап, кұрақ ұшып, қолымдағы етті сорпасын сорғалатқан беті апарып сөның аузына тығып жібердім. Өйткені ол қанша кұрдас болғанымен, қазір әкімнің «көшірмесі», нақтылай айтқанда, кұлаған бастықтың қызметін уақытша атқарушы болатын.

Етікті шешпей жатып ет асатуың есектің емес, есті адамның ісі ғой. Қнянатқа қиятындай қатынымның қойнын бүлдіре қойған жоқ секілді едің ғой. Іріген сөзді шіріген ауыздардан күт. – Уақытша билік иесі аузы тола асты шайнап тұрып, тіліне де тыныштық берер емес.

– Қиыстыруың қисынға келеді. Аузың бүтін тісін түгел тұрғанда ішіп-жеп қал, – жетектеп апарып, қақ төрге қонжиттым.

Әзілмен әдіптеп, қалжыңмен қағытып, бір-бірімізден сыр сауыса отырып, табақтағыны сыпыра соғып сылқия тойып алдық. Кекіріп койып, сіріңкенің шиімен тіс шұқысып, сорпаны сораптауға ауысқанда құрдасымпың көкейінде кілкіп, көмейінде кептелген ұры ойын оятуға шабуыл бастадым.

– Иә, Мәке, айран сұрай келіп, ыдысыңды жасырмағаның жөн. Тіліңді тура жолға бұр, дедім алыстан орағытып.

– Аңқылдағым-ау, арғы жағымдағыны аңғарып отырған да боларсың. Аузымды ашқаннан-ақ көмекейімдегім көрініп тұрған жоқ па. Сандықтағы ақшаңа, төрдегі текеметіңе қолқа салмаймын...

– Шыдамаған жүрек жарылып кетер, құстың сүтін, қасқалдақтың қанын сұрай келсең де, майпаздамай, төте тартшы! – дедім сөзін бөліп. Бүйтіп іштен шалудағы максатым – іркілген ойын тезірек ақтарту.

–  Шабыңа шоқ түскендей тулап, алқымың ісіп, неменеге ит көздене қалдың?

–  Жыбырлақ еріндеріңдегі жымысқы сөздерді жұмбақтай бермей, ашық ағытпайсың ба!

–  Ағытсам, маған сенің дауысың керек.

– Дауысың дейді. Бағанаданғы бақылдағанымның бәрін жинап-теріп ала бермедің бе?

– Жо-жоқ, Аңқылдақ, сен мені дұрыс түсін. Бұл күндері еліміздегі «а» деп білетін адамдардан бастап, қыбырлаған жәндіктерге дейін өздерін өздері қайта құрып жатқанын жақсы білесің. Сол бетбұрыс бағытымен кешегі тыран асқан бастықтың орнына жаңа әкім халықтың қалауы бойынша, демократиялық негізде сайланып қойылмақ.

–  Өте дұрыс болған! Көбік ауыз, көк айылдарды мұндай қызметке жуытпау керек!

– Менің бар өмірім көз алдыңда өтіп жатыр. Бұрынғыларды айтпағанда, соңғы он жыл бойы тапжылмастан орынбасар боп омалып отырдым. Аз күннен бері ғана әкімнің «кешірмесі» болып күмпиюдемін. Өзің айтшы, толық әкім болып дүрілдеуге менің де қақым бар емес пе?

– Сонда маған бұйрык шығар демексің бе?

– Сайлайды деп отырса, бұйрығы несі-ей! Таяуда аудан кенсесінде үлкен жиналыс болып, сонда ішінде мен бар, басқа да бірнеше орынтақтан дәмелі адамдарды дауысқа салады. Жоқшылықта жеген жарты күлшенің дәмі кетпес деп кезінде бір үзім нанды бөлісе қаужасқан қанды көйлек құрдасына сол сайлауда бүйрегінді бұрсаң деген ғой.

–  Жоғары оқу орнына тест тапсырып, конкурстан өтем бе, өтпеймін бе деп қалтырап жүрген абитуриенттерше жаным мұрнымның ұшында тұр десеңші. Бейшара-ай, калың мүшкіл екен! Ал бүйректі бұрдым дейін, одан арғысын айтшы.

–  Жілікті жігіт, білікті мамансың. Арық койдай тырысып, сіңіріңе ілініп жүріп-ақ еңбегіңмен елдің еркесі, әріптес жұмысшыларыңның ортасындағы серкесі атандың. Сен түшкірінсең, басқалардың сіңбіріп салары сөзсіз. Біраз дауыс жинауға көмектес.

–  Сонда калай? «Әкім біздің Малдыбай болсын!» деген айқайды үй біткенді аралап жүріп, әркімнің аузынан магнитофонға жаздырып алуымыз керек пе?

– Жо-жоқ, өйтіп сенделмей-ақ, сайлау жиналысында менің ныспымды атағанда жыпырлатып жапатармағай қолдарыңды көтерсеңдер болғаны.

–  Е-е, олай болса, жұртпен жақындасып, азаматтармен ақылдасып көрейік, – дедім.

– Тағдырым өзіңнің қолыңда, сенен басқа сенерім де жоқ, – дейді аузы кемсеңдеп, көзі кілегейленіп.

–  Сенімі жоқ адамның сенері де аз болады. Үмітсіз сайтан ғана деген, кеуде ұрып, көптің атынан көку күпірлік болар. Таңғы несібені Тәңірден сұрап көрерміз, – деп соқыр үміттің сойылын ұстатып, Малдыбайды табалдырықтан ары аттатып жібердім.

...Төрт бүктетіліп төсекте жатып, ала таңды көрер көзбен атырдым. Ойды ой ұрлап, ілгергісін кейінгісі жұтып Қойып, бірін бірі тып-типыл етеді. Космос кемесіне мініп қиғылық сап қусаң да ешкайсысының ұшығынан ұстатар түрі жоқ. 

“Ойпырым-ай, - дедім өз көкірегімді өзім тырмалап. - Уакыт дегенің үнсіз жүріп-ақ үстемдік құрып тіршілік атаулыны табындырып, бас бұзарларды да дегеніне багындырып, ақыл-ес иелеріне табанын жалатып бақайшығын санатып қоятын қанды балақ құдіреттің өзі екен гой. Кеше көкке қарай көкиіп, жоғары жақтағылармен ғана ауыз жаласып, аспанмен таласып, еңістегілерді етігімен кағып, өкшесімен соғып өтетін Малдыбайлар бүгін тәубесіне келіп, тәрбиеге көніп, “төменгі таппен” төмпешік болып сөйлесуге көшіпті. Өрмекшіге ұқсап өрмегін тоқып, дәнін теріп, құмрсқаша құжынаған карапайым еңбек адамдарыныц да қолына қарға саңғырып, билікке араласатынын түсінген екен”.

Әтештің алғашқы айқайында-ақ атып тұрып, қора-копсының ұсақ-түйегін түрткілеп-шұқылауға кірістім. Сиырды табынына қосып, тезегін тазалап, қойды өрісіне жіберіп, кұмалағын сыпырып, аула ішін артық бүлдіргіштерден арылтып шығып, таңертеңгілік тамақты карныма тоғытып алып, жұмысқа жиналып жатқаным сол еді; “Қайырлы таң!“ деп қабырғаларды қақырата айкайлап, темекі түтіні ыстаған көкірегі көксау тоқтыныкінше сырылдап, түнімен сілтеген “қырық градус” ішін өртеп, ішегі аш касқырдікінше шұрылдап ауданның шаруашылық басқармасының бастығы Әпербақан жетті.

- Әдетте, алдыңа тартқан адал ас, бірер шөлмек арағымызды жеп-ішіп, соңынан әйелімді балағаттап, өзімді сабап, бала-шағама қырғидай тиіп, ұлардай шулатып кетуге кештетіп келуші едің. Ол шиқылың бұл шиқылыңа ұқсамай тұр ғой.

- Мына бір тоқтыны тамақтап, жиендерге көже-қатық болсын деп алып келдім. - Қос қанжығаға байланған ала қапты көкпардың додасына түсіп, тақымға сап тартып, білек күшімен көп ортадан олжалап әкелген лақша алдыма қарай лақтырып тастады.

- Саған қашаннан нағашылык дарып, елді есіркейтіндей ес кірген? _

- Өткен уакыт, ескі тірлікті жартасша жаңғыртып кайтесін. Қайта кұрылған деген осы болады.

- Сөзіңнін төркінін түсіндім. Саған керегі дауыс кой.

_- Төбісінде тесігің, көзіңде көріпкелің бар пәлесің-ау, оны кайдан сезіп тұрсың?

- Бұйырганын күйсеп, тып-тыныш жан бағып жүрген момақан малды пышаққа жығып, маған әкелуің етін жеп, сүйегін мүжіп, өтеуін “дауыс” қып қайтар деген бакай есебін емей, неменең?

- Ах-ха-ха, бұл жүмбактың шешуін шекілдеуікше шактың. Соған караганда, дауысынды менен бұрын еншілеп алғандар бар-ау деймін. - Көңіл түкпіріндегі ішкі дауылынан да хабар берді.

Осы сәт басыма бір пасықой сап ете қалып, алқымымнан алып, азғырмасы бар ма:

«Аттөбеліндей ғана ым-жымы іштерінде болатын ұялас топ - басшы қызметкерлердің көбі сендейлерден пара алып байып, ұрттары майланып, ұрлыққа семіріп жүрген жоқ па. Сен де тартынба, әкелді екен қайтарма. Дала тағысының аузында, қарға-кұзғынның тұмсығында да кететін бір тоқты. Үйелмелі-сүйелмелі бүлдіршіндеріңнін пайдасына шеш».

- Қорықпа, - дедім оған жүзімнен жылылык танытып. - Дауыс сенікі!

Міне, бүл осынша ғүмырымдағы өмір сахнасында ойнаған артистік алғашкы рөлім еді.

- Әп, берекелді, жарайсын! - деді аркаға кағып. - Ендеше, он бес дауыс сенің мойнында. - Солай деді де, Әпербақан атына мініп, «Ауди» машинасының кілт сұғарын бұрап жіберіп, бүлкілдете жөнелді.

Әншейінде аяғына бас ұрып жалынсаңда, малды қойып, маңына жуыктатпайтын адамның бүгін қойды өз аяғымен әкеп, қара қазаныңа салып беріп тұрғанына сенгің де келмейді екен. Бұйырған асқа дау бар ма. Бас-сирағын бөлек кесіп алып, “тонын” сыпырып, етін жіліктеп бұтарлап, тоңазытқышка тығып тастап, жұмысқа тарттым.

Күні бойы қол-аяғым қимыл үстінде болғанымен, санам сан-сакқа шабуылдауда:

«Кеше Малдыбайға үміт отын үрлетіп жіберіп, бүгің Әпербақанға уәде беруіме жол болсын. Малдекең, канша айтканмен, орынбасар ғой. Шаруашылық баскармасына қарағанда әкімдікке бір табан жақындыгы бар». - Бұл - бүйірге түртіп түрган бірінші ойым. Екіншісі кылышың сүйретіп, оған қарсы қаһарын төге төнеді, «Қайнап тұрған казіргі кезенде кәдесіз іс оңға басқан ба? Бетбұрысқа лайық қайта құрылатын уакыт жетті ғой. Бұрын асатуды гана білсең, енді асауға да машыктану - кезек күттірмсйтін озекті іс. «Құрғақ  қасық ауыз жыртады», «жалғамасыз» болса, орынбасар орнында отыра тұрсын. Таққа қарай тоқтылыны сүйреген жон”.

“Сонда параға билік беріп, әділдіктен аттап, шыңдықтың шекарасын бұзып кетуіміз керек пе? Жо-жоқ, бұлай істеу мүмкін емсс”, - деп бірінші ой екінші ойдың жолына көлденең түсіп жатып алды.

“Әкімнін “көшірмесінің" мансап үшін малып кұрбан шалмаса, да дауыс сұрап жалынып-жалбарынып, арын саудаға салуы, онығ жанының тазалығы деп тұрасың ба? Тап бұл жерде әділдік те, шындық та шекпендерін теріс жамылып жүр. Сондықган да ол екеуін ебін тауып, көз көрмеске жібере тұрып, мол бергенге жол бсру жағын ойластырсақ - біз ұтамыз”. - Текетірес соңында екінші - бүлікші ойдын ұпайы басым түсіп, жеңіске жетті. Сонымен, тоқты йесін тұғырға көтеріп қондыруга “әуп” деп көмектесер дауыс жинауға бекіндім.

Жұмыстан шаршап шығып, жығылып-сүрініп үйге келсем, есік алдына жеке меншік көк “Тойотасының” тұмсығын тіреп қойып, ауданның оргалық эмбепап сауда үйінің бастығы Көлбай отыр. Мені көргенде өлген әкесі тіріліп келгендей қуанып, есік алдында жүрген Аққұтаннан оза шауып, арсаландап алдымнан шықты. Амандық сұрап, қол алысқан беті қапсыра құшақтап апарып машинасына отырғызды да, уысында умаждалған “мыңдықтарды” төс қалтама сүңгітіп жіберіп, бір жәшік арақ пен бір жәшік сыраны арқалатты.

- Менін сауда үйімде адамның жанынан басканың бәрі бар. Ақша да жетерлік. Тек дауыс жоқ, - деді ол, салған жерден ағынан ақтарылып. - Бүйтіп көпіртіп шашып, көлдете кешіп жүретін күндер қашанғы күлімдсп тұра береді дейсің, бірде болмаса, бірде аяқ астынан қағылып, қамығып қаламын ба деп күдіктенемін. Құлдырап кетпей тұрғанда, әкімдікке жетіп алуым керек. Соған жұртыңды жұмылдыр! Халықпен тонның іиікі бауындай араласып жүрген қарапайым еңбеккерсің, әріптестеріңнің тамырын дөп басып, көңілін табу, бір келсе, сенің ғана колыңнан келеді. Мол дауысқа мені бір кенелтші, Аңқылдақжан! Жақсылығыңды көзім жұмылғанша жадымды сақтармын.

- Жарайды... жақсы, - дедім оның қолын қысып түрып. - Қазіргі жағдайда мол бергенге жол беруге дайынмын. Жиналыс өтетін күнге дейін барлық жұмысшыларды жұмылдырып, дауыстардан хор ұйымдастырып қоямын. Алаңсыз саудаңды судай сапыра бер!

- Келістік кой!

- Айттым - бітті, кестім - үзілді!

- Аузыңа - май,  астыңа - тай! - “Тойотасының" торт деңгелегі жерге бірде тиіп, бірде тимей, заулап бара жатты.

Бір ботелке сыраның калпағын тісіммен тістеп қайырып жіберіп, көмекейлете дем алмастан тарттым. Әп-сәтте-ақ жаным жадырап сала берді. Басқаларын көтеріп апарып кілетке кіргізіп, есігіне шәугімдей қара құлыпты қарауылға койдым. Сонан соң ауладағы сәкіге келіп жайгастым да, ыскырып қаратып алып, саусағымды ғана қыбырлатып, әйелімді касыма шақырдым.

-Байғұс-ау, өзіңді-өзің әкім сайлап қойганнан саумысың, әмірлісің ғой, - деп су тегін сөзімен қажай келіп, он қапталыма тізе бүкті. Шытырлатып санап  төсқалтадағы ақшаның үштен екісін бөксесінің астына бастыра қойдым.

Жұрт дауыс сатып алып жүр, ал сенің маған пара беруіңе жол болсын, - деп наздана күлімдеп, балаша алдап, қопаңдай қозғалақтаған болып, ақшаны арғы жамбасына аударып та үлігерді.

- Тыныш, дымыңды ішіңде сақта! – дедім, жан-жагыма жапалақша жалтақтап. - Осы сенбіге конақ қабылдауға камдан. Қазанға бүгінгі сәлемдемеге келген етті тұтас салатын бол. Бас-сирағы да қалмасын.

- Оларың кім тағы?

– Жаңа ғана көз алдыңда өзіңді жарылқап кеткен Көлбайды көтермелеуге көмектесетін, колдарында кұдіреті бар адамдар.

– Сорлы-ау, Әпербаөанның әңгір таяғының астында тыпырлағың келмесе, тоқтысында нең бар?

– Бәйбіше, бып деме. Ол қыстағанда өлексесінің құнын қайтарып алар. Оның есесіне сауда үйінің саңлағынан қалта толтыра қамтып қап отырганымызды ұмытпа.

– Дегеніңе құлдык, бай-еке! - деп, жамбасы астындағы «жалақысын» ышқырына қыстыра сап, томпаңдай жөнелді.

Сол сенбінің кешінде ауданның маңдай алды он бес коғалығының он бес бірдей билік иелері мен бес құрылысшы-жастар бригадасының бас жетекшілері біздің түтіннің астында бас қосып, желдей есіп желпініп отырысты. Бойларын «жынды су» жайлап жаулап, балбыратып балқыта бастады-ау дегенде, Көлбай жайлы әңгіменің тиегін ағытып кеп жібердім. Басында көбісі Көлекеңнің жылтыр жаулықтан, пом барқыттан, шетелдік етіктерден, кұндыз бөріктен, тіпті, бертін келе арақ-шараптан да қолдарын кагып тастағандарын айтып, қасарыса карсыласып бақты. Мен кұйып жатырмын. Суша сіміріп жатыр, сабаздардың тартынар бірі жоқ. Бір жарым жәшіктен «жан» кеткен шамада:

– Сендерді де айналамда арқа сүйер азаматтарым бар деп алданып жүріппін ғой. Сөйтсем, шеттеріңнен көздің кұрты- дүние-мүліктің құлына айналып кеткен безбүйрек екенсіңдер, - дегі салдым.

– Не дейді мынау?

– Апырым-ай, ә, шынымен өкпелегеніңбе?— Елеңдесіп бір-бірлеріне қарасты. Мен соққыны үстемелете түстім.

– Көңіл шіркін бір атым насыбайдан қалады деген рас екен-ау! Бұдан былай сендерге сенім білдіргенше, сол қолқасы кұрығырды суырып алып, мойныма байлап буынып өлгеніп артық болар.

– Әй, Аңқылдақ, қалжыңды түсінуден де калғансың ба? Б-біз сені қа-қайтер екен, сынайық деп... - Біреуі сөз бастады. Жұтқыздым тағы да.

– Саган, өзі, не керек, тоқ етерін айтшы, - деп екіншісі іліп ала жөнелді.

– Маған менің жарты жанымнан да жақын досым Көлбайға дауыс керек, - деп басымды соққыладым.

– С-сен үшін б-бәріне де келістік, береміз дауысты... Әкел, қүй! - деп бұйырды косыла шуылдасып. Тартқыздым. Осы оңтайлы сәтті пайдаланып, әркайсысына бір-бір көк кағаздан ұстата-ұстата қойдым.

– Мынаған әрқайсы, он-оннан дауыс сатып әкелесіңдер, менің Көлбайым үшін, яғни мен үшін, - деп шірендім.

– Сол да сөз болып па? Бүкіл қожалықтағыларды, бүкіл бригада мүшелерін орталық сауда үйіндегі серке досыңның алдына әкеп, қаз-қатар тізіп койып дауыс бергіземіз.

– Міне, міне, енді жөнге келе бастадындар. Сол адамдарыңның кез келгенін шырт ұйқыда жатқанда шошытып оятса да, қолдарын көтеріп, «Көлбай!» деп күңіренетін болсын! - Бұйыра сөйлеп тұрып, алдырып-алдырып жібердім.

–  Қорадағы койлар да «Көлбай» деп маңырайтын болады! – Қожалық косемдерінің сөзі.

– Кірпіш «Көлбай» деп каланатын болады. - Бұл барылдап отырған құрылысшы-бригадирлер жағы.

Осылайша акша мен арактың қосқабат тепкісінің тегеуріні қоймады, тілдерін шайнап, езулері көпіріп, барлығы да менің алдымда кұлдарымша жорғалады. Кері кеткелі тұрған істің бетін бері қаратам деп жүріп катты калжырағаным соншалық, сол түн тұяк серіппей талып жаттым.

Дауыс жинап, даурығып жүргенде, уақыттың ұрланғаны да байқалмапты. Әкіреңдей әкім сайлайтын күн де қылаң берді. Сәрсенбінің сәтіндегі осы бір кешкі жиналысқа қатысуға ауданның мәденнет үйіне қарай ауыл адамдары құдалары алдарына тартар қос табақ астан құр қалардай асығыс ағылды.

Мәжілісті облыстан келген өкіл бастады. Алдымен аудан экономикасына қыскаша шолу жасады. Одан басқару ісіндегі опырайған олқылықтарды тіліне тиек ете келіп, шаруашылықты аяғынан тік тұрғызып, ұршықша иіріп әкетезін іскер маман-басшы керек деген тоқ етер тоқтам айтты. Келесі мәселе бойынша, әкім тағынан үміткерлердің бірі ретінде алғашқы боп Әпербақан дауысқа түсті. Қарсы болғандар саны қостаушы дауыстардан екі есе көбейіп кетіп, Әпекеңнің танауы тасқа тиді.

Мардымсыз марапаттаушылары Малдыбайды да орнында малтықтырды.

Ендігі кезекте Көлекеңнің аты аталды. Зал іші дауылды күнгі кемедей толқыды. Жақтаушы, жанашыр «дауыстар» үні кабырғаны қақырата жаздады. Яғни көпшілік дауыспен Көлбай әкім болып діңк ете қалды.

Дауыс шығындап шөлдегендер жиналыстан соң Көлекеңнің үйінде көлдетіп отырдық.

Десе де... мөрі бар төрден дәмелерің болса, ұялмай-ақ бізге келе беріндер. Дауыстан дауыл тұрғызуға бармыз. Тек, қалталарың қалың болса, болғаны.

1992 ж.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста