Ұлттық нақыштағы кәстөмге сұраныстың болмауы патриоттықтың төмендігіне байланысты – маман

«Алаш айнасы» сұрастырған маман ұлттық нақыштағы киімге сұраныстың болмауын қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімі деңгейінің төмендігімен түсіндірсе, ал тұтынушылар бұған қымбат баға кінәлі дейді...
Кеше әлеуметтік желіде орналасқан ұлттық нақышта қазіргі сәнге ыңғайланып тігілген кәстөмдегі бір мемлекеттік қызметкердің суретін оқырмандарымызға ұсынған болатынбыз. Мақсат - ұлттық киімді барша мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орнында киюін насихаттау еді.
Сөйтіп не болса да мұны өзімізден бастайық деп ойладық. Жасыратын несі бар, масқара болғанда қызметкерлеріміздің ешқайсысында оюлы кәстөм болмай шықты. Әрине, шапан мен кәжекей бір-бір үйден табылады. Бірақ кәстөмнің жөні бөлек қой. Тіпті, арамызда оны жалға алып суретке түсейік дегендер де табылды. Өйтуге де болар еді. Алайда бізді бұл мәселенің басқа қыры алаңдатады...
Ең алдымен, Алматының Көк базарына бардық. Ұлттық киімдер сататын нүктеден әйелдерге арналған ассортимент көп екенін байқадық, ал ерлердікі шапан және қалпақпен шектелген. Ер кәстөмін басқа жерлерден де таппадық. Демек, ол жаппай сатылымда жоқ, тіпті арзан, сапасызы да.
Келесі кезекте ғаламтордан ұлттық киім брендімен танымал Алматыдағы сән үйлерінің каталогын парақтадық. Бірақ ол арадан да ел ағаларына арналған кәстөм-шалбарды байқай алмадық. Ал шапанның нешеме түрі жетіп артылады. Алайда шапан күнделікті киіске ыңғайсыз секілді... Ақыры сәнгерлердің өзіне хабарласуды жөн деп таптық.
«Ұлттық нақыштағы кәстөмге сұраныстың болмауы тілге байланысты» дейді «Мақпал» сән ательесінің төрайымы Базила Кәкенова.
­ Бұл арада мәселе ұлттық киім өндірісінде емес. Адамдардың ұлттық сана-сезімінде. Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай біздің ұлттық сана-сезімде үлкен сілкініс болды деп айта алмаймын. Неге бұлай екенін мен білмеймін. Қазақстандықтарды қазақ тілінде сөйлеуге енді-енді үйретіп келеміз. Бұл тілмен келетін нәрсе. Тіл арқылы дәстүрімізді, қазақтығымызды жаңғыртамыз. Міне, сол кезде ұлттық киімдердің жаппай сатылымы бір жолға қойылуы керек. Әйтпесе, өз басым, күнделікті жұмысымда ұлттық нақыштағы киімдердің көптеп өткенін кездестірмедім.
Сондай-ақ Базила апай: «Әрине, арнайы тапсырыспен кәстөм тіктіретіндер бар, бірақ олардың саны шектеулі. Онда да Наурыз мерекесіне, тағы бір іс-шараларға қатысу үшін тіктіреді. Көбісі қазақи оюдың, өрнектің көзге онша байқалмауын қатты қадағалайды. Соңғы кездері ұлттық кәстөм-шалбар үйлену тойы үшін көптеп сатып алына бастады. Оған да тәубе. Оның өзінде осы араға келген жас жұбайлар ұзақ дауласып жатады. Біреуі киеміз дейді, біреуі кимейміз дейді. Міне, одан ары қарай тұтыну көлемі шектеледі. Ал тұтынушысы жоқ тауарды өндіру кез келген кәсіпкер үшін тиімсіз» дейді.
Жалпылай алғанда, орташа есеппен ер адамның ұлттық кәстөмін кем дегенде 80 мың теңгеге тіктіруге болады екен.
Әрине, Базила апайдың айтып отырғаны белгілі бір деңгейде дұрыс та шығар. Маркетингтік зерттеулер осындай қорытынды да беріп жатқан болар. Алайда біз сұрастырған қарапайым тұрғындардың бұл реттегі пікірі мүлде басқалай.
«Бұл арада тіл де, патриоттық деңгей де емес, тауардың құны көп рөл атқарады» дейді тұтынушылар.
Еркебек, мұғалім:
­ Біздегі әйелдер арнайы тіктіріп алады. Әп-әдемі. Бағасы қанша екенін білмеймін. Ал еркектер жағынан қиындық бары рас. Мектеп атынан бір-екі ұлттық нақыштағы кәстөм-шалбар алдыртып қойғанбыз. Оны арнайы сабақ өткізгенде, Наурыз мерекесін тойлағанда киеміз. Егер жаппай сатылымда ұлттық нақыштағы кәстөм-шалбар болса, кез келген еркек ойланбай алар еді деп ойлаймын. Бірақ, өз басым, базардан көрмеппін.
Сержан, қаржыгер:
­ Мен киер едім. Бірақ ондай дүкенді көргенім жоқ. Егер сапалы, жоғары талғаммен тігілсе, ұлттық кәстөмді сатып алар едім. Жалпы, бізде сапалы дүние аз ғой...
Мереке, дәрігер:
- Отбасыммен Қытайдан келгенімізге 10 жылдың жүзі боп қалды. Өзіммен ала келген ұлттық нақыштағы кәстөмім бар-тұғын. Ол ескіріп, қысқарып қалды. Қытайдан жаңасын алдыртуға уақыт болмай жүр. Ал біздің базардағылардың сапасы маған мүлде ұнамайды. Матасы нашар, ою-өрнектері де біркелкі түсе бермейді. Алматыда ұлттық киім орталығы бар, ондағы баға удай қымбат. Жалға алу құнының өзі кем дегенде 1000 долларды маңайлап қалады. Ал ондай ақшаға кәстөм алу кез келгеннің жағдайы көтермейді.
Кейкі, көлік жүргізушісі:
­ Мен ұлттық нақышқа қатты қызығам. Таяуда қонақ бөлмемнің төбесін жаңаладым. Оған қошқар мүйіз ою салдым. Себебі жуырда бір досымнан бұл ою түрінің бақ-қуатты білдіретінін, отбасыға береке шақыратынын білдім. Енді көлігіме де сондай ою сап алсам ба деп жүрмін...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста