Жаппай диктант жазудан біз неге бас тарттық?

Жаппай диктант жазудан біз неге бас тарттық?

Жаңа спикер Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен Мәжілістің отырысында ақжолдық депутаттар маңызды ұсыныс айтып, үшбу хат жолдады. Бір айдан бері Үкіметті басқарып отырған Кәрім Мәсімовтың атына бағытталған хатты Төменгі паланатының ең жас депутаты Алмас Тұртаев жолдаған-ды.
Жас депутат өз сауалында таудан міндет жүктеген шараны қолға алуды сұрады. Бұл мәселе бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі – сауаттылық турасында.
Алмас ТҰРТАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
–Тілдің өміршеңдігі жалпы ұлттық мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Жазу сауаттылығы ойымызды өз деңгейінде жеткізетін күнделікті өмірдегі маңызды құрал және азаматтық интеллектуалды деңгейдің көрсеткіші. Өкінішке қарай қазір жастарымыздың арасында жазу мәдениетінің төмен деңгейі байқалып қалады. Мұны әлеуметтік желілерде немесе жеке жазу барысында аңғарып жүрміз. Тыныс белгілерді былай қойғанда, кейбір сөздерді құлаққа қалай естілсе солай жазып, түсініксіз жаңа сөздер пайда болған. Мұндай келеңсіздіктің алдын алуды парызымыз деп білемін.

Алмас Тұртаевтың сөзін бақсақ, азаматтарды сауатты екендіктерін байқау үшін және білімін одан әрі жетілдіруге деген ынтасын күшейтуге бағытталған халықаралық жаппай диктант жазу үрдісі қазіргі таңда жаһанның 45 елінде нәтижесін берсе керек. Мұндай шараға ұлтына, дініне, жасына, тұрмыстық жағдайына қарамастан өз еркімен түрлі адамдар, оқушылар, студенттер, шенеуніктен бастап зейнеткерге дейін қатысып, өздерінің сауатын сынап, деңгейлерін көтерген екен. Осылайша өз елін, тілін сыйлайтын миллиондаған адамдар үшін үзілмес дәстүрге айналып, жыл сайын даму үстінде. Демек, бұл үрдісті Қазақстанға енгізуге әбден болады.
Алмас ТҰРТАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
–Мәселен, жаппай диктант жазу 2010 жылы Ресейдің ең үздік қоғамдық жобасы ретінде танылып, қоғамдық байланыстарды дамытудағы ұлттық сыйлықты иеленген. Сондай-ақ, Ресейде әр түрлі ұлттардың тілінде жалпы ұлттық диктанттар өтіп тұрады. Белоруссияда 2007 жылдың ақпанынан бастап халықаралық ана тілі күнінде жалпы ұлттық диктант жазуды мемлекеттік тілде жүргізіп келе жатыр. Сондай-ақ, мұндай акциялар Польша, Франция, Украина, Қытай және АҚШ-та кең тараған. Жаппай диктант жазу бұл сауаттылық мәселесіне және сауатты хат жазу мәдениетіне назар аударуға шақыратын жыл сайынғы білім акциясы. Акцияның мәні тілек білдірушілердің барлығына бірдей өз еркімен ақысыз диктант жазғызу.

Қоғамдық шараның өзектілігі – адамдарға өздерінің қаншалықты сауатты екендігі туралы ойландыру және оны арттыруға ынталандыру. «Жаппай диктант жазу мәдениеттен шыққан стереотипті бұзуға және сауаттылықты үйретуге шақыратын тағы бар», - дейді Алмас Ұзақұлы.
Сонымен қатар, бұл акция отансүйгіштікке тәрбиелеу элементтерінің бірі ретінде әрбір азаматымыздың өз болашағына қажетті өте пайдалы шара болып есептеліп отыр. Мысалы, Ресейде жаппай диктант жазудың тақырыбы "Отанды сүю" деп аталған көрінеді. Яғни, қоғамдық сананың маңызды бөлігі ретінде отаншылдықты бағалау, қоғамның мемлекеттік рухани негіздерінің дамуының алғышарты ретінде қарастырылған.
Алмас ТҰРТАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
–«Ақ жол» партиясы еліміздің мемлекеттік тілінде, азаматтарымыздың өзіне жақын тілінде жаппай диктант шарасын "Мәңгілік ел" ұлттық идеясының тақырыбында шығарма жазу түрінде ұйымдастырып, өткізуді және оған жауаптыларды бекітіп, бұл шараны барлық қалада, елдімекендердегі барлық деңгейдегі оқу орындарында қамтып, керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп ықпал жасауларыңызды сұраймыз

Орынбор көшесі Алтын ғасырға айнала ма?
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Оңалсын Жұмабеков жұрт күтпеген ұсыныс жасады. Әркім байқай бермейтін мұндай ұсыныс бұрын-сонды айтылмаған шығар.
Халық қалаулысының ұсынысы Астанадағы бас көшелердің бірі Орынбор көшесін ауыстыруға сайды. Айтуынша, Орынбор тарих беттерінде қазақ елінің алғашқы Астанасы болғанымен, бүгінде басқа елдің қаласы. Сондықтан бұл көшенің атын өзгерту орынсыз ұсыныс емес.
Оңалсын ЖҰМАБЕКОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
–Астананың Есілдің сол жағалауынан жаңа бөлігі бой көтергенде бірнеше көшелерге Қазақстанның бірнеше бас қалаларының атауы берілді. Олар Сарайшық, Түркістан, Ақмешіт, Орынбор көшелері. Тарихтан қарағанда бұл өте орынды шешім. Сонымен қатар бүгінгі таңда Орынбор қаласы басқа мемлекеттің облыс орталығы болып саналады. Елордада екі бас көше қалыптасты. Олар Тәуелсіздік даңғылы және Орынбор көшесі. Соңғысында көптеген маңызды бас нысандар орналасқан. Көше тікелей Астана әуежайына шығады. Көптеген шетелдік делегация осы көшемен жүреді. Бұл көшеде мемлекет басшысының бастамасынан көтерілген Салтанат қақпасы орналасқан. Салтанат қақпасының мәңгілік ел атануының өзінің символикалық мәні бар. Ол халқымыздың мәңгілік болашағын, мұраттарын, елордасын, тәуелсізідігін дәріптейді. Бұл көшенің өзі еліміздің басты символдарының бірі болып тұр. Сондықтан Елордадағы басты көшенің бірі басқа мемлекеттегі қаланың атымен аталғанын дұрыс деп санаймын.Осы орайда Астанадағы Орынбор көшесін «Алтын ғасыр» даңғылы деп атауды ұсынамын. Орынбор қаласын ескерусіз қалдырмау үшін жылдан жылға кеңейіп келе жатқан қаланың жаңа көшелерінің бірін атауға болады деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста