Жаңа экологиялық партия құрылмақ

«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов экологиялық саяси партия құратындығын мәлімдеді.
«Ондай партияның қажеттігі бұрыннан туындады. Біздің партиямыздың басқа пар­тиялардан айырмашылығы — біз барлық нәр­сеге экология тұрғысынан қараймыз, себебі ол адам денсаулығы мен өміріне тіке­лей байланысты», — дейді ол. Баспасөз мәс­лихатында таратылған ақ­параттық баянда айтылғандай, партия саясаты Қазақ­стан ресурстарына ақылмен және ұқыптылықпен қарау саясатына негізделеді. «Партия мақ­саты: қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуы­ның тиімді деңгейін қамтамасыз ету. Пар­тияның міндеті: қоршаған ортаға антро­по­гендік зиянды әсерін азайту. Экожүйені сақтау және қалпына келтіру. Қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін жетілдіру», – делінген ақпараттық баянда.
М. Елеусізов атап көрсеткендей, пар­тияны құру идеясы жастардың «Ағаш отыр­ғыз» экологиялық қозғалысынан туын­дады. Ол қозғалыстың өкілдері оған осын­дай ұсыныспен шығыпты. Бірақ әзірге пар­тияны құру енді басталып жатыр және оның аты да белгісіз.
«Мен бұрыннан қалыптасып қалған «Қазақстан жасылдар партиясы «Табиғат» дегенді ұсынып отырмын. «Зеленных» деген сөз орыс тілділерге түсінікті болса, «Табиғат» деген бөлігі қазақтілділерге түсінікті. Бізде әзірге тек бастамашыл топ бар. Жақында ұйымдастыру комитетін құрамыз. Тез арада бағдарламасын, жар­ғысын жасап, съезге дайындық жұмыс­тарына кірісу керек. Одан соң 40 мың қол жинау керек. Бізді ешкім де қаржылай қолдап отырған жоқ, бізде ешқандай қаражат та жоқ. Мен кез келген партия олигарх-алпауыттар есебінен емес, мүше­лік жарналар есебінен күн көрулері тиіс деп есептеймін», – деп түсіндірді М. Елеу­сізов.
Оның айтуынша, «Табиғат» экологиялық одағы партияға айналмайды. «Партия бас­қа ұстанымдар негізінде құрылады. Егер біз тек экология мәселелерімен айна­лыс­сақ, партия барлығымен – экономика, мәде­ниет, білім проблемасымен, қоғамның барлық тыныс-тіршілігімен айналысатын болады», – деп ол атап көрсетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста