Гаитидегі жер сілкінісі — АҚШ-тың құпия сынақтарының нәтижесі. Венесуэла Президенті Уго Чавес осылай деп мәлімдеді.
Венесуэланың атышулы Президенті Гаитидегі алапат жер сілкінісі АҚШ әскери теңіз күштерінің оқу-жаттығу сынақтарының салдарынан туындап отырғанына сенімді. Оның айтуынша, Гаитиді жермен-жексен еткен мұндай «тектоникалық қару» түбі ислам режимін ұстанатын Иранға қарсы жерді қолдан сілкінту үшін қолданылмақ. Уго Чавес осындай тосын мәлімдемесін Ресей солтүстік флоты баяндамасының деректеріне сүйеніп жасағанын жасырмады. «Ресейдің солтүстік флоты АҚШ-тың Кариб аймағындағы әрекетін 2008 жылдан бері бақылап келеді», — дейді ол.