Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: ЖӘКЕМ ЖӘНЕ ТАБЫЛДЫ...

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: ЖӘКЕМ ЖӘНЕ ТАБЫЛДЫ...

Сонымен Қанатбаевтын қаһарына бірінші болып Табылды ілікті. Тіс дәрігеріне барған сәтсіз "операция", автобустағы "қояндар" хикаясы... тағы басқа Такеңнің бүлдіргендері қосылып ол емтиханға жіберілмеді. Табылдың талантын бағалайтын басқа ұстаздар, тіпті деканымыз да ара түскендерiмен Қанатбаев қасарысып тұрып алды. Амал жоқ, досымыз чемоданын жинай бастады. "Е, елге барып, бір жылдай ән жазамын" деп қояды өзін өзі жұбатып кейде. "Аяштың Табылы оқудан шығып қалыпты..." деген сөз де жаман ғой" деп мұңайып қалады бір кездері. Не дейміз?.. Бір үйдің баласындай болып кетіп едік...Болатбек екеуміздің ішіміз әлем-жәлем... Қолдан келер қайран жоқ.
...Сондай күндердің бірінде үйге менің әкемнің жалғыз бауыры Жазушы көкем келе қалды. Ешқандайда жазушы емес. Аты солай. Керісінше, өнер жағын "өлтіреді". Нарынқолда тұңғыш халық театрын, тұңғыш халық оркестрiн құрғандардын бірі. Сексен күй шертетiн - менің "аңыз" ағам! Бұл жағынан Табыл екеуі кейде бір-біріне ұқсап кететіндей көрінуші еді... Мән-жайды естіген көкеміз көп ойланып жатпады. "Жүр кеттік Қанатбаевыңа, мен сенің Атыраудан келген, әкеңнiн "інісімін"... Сол жерде не айтсам да көнесің. Бірақ, шаруаны шешіп қайтамыз!" Көнбеске шара бар ма. Табылымыз Жәкеңнiң алдына түсіп жөнеп берді. Ағамыздың актерлік шеберлігіне үміт артып біз қалдық. 
...Кезекті емтиханын бітіріп, оңаша қалған Қанатбаевка екеуі кіріп бармай ма! "Осылай да осылай... Атыраудан келген әкесінің інісі едім. Бұл бір үйдің жалғызы еді. Жағдайын түсініп, бағаңызды қойып бере салыңызшы!" дегендей өтініштер кетеді ғой... Оған көне қоятын Қанатбаев па екен? Айтқанынан қайтпай отырып алыпты. Осы кезде алаңсыз тұрған досымның жағына шапалақ сарт ете түспей ме... Жәкем жағадан алып төніп келеді дейді. "Сүйекке таңба салдың сен...Елге масқара болғанша осында қалдырып кетейін...". Тағысын тағылар... Қанатбаевтың көзі шарасынан шығып барады. Ел аман, жұрт тынышта студентiн аудиторияда ағасы жазым етіп жатса, оған да абырой бола қоймас... Көзі қанталаған мынау тоқтайтын емес. Жалынғанына қарамаған соң "сұраған бағаңды қойып бере салайын.Тек мынаған тиіспеші..." деуге мәжбүр болыпты.
Қанатбаевты қатырып, сыртқа шыққан соң Табыл:
- Жәке, ұратыныңызды ескертіп қоймадыңыз ба, - деген екен қарқылдай күліп.
- Жағдайдың бұлай шиеленісерiн кім білген... Аяқ астынан актерлік "импровизация" жасауға тура келді, - депті Жәкем сабырмен...

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста