Жарқын із қалдырған азамат

Сұрапыл соғыс жылдары еліміздің ауыл шаруашылығы саласында елеулі еңбек сіңіріп, майдан даласына қажетті азық-түлікті бекітілген жоспардан артық жеткізуге мұрындық болған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Фазыл Кәрібжановтың есімі көпшілікке мәлім. Биыл асқарбел азаматтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай, абзал ағаның артында қалған ұрпақтары, еліміздің зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері Астанада жиналып, Фазыл Кәрібжанов туралы толғана еске алды.
Қазақта «өлі разы болмай, тірі байы­май­ды» деген аталы сөз бар. Еске алу кешіне жиналғандар абзал ағаның ел экономикасын еселеуде атқарған жемісті еңбектерін, азаматтық болмысына, кісілік келбетіне қатысты естеліктер айтты. Еңбек жолын қатардағы агроном қызметінен бастаған Фазыл Кәрібжанов көрнекті мемлекет қайраткері деңгейіне көтерілді. Өз дәуренінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ауылшаруашылық бөлімі меңгерушісі, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының төра­ға­сы қызметтерін абыроймен атқарған. «Фазыл Кәрібжанов небәрі 48 жас өмір сүрді. Осы қысқа ғұмырында еліміздің эко­номикалық дамуына қосқан үлесі зор. Соғыс жылдарындағы үздік қызметі үшін ол екі рет «Құрмет белгісі» ор­де­­німен ма­ра­патталды. Оның талмас еңбегінің нәтижесінде еліміздің егіс алқабының көлемі 30 млн гектарға жетті. Ал үш жыл­дан кейін Қазақ елі мемлекетке 1 млрд 340 млн пұт астық өткізді. Бұл көрсеткіш соңғы 11 жылды қоса есептеген көрсеткіш­тер­ден де асып түсті. Осындай жетістіктері үшін Фазыл Кәрібжанов «Ленин» орденімен марапатталды», – деді ҚР мәдениет және ақ­парат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Кеш барысында министр мырза ел През­и­дентінің Фазыл Кәрібжановтың 100 жыл­ды­ғына жолдаған құттықтау хатын оқып берді.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР мәдениет және ақпарат министрі:
– Өмірдің заңдылығы солай, біреу­лер көп жасағанымен, ауыз тол­тырып айтарлықтай ештеңе тындырмайды, ал енді біреулері қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында артында жар­қын із қалдырады. Сондай тұлғалардың бірі – Фазыл Кәрібжанов. Биыл қазақ­тың ардақты ұлының дүниеге келгеніне – 100 жыл. Мерейлі датаға орай, ар­дақты ағамыздың абыройлы да жемісті ең­бектерін кеңірек танып-білу үшін еліміздің бірқатар облыстарында игі шаралар өтетін болады. Атап айтқанда, Көкшетау, Қарағанды, Солтүстік Қазақ­стан облысында, сондай-ақ Ф.Кәріб­жанов қызмет атқарған өңірлерде ме­рейлі той атап өтіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста