Жастар саясатының дамуына не кедергі?

Нұрғиса Елеубеков (фото)

Саяси ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқан әлемдік ғалымдардың бірегейі Карл Манхейм жастарды қоғамдағы әлеуметтік топтардан бөліп-жарып қараған екен. Неміс зерттеушісінің пікірінше, жас буынның қоғамдағы басты міндеті – билік пен халық арасындағы делдалдық қызмет. Яғни қоғамдағы кез келген оқиғаның бастамашысы жастар болуы тиіс. Жастардың қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардан ерекшелігі сол, қоршаған ортасында болып жатқан оқиғаларға бейжай қарай алмайды. Сондықтан да болар «жастар – әркез қоғамның қозғаушы күші» деген пікір қалыптасқан.

Саяси әдебиеттерде «мүдделілер тобы» деген ұғым бар. Яғни кез келген әлеуметтік топ өз мүддесін қорғау үшін топтасып, билікке талап-тілегін білдіреді. Сондықтан да жастар саясатының динамикасы саладағы қордаланған мәселелерді шешуге атсалысуға тиіс жастар ұйымдарының әрекетіне тікелей байланысты. Ал біздегі жастар ұйымдарының халі нешік? Қауқары қандай? Міне, осы сұрақтарға өзімізше жауап іздеуді жөн көрдік.
Біздегі жастар саясатының бәсең тартуына екі үлкен себеп бар сияқты. Біріншіден, жастар саясатының өркендей алмай тұруына жастардың өзі кінәлі. Қазір біздің мемлекетте, кейбір деректер бойынша, 300-ге жуық жастар ұйымы бар екен. Кез келген жас солардың санын онға да жеткізе алмайды. Нарыққа негізделген қоғамда жастардың мемлекетке ауыз ашып отыруы – «сен тимесең, мен тимен бадырақ көздің» кері. Қоғамға қызмет жасап жүр деген ұйымдардың өзі арзан жарнамалық дүниелерден аса алып жүрген жоқ. Дағдарыс жан алқымнан алып тұрғанда онсыз да баспанасыз бола тұра, үлкен қалаларда күнелтіп жүрген қаншама жас жұмыстарынан қысқарып қалды. Олардың әлеуметтік проблемалары да жастар ұйымдарының көтеретін жүгі еді. Бірақ жастар саясатында жүрген бірде-бір құрылым осы мәселелерді көтеріп, билікке жеткізе алмады. «Жас Отан», Қазақстанның студенттер альянсы сияқты қоғамға кең танымал ұйымдар көп жағдайда мемлекеттің ұстанымын өз идеологиясы етіп көрсеткісі келетінін аңғару қиын емес. Кезінде «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары қызметінде жүргенде Дархан Қалетаевтың өзі «Жас Отанға» көңілі толмайтынын ашық жеткізген. Қазақстан көлемінде тұрақты жұмыс істеп жатқан жастар ұйымдарының ең белсендісі «Жас Отанға» басқа емес, аға буынның берген бағасы осындай. Ұлттың, тілдің проблемалары қазақ баспасөзінің меншіктеп алған мәселесі емес. Зиялыларымыз да ұлттың мәселесін қоғам болып шешуіміз қажет дегенді жиі айтады. Ал қоғамды жұмылдыру – қозғаушы күш ретіндегі жастардың міндеті. Өкінішке қарай, бұл міндетті көтере алатын жалынды жастар ұйымдары әзірге табылмай тұр. Қорыта айтқанда, жастар ұйымдарының белсенділігін кезекті науқандарда, сайлау кездерінде ғана көзіміз шалады. Сонымен қатар жастар саясатының дамуына кедергі келтіріп тұрған басқа да себептер баршылық. Елімізде әлі күнге дейін жастар мәселесімен түбегейлі айналысатын бірде-бір мемлекеттік орган жоқ. Білім және ғылым министрлігінде Жастар саясаты департаменті болғанымен де, жастар мәселесі ЖОО-да білім алып жатқан студенттермен шектеліп қана жатыр. Еуропалық мемлекеттерде жастар саясаты дұрыс жолға қойылған. Мысалы, Швеция, Чехия сынды мемлекеттерде жоғары білім алу тегін. Біздегі сияқты жастарға тек көліктерде ғана емес, қажетті құрал-жабдықтарын алу кезінде де жеңілдіктер қарастырылған. Тіпті көрші Ресейде білдей бір министрлік жастар мәселесімен тікелей айналысады. Тіпті мемлекет басшысына жастар саласына қатысты ақпараттарды жеткізіп, заң актілері мен құжаттарды сараптап ұсынатын Президент жанындағы кеңес жұмыс істейді. Ол аз десеңіз, жастарға арналған газет-журналдардан өзге радио, телеарналар бар. Ал бізде жастарға қатысты жекелеген БАҚ туралы айту әлі ертерек сияқты. Себебі біздегі «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның өзі өте ебедейсіз.

Түйін
Кез келген заң қоғамда белгілі бір қажеттілік болғанда қабылданады. Сол құжатта қордаланған мәселелердің шешілу жолдары мен іске асырылу механизмдері көрсетілуі тиіс. Ал біздегі жастарға қатысты құжатта жалпы қарау басым. Десе де жастар ұйымдары да өздеріне тиесілі міндетті шашау шығармай атқаруы қажет. Яғни қоғамдағы жас буынға қатысты проблемаларды еш бүкпесіз биліктің назарына ұсына алуы — басты міндет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста