Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: ӨКПЕЛЕМЕШІ...

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: ӨКПЕЛЕМЕШІ...

...Досымның басына туған күн маған да туды. Мен де өртендім. Мен де лапылдадым. Мен де ешкімді тыңдамай махаббат деген бір сиқырдың жетегінде жүрдім.
Нарынқолда студенттердің құрылыс отрядында едік. Бір қыздан басқа өмір жоқ секілді мен үшін. Еліктің лағындай болып сол ғана жүрсе болды жанымда. Кім не демейді... Қыз туралы айтылған күпсің-күпсің сөздердің маған әсері болмады. Естісем де естімегендей болдым. Ақыры шыдамады. Табыл досым бұл әңгімені бетіме айтты. Өте қатты айтты. 
– Тоқтат! – деді. – Ертең елге күлкі болайын деп жүрсің. Мен де өртенгемін... Өзің білесің. Өлген жоқпын...
Өртенгенін айтса да өкінішін айтқан жоқ. Өзегіне өксік тіреліп жүргенін жақсы білемін...
– Сен секілді күңіреніп жүргім келмейді. Күресемін! – деймін мен. – Араласпа!
Бұл менің жеке шаруам...
Қолын бір сілтеп, түңіліп кетті. Оны да жақсы түсінемін. Ажарымен қоштасқалы қыз біткенді сайтандай көріп жүргені рас. Жан досын сайтанның торына түскендей сезініп жүр. Бір апта сөйлеспедік. Тек анда-санда аспан таулардың аясындағы шағын ауылдың шетінде Табылдың қоңыр гитарасының мұңды үні күмбірлеп тұратын. Сол күні кеш батып қалған уақыт еді. Қызара батқан күн Хан Тәңірінен аунап түсіп, көзге көрінбей кеткенде жұрт жиналып, Табылдың әнін тыңдап отырған. Бір мезетте ешкім естімеген бір әуен басталды. Үйіріп өзіне тартып бара жатқан бейтаныс әуеннің сөздері де жүрек қылын шертіп жіберді.
...Өкпелемеші, өткенде қаздар төбеңнен,
Өкінішіңді өлшерсің жырмен, өлеңмен...
Өкпелемеші, от болып жанған жүрегің,
Өмірден таппай бір емін,
Өртенеріне сенем мен...
...Өмірге деген өкпе алты ішектен аңырап шығып жатыр. Не деген зарлы еді? Айнала отырған сезімтал студент қыздардың көздерінде мөлт-мөлт жас. Еркекпін дегендердің өзі егіліп барады. Әркім өлең жолдарынан өзін тауып, танып отырғаны сөзсіз.
Өкпелемеші, өкіндірмеші құрбыңды,
Өлеңмен жуып, тастармын мен де кірбіңді,
Өкпелемеші Арманым,
Қалайша жігіт болғаным,
Өңгере алмасам бір мұңды...
Өлеңнің құдіреті-ай! Өкпе де, өзекке тірелген өксік те қайда кеткенін білмедім. Достың қолын алып, арқасынан қағып тұрғанымды өзім де байқамай қалғандаймын. Еліктің лағындай қызды іздегенмін. Еңкілдеп жылап отыр екен... 

Арман СҚАБЫЛҰЛЫ 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста