Журналистік этика кодексі бізге не береді?

Журналистік этика кодексі бізге не береді?

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында Мәдениет және ақпарат министрлігіне журналистік этика кодексін дайындауды тапсырған еді. Содан бері қаламақы, маңдай термен күнелткен журналистер мұндай құжат өзге елдерде бар ма, бұл құжат не үшін қажет, кодекс бізге не береді деген сауалдар айналасында өз топшылауларын білдіріп жатыр.

Мұндай құжат өзге елдерде бар ма?
Кеңестер Одағының шаңырағы шай­қалу­ға аз-ақ қалған 1991 жылдың 24 сәуірінде КСРО-ның конфедерациялық негіздегі Журналистер Одағының І съезі «Журналистің кәсіптік этикасының ко­дексін» қабылдаған-ды. Бұл кодекстің не­гіз­гі мақсаты демократия мен жариялылық жағдайында сөз бостандығын теріс пай­далануға жол бермей, журналисти­каның мәдениеттілігі мен әдептілік дәрежесін сақтауды қамтамасыз ету болатын. Үш бөлім, 13 баптан тұрған бұл құжаттың өмірі тым қысқа болды. Біз Тәуелсіздік алған соң бұл кодексті жылы жауып қоя салдық. Одан кейін 20 жылдан аса уақыт өтсе де, ара-тұра мәселе көтергенімізбен (2000 жылдары осындай кодекс кабылдау жайы жиі талқыланып еді), мұндай маңызды қадам жасауға асықпадық. Осы құжат негізінде 1995 жылы Белоруссия өзінің журналистік этика кодексін қабылдап алды. «Әлемдегі журналистер үшін ең қауіпті үшінші ел» саналатын Ресей де өз кодексін жасап, журналистердің ел алдындағы ар-ұят мәселесін бір ізге салуға талпынды. Зерттеушілердің пікірі бойын­ша, от пен оқтың арасында жүретін журна­лист мамандығы ғаламдағы бесінші қауіпті кәсіп екен. Мұны ескерген Литва, Жапония, Оңтүстік Корея, Украина, Қырғызстан сияқты бірқатар елде осындай құжат бар. Кейбір еуропалық мемлекеттерде әр БАҚ журналистік этика кодексін өзі дайын­дап алатын көрінеді (мысалы, ВВС, «Рейтер», «Ассошиэйтед пресс»). Ол құжат сол БАҚ-тың жарғысы іспетті қызмет атқарады, яғни мұның өзінен ол елдерде аталмыш құжаттың қажеттігі сезілетінін байқаймыз. Сол себепті де біздің алды­мыз­да халықаралық шарттарға сәйкестен­дірілген кодекс әзірлеп, қабылдау жайы тұр. 
Бұл құжат не үшін қажет?
Қазір ақпарат кеңістігі қарқынды дамып барады. Бұл қоғамдық пікір туғы­зып жатқан әр ақпараттың шынайылығы мен дәлдігіне көз жеткізуді қиындата түсу­де. Кейбір әріптестеріміз әр сөзі үшін жауап беретінін ескермей жатады. Ағымдағы жағдайға сезіммен ғана қарап, барлығын жіті зерттемей, жауапты мемлекеттік ор­ган­дардың, ведомстволардың, тым құры­ған­да сол сала маманының пікірін де ал­мас­тан, ақпарат таратады. Мұның арты сен­сация қууға, қателіктерге жол беруге әкеледі. Екінші тараптың пікірі берілме­гендіктен, бір жақты сыңар езулеп кететін жайлар да ұшырасады. Бұл журналист атына кір келтіретінін ұмытпаған жөн. Сонымен қатар нақтыланған ақпарат жур­на­­листер мен БАҚ-қа деген сенімді артты­ратынын ескермейді. Бұл – журналист кінәсі. Ал енді осы мәселенің екінші жағы­на көз жіберейік. Қазір елді дүрліктіретін ақпараттар жиі төбе көрсететін болып жүр. Мысалы, елді алаңдатар оқиға орын алды делік. Журналист дер кезінде құзыретті орын­дардан көңіл көншітер ақпар ала алмайды. Жалаң мәлімет маманның өз бетімен дерек іздеуіне түрткі болады. Мұн­дайда тілші қармағына халық арасындағы сыбыс немесе бейресми ақпараттар ілігеді. Бұл жағдайда журналисті кінәлай ал­май­сың. Сол себепті де бәрін нақтылап, ақпа­рат берушінің де, ақпарат таратушы­ның да этикалық мәдениеті қағидасын белгілеуіміз керек.
Кодекс бізге не береді?
XIX ғасырда қабылданған журналис­тер­дің декларациясы бұдан кейін қабылданған барлық журналистік этика кодексінің бас­тауы іспетті. Журналистер­дің халықара­лық этикасының негізіне шын­дық­ты жазу, ақиқатты айту, жаладан ада болу жатады. Бізде қабылданатын кодекс те осы үдеден шығуы керек. Қазір Қазақ­станда БАҚ сала­сы заңды тұрғыда реттеліп келеді. Енді моральдық ұста­ным­­дарға негізделген құжат өмірге келсе, демокра­тия деген осы екен деп, сөз бос­тандығын теріс пайдала­нып, кез келген ақпаратты анық-қанығына жетпей жатып жариялайтындардың аптығы басылар еді. Журналистің жеке басының мә­дениет­тілігі, әдептілігі, қоғам алдын­да­ғы міндеті ай­қын­далып, этика­лық мәсе­ле­лер анықталар еді. Осы ретте кодекс жобасында жур­налистің кәсіби парызы, әлеуметтік жауап­кершілігі, шын­шылдығы мен объек­тив­тілігі, адалдығы, жалпы адамзаттық құн­­ды­лықтарды дәріптеуі көрініс тауып, бір ізге түсер еді.

Сіз не дейсіз?
Өміржан ӘБДІХАЛЫҚ, Аbai.kz ақпараттық порталының шеф-редакторы:
– Журналистік этика кодексі жайлы талқылағанда бәрін заңға әкеліп тірей берудің қажеті жоқ. Себебі журналист болсын, пікір айтар маман болсын, жай ойын білдірер жеке тұлға болсын өз сөзіне заң алдында жауапты екенін жақсы біледі. Бізде Азаматтық кодекс бар. Әркім өз ойын ашық, еркін білдіруге құқылы. Белгілі бір тақырыпта пікір қайшылығы, даттау мен мақтау, сынау мен қаралау болып жатады. Осындай жайтты журналистік этикаға сай емес деп, шектеу қойып тастауға болмайды. Сол себепті де қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен журналистер бұл құжатты әр нүктесі мен үтіріне дейін қадағалауы қажет. Қазір әлеуметтік желілердегі, интернеттегі сындармен мемлекеттік орындар санаса бастады. Бұл – жақсы көрсеткіш. Тек жекелеген негізсіз ақпараттар журналистік этикаға нұқсан келтіріп жатады. Дәлелсіз ондай ақпаратты жауапты мемлекеттік органдар дер кезінде жоққа шығарып, заңға тартуы керек. Мұндай жайт, меніңше, ақпарат тарату мәдениетіне емес, қоғам мәдениетіне келіп тірелетін секілді. Қоғамдағы әлдекімнің арандатуы, бір ауыз сөзі үшін күллі журналисті кінәлауға болмайды. Сол әлдекімнің бір ауыз сөзі үшін журналистер күймеуі қажет. Бізде қаншама жат пиғылды қоғамдық бірлестік газет шығарып жатыр, қаншасының интернет сайттары бар. Алдымен олардың басшылары күні-түні интернетте отыратынын ұмытпауымыз керек қой. Олар мемлекеттік тұтастыққа қауіп төндірер түрлі дәйексіз дерек таратпайды деп айта аласыз ба? Жоқ. Ендеше, сондай қадамға баратындарды жауапкершілікке тартатын тетік те қажет бізге, яғни жат пиғыл мен мамандықтың ара-жігін ажырату керек. Өйтпей жатып, қанша кодекс қабылдасаңыз да, жалған ақпараттың жолы кесілмейді. 

БІЗДІҢ ҰСЫНЫС
1. Журналистер өз кодекстерін өздері дайындауы қажет.
2. Журналистік этика кодексінің жур­на­листерге тек пайдалы болуы жағын қарастырған жөн. Бұл ко­дексті кез келген азаматтың желеу етіп, журналисті әкімшілік немесе қылмыстық жазалауға жетелеуіне жол бермеу қажет.
3. Аймақтарда журналистика этика­сы­на қатысты семинарлар өткізу, жас және бо­лашақ журналистер арасында ағарту­шы­лық жұмыстарын ұйымдастыру мәселе­лері кодексте көрсетіліп, осы жайды ат­қару­ға Мәдениет және ақпарат министрлігі жа­уап­­ты болуы керек.
4. 1983 жылы ЮНЕСКО қабылдаған жур­налистикадағы кәсіби этиканың ха­лық­аралық принциптері сақтала оты­рып, ұлтт­ық, нәсілшілдік кемсітушілікке жол бермеу мәселесі қамтылуы қажет.

Түйін
Журналист белгілі бір топтың, таптың мүддесін ғана емес, бүкіл қоғамның мүддесін қорғауы тиіс. Жеке адамның ар-намысы мен мәртебесін қадірлеу – олардың басты парызы. Осы талаптарды ескерген жағдайда ғана әрбір журналист өз мамандығының, ұжымының беделін көтеруге қызмет етеді, кәсіби міндетін адал атқарып, оқырмандары мен көрермендерінің құрметіне бөленеді. Сол себепті де бұл құжаттың қажеттігі байқалады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста