Ұлт тарихына ұлы бетбұрыс басталды

Ұлт тарихына ұлы бетбұрыс басталды

Кезінде ғұлама ғалым, тарихшы Лев Гумилев қазақтарды «пассионар халық» деп атап, олар өзінің соңынан көптеген ұлт пен ұлыстарды жетелейтінін айтқан еді. Сол кезде қазақ халқы дамудың шырқау шыңына жетуі тиіс. Ғалымның бұл болжамына негіз болатын бастама кеше оның өз атындағы Еуразия ұлттық университетінде көтерілді. Ол жерде Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің және еліміздің алдыңғы қатарлы тарихшылар қауымының қатысуымен Қазақстан тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы өтіп, қазақтың төл тарихын жаңаша жазудың негізгі мақсат-міндеттері айқындалды.

Қазіргі тарихшының міндеті қандай?
Мемлекеттік хатшы атап көрсеткендей, бүгінгі жа­һандану жағдайында қазақ ұлтының бірегей болмысын сақтап қана қоймай, халқымыздың мәдени «коды»: тілі, руханияты, салт-дәстүрі және мәдениетін шыңдай түсу керек. Әлбетте, осы уақытқа дейін ел ғалымдары кәсіби еркіндікке ие болып, тарихтың ақтандақ беттерін ашуға мүмкіндік алды. Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында тарихшы мамандар даярланады. Олар сан алуан ғылыми қауымдастықтар аясында жұмыс істеп келеді. Былайша айтқанда, бізде тарих бойынша ғылыми әлеует бар сияқты. Дегенмен бүгінгі заман ағымы тарих ғылымына жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етіп отыр. «Қазіргі тарихшы ұлттық та­рихты қайдағы бір әмбебап заңдылықтардың қасаң қа­лыптарына салмауы шарт. Ол ұлт тарихының бірегей әрі жанды «ағзасының» қалайша дамитынын жете тү­сінуі тиіс.

Зиябек Қабылдинов, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Бүгін тарих мәселесіне қатысты жақсы әңгіме болды. Билік тарихшылармен кездесіп, егемендіктің 22 жылында осы салада қандай өзгерістер болды және тәуелсіз елдің жаңа тарихы қалай жазылуы тиіс деген аса өзекті жайттар қозғалды. Тарихшылар та­рапынан жақсы ұсыныстар да айтылды. Бұл тұста Мемлекеттік хат­шы Марат Тәжиннің қорытынды сөзінде айтқан пікірлері мен ай­қындап берген бағыт-бағдарлар ерекше назар аударарлық деп ойлаймын. Бұл жиын іс жүзінде биліктің ұлт тарихына бет­бұ­рыс жасағанын көрсетті. Тарихқа қатысты келелі ой қозғап, мем­лекеттік биліктің жоғары деңгейінде осылайша назар ау­дару бұған дейін болмаған еді. Сондықтан мұнда айтылған пі­кір­лер мен ұсыныстар сөз жүзінде қалмай іске асырылса, бұдан ары қарай да осылай болуы қадағаланса деймін.
Нәбижан Мұхамедханұлы, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің та­рих­шылардың қазіргі міндеті, болашақта не іс­теуі керек, тарихты қандай тұжырымдамада қа­рас­ты­рып, қандай әдістеме қолдануы қажет деген ба­ғытта айтқан пікірлерінің барлығы біздер үшін та­рихты зерттеуде басшылыққа алатын ұс­та­ным­дар деп есептеймін. Бүгінгі жиыннан кейін мен Тәуелсіздіктің 20 жылынан бері қарайғы та­рих ғылымы қазір бір өрлеу кезеңіне аяқ басты деп ай­та аламын. Демек, бұл жиын тарихшыларға ша­­быт береді. Біздің ұлттық тарихымыз жаңа дең­­­гей­де, халық­аралық өреде қазіргі өркениет, мә­­де­ниет тұр­ғы­сынан жазылады деп сенемін. Оған та­рих­­шылардың мүм­кін­дігі де, материалдық-кадр­­­лық даяр­лық­тары да бар. Сондықтан мем­­­лекет тұрғысынан бүгінгідей қолдау тарих ғы­лы­мы­ның жаңа көкжиегін ашып отыр.

Қаржаубай Сартқожаұлы, түрколог, филология ғылымының докторы:
– Ұлттық тарихты зерделеуге байланысты бүгінгідей жи­налыс Тәуелсіз Қазақстанның тарихында болмаған. Қа­зақ тарихы дегеніміз – қазақ халқының тағдыры деген сөз. Мына көршілес Қытай мемлекеті қытайдың 25 ди­нас­тия­сының тарихын білмейтін адамды үкіметтік ла­уа­зымды қыз­метке қоймайды. Бүгінгі шараның ауанына қарап біз де сондай жағдайға келетін шығармыз деп ойлап отырмын. Өйт­кені ұлттық тарихты көтеру дегеніңіз – Қазақ ұлтын кө­теру! Ұлттық тарихын, тілін білмейінше, елін басқарып, эко­номикасын жүргізу мүмкін емес. Сон­дықтан бүгінгі жи­налыс керемет жиналыс болды. Бұл – тек қана тарих­шы­лар­дың жиналысы емес, Қазақ хал­қы­ның келешегіне жол аш­қан аса маңызды жиналыс болды деп бағалаймын.
Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Осы Тәуелсіздіктің 22 жылдық тарихында отандық тарих турасында күткен әңгімеміздің бірі осы болатын. Мемлекеттік хатшы бү­гін отандық тарихты зерттеу мен оқытудың іргелі мәселелерін қоз­ғады деп санаймын. Мемлекеттік хатшы тарихты зерттеудің ме­то­дологиясымен бірге оның тілі де өзгеруі тиістігін айтты. Дұрыс қо­йылған нәрсе. Сонымен қатар ұлт тарихын соңғы бес ғасырмен шектеу дұрыс еместігін, ұлттық тарихтың тамыры ар жақта жатқанын айтып, оған әлемдік контексте қарау, жасық ойлар мен жасық тұжырымдардан арылту қажеттігін алға тартты. Өкі­нішке қарай, біздің ұлттық тари­хы­мызда жасық ойлар мен тұжырымдар қап­тап жүр. Біз көп жағдайда ресейлік методологияға, еуроцентристік көзқарасқа тәуелді болып келдік. Мұндай ескі тұжырым, ұстаныммен біз жаңа тарихты жаза алмаймыз. Жаңа тарихты жазу үшін жаңаша, тың әрі тәуелсіз ұстаным керек. Мемлекеттік хатшы осы тұрғыдан жақсы бағыт-бағдар көрсетті. Тағы бір көңіл аударатын нәрсе – ұлттық тарих, мейлі ол зерттеу болсын, оқыту болсын, мемлекеттік мәртебеге лайық болуы керек. Яғни лайықты дәрежеде зерттеліп, лайықты дәрежеде оқытылуы тиіс. Мұны да М. Тәжин мырза қорытынды сөзінде атап айтты.

Бүгінде қазақ тарихының әдебиет пен мұ­рағат дереккөздеріне негізделмей тұр­ғанын ашық айтумыз қажет. Еуро­центризм­мен әбден уланған шетелдік кө­пес­тердің, барлаушылардың, әскери адам­дардың немесе географтардың қазақ та­рихы туралы жазбаларына сыни тал­даусыз, сөзсіз ақиқат деп қарауға бола ма? Біз ол дереккөздердің бәрін байыпты түрде қайта пайымдауға, бүгінгі ғылымның биігінен қарағанда олардың көбіне-көп қазіргі үлгі-қалыптар бойынша ешқандай сын көтермейтінін түсінуге тиіспіз. Мә­се­лен, ешбір ғалым бүгінде Англия тарихын Ма­колейдің немесе Франция тарихын Миш­ленің еңбектеріне сүйеніп зерттемейді ғой? Қазіргі заманғы социобиология мен ан­тропологияның жетістіктерінен кейін мем­лекеттің шығу тарихын Энгельс мә­тіндері бойынша оқыту күлкілі болар еді. Бы­лайша айтқанда, бүгін тарих ғылы­мын­да ескі әдіс-тәсілдерден бас тартып, зерт­теулерді өзге арнада жүргізу үдерісі болып жатыр. Біз ұлттық тарихымызға форма­ция­лық көзқарас тұрғысынан қарап, Түркі қа­ғанаттарының бірегей өркениетін ерте феодализм терминдерімен пайымдайтын болсақ, ештеңені де түсіне алмаймыз және қара дүрсін сұлбаны қайталай береміз. Сол сияқты егер қазақтар этногенезін марк­сис­тік структурализм аясында қарастырсақ, онда біз кезекті тығырыққа тірелеміз. Себебі ескірген ғылыми тілдің арқасында бүгінгі ғылымның биігіне шыға алмайсың. Сондықтан біздің тарихнамамыздың өзінің әдістемелік және тілдік сипатын барынша өзгерту керек», – дейді М.Тәжин.
Сақтар тарихын кеңінен зерттеу керек
Әлбетте, ұлттың бүгінгі тарихын қайта жа­зып шығу қиын емес. Оған кейбір са­уатсыз тарихшылардың еңбектерін алып қа­расақ та жеткілікті. Алайда оны ұлттық тарих деп айта алмаймыз. Себебі онда шын­дық жоқ. Осыған байланысты Қазақ­стан­ның қалыптасқан белесінде біз өз тари­хымызды осы заманғы ғылым биігінен па­йым­дап, оның ұлттық бейнесін қа­лып­тастыруға тиіспіз. Ұлттық тарих тұтас, ал ондағы оқиғалар мен үдерістер бір-бірінің сипатын ашуы шарт. Өкінішке қарай, біздің бұған дейінгі тарихографиямыз тек 500 жылмен ғана шектеліп келген. Шын­туай­тын­да, қазақ ұлтының тарихы, кем де­генде, бірінші ғасырдың екінші жартысына де­йін барады. «Қазақстанның қазіргі ау­мағы, көп жағдайда, қазақ этносын қа­лып­тастырған тайпалардың таралу аймағы деп саналады. Алайда ол тайпалардың XV ғасырда аяқ астынан қалыптаса қалмағаны айдан анық. Қазақ этносының қалыптасуы – талай мыңжылдықтарға созылған үдеріс. Өкінішке қарай, ол жеткілікті деңгейде зерт­телмей жатыр. Біздің ғалымдар әлі күнге дейін көне түркілік Дешті Қыпшақ да­ла­сындағы ертедегі мемлекеттік құры­лым­дардың құрылуы мен ыдырауы, түркі-қыпшақ жұртының таралу аймағы, Еуразия топономикасының тарихы және тағы басқа да аса күрделі әрі ауқымды тақырыптарды жаңа көзқарас тұрғысынан қарастырмай ке­леді. Ал біздің заманымызға дейін III дә­уір­де біздің жерімізде көшпенділердің ал­ғашқы ірі империясы қалыптасып, көп ұза­май, ол Забайкальеден Тибетке дейін, Ор­талық Азиядан Хуанхэға дейінгі алып ай­маққа ие болған жоқ па?» – деп атап көр­­сетті М.Тәжин. Осы орайда ол сақ мә­де­­ниетін, әсіресе Арал бойын мекендеген мас­­сагеттерді, Жетісу жерінде болған ти­гра­хауд-сақтарды және Шығыс Қазақстан мен Алтай жерін мекен еткен аримпас­тар­дың тарихын тереңдей зерттеу қажеттігін жет­кізді. Қаңлы мен Ғұн дәуірі дербес ғылыми еңбектерді қажет етеді. Ал Ежелгі түркі мемлекеті, Түргеш және Қарлұқ қа­ға­наттарының тарихы басты назарда бо­луы шарт. Себебі қазақтардың түркілік бол­мысы сол дәуірден бастау алады. «Соңғы барлық тарихи жәдігерлер, оның ішін­де «бірінші Алтын адам» – 70-жыл­дары Есік қорғанында табылған сақ сар­ба­зы, «екінші Алтын адам» – 1999 жы­лы Атырау облысында қазылған сармат сарбазы, 2002 жылы Шығыс Қазақстан об­лысында табылған «үшінші Алтын адам», Берелдегі хан қорымы, сондай-ақ 2011 жылы Қарқаралыда ашылған «бе­сін­ші Алтын адам» көне түркілердің тілі, сал­ты мен дәстүрі осы уақытқа дейін көп өз­гермегенін көрсетті. Алайда аталған та­рихи факті біздің ұлттық этногенезімізді қалпына келтіру үшін ешбір қолданылған жоқ», – дейді Мемлекеттік хатшы.
Қазақстан тарихын әлем тарихының ажырамас бөлігі ретінде көрсету – басты міндет
Бүгінгі тарихшылар алдында тұрған та­ғы бір маңызды міндеттердің бірі – Шың­ғыс хан империясы дәуірінің нақты кө­рінісін қайта жаңғырту. Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің айтуынша, бүгінде Қазақстан тарихын әлем тарихының ажырамас бөлігі ретінде көрсетіп, оның нақты орнын анықтап алу қажет. Қазіргі Қазақстан мен Орта­лық Азия аумағында тұрып жатқан жалпы (арғы түркілік) антропологиялық тип пен арғы түркілік тілдік топты қалып­тастырудағы рөлі қандай? Олардың Қытай, Рим, Кушан империяларымен, Парфия және басқа да мемлекеттермен өзара саяси-экономикалық және мәдени бай­ла­ныстары қандай болған? Ұлы Жібек жо­лының, әсіресе оның Қазақстан аумағы ар­қылы өтетін бөлігі – Дала жолының дипломатиялық және сауда-экономикалық рөлі неде? Осы ұлы жолдар мәдениеттердің өзара кірігіп, бірін-бірі байытуына Орталық Азия мен Еуразияның басқа да мемлекет­теріне, әсіресе Шығыс елдерінің мәдениеті мен өркениетіне қалайша әсер еткен? Мі­не, осы сауалдардың төңірегінде ой өр­бітіп, еңбек жазған аса маңызды. XII-XIV ға­сырлар аралығында Шыңғыс хан мен оның ізбасарлары империясы билік құрған Қазақ даласының тарихы, оның ішінде Ал­тын Орда және одан кейінгі қазақ хан­да­рының орыс мемлекетімен арадағы қа­рым-қатынасы да тыс қалмағаны жөн. «Өкі­­нішке қарай, еуроцентризмнің ықпа­лы­мен қазіргі тарихта көшпелілер мен оты­рықшы халықтар арасындағы текеті­рес­терге жиі басымдық беріліп жатады. Түр­кі-славян тарихы тек соғыс, әскери жеңістер мен жеңілістерден ғана тұрмайды ғой. Бұл, ең алдымен, сан қырлы сауда, сая­­си, әскери, мәдени байланыстарының та­­рихы екендігін естен шығармау қажет. Не­ге екені белгісіз, бүгінде біз мәдениет мен өркениет саласындағы байланыс­та­ры­­­мызды назардан тыс қалдырып, екі­жақ­ты қақтығыстарға көбірек ден қоя­мыз», – деген М.Тәжин «бұл адамның кә­сіби деңгейін көрсетпейтінін» де еске сал­ды.
Кеңестік «ностальгияға» берілмей, Қазақстанның қазіргі заман тарихын жазу қажет
XX ғасырдағы Қазақстан тарихы. Бұл – ұлт­тық сана-сезімді аяусыз жаншып-басқан тоталитарлық жүйенің тарихы. Оны да сызып тастауға болмайды. Себебі бұл – ата-бабаларымыздың қанымен жа­зыл­ған тарих. Әлбетте, кеңес дәуірін көрген Қа­зақстан азаматтары үшін өмірдің мән-ма­ғы­насы болған. Олардың да өзіндік қуа­нышы, жеңістері мен жетістіктері бар. Оған да құрметпен қарау қажет. Алайда тарихты жазған кезде, «ностальгияға» берілген қауіпті. Оны Мемлекеттік хатшы М.Тәжин де ашық айтып отыр. «Біріншіден, өткен дәуренді дәріптеп отырудың пайдасы жоқ. Бая­ғы бір тәртіпті аңсай бермей, XX ға­сыр­дағы қиыншылыққа толы та­рих туралы ашық айту керек. Сол тәртіптің тұ­сында мил­лиондаған ата-баба­ла­ры­мыздың қа­лай өмір сүргенін біз жақсы бі­леміз. Сон­дықтан тоталитарлық мемле­кет­те ұлт мә­се­лесін шешудің барлық «ға­жайып» жол­дарын ашып көрсету – қазіргі та­рих­шы­лардың парызы. Екіншіден, өткен күнге объек­тивті көзқараспен қарап, XX ғасыр­дың тарихын барынша таразылап алған жөн. Ол үшін барлық материалдар бар. Оны жан-жақты зерделеп, тиісті ше­шім­дерді жасау қажет. Бірақ асығыс ой-ше­шім­дерге берілмеу керек», – дейді М.Тә­жин. Осыдан кейін Қазақстанның қа­зіргі заман тарихын қолға алу қажет. Біз үшін бұл – жаңа бағыт. Сол себепті ол қо­ғам­дық институт ретінде әлі қалыптаса қойған жоқ. Қазақстан үшін олқылықтың осы бір тұсын тез арада жою маңызды. Тарихтың бұл беті кеңестік жүйенің ыды­рауынан бас­талуы қажет. Ал мемлекеттік ме­неджмент пен стратегиялық басқару жүйесі, саяси-әлеу­мет­тік үдерістер, қоғам­ның жаңа әлеу­­мет­тік құрылымы, жа­һанданудың ұлт­тық мә­де­­ниетке ық­палы, мемлекеттік құ­­­­ры­­­лымның қазақ­стан­дық моделі және бас­­­­қа да көкейкесті тақырыптар Қазақ­стан­­ның қазіргі заман та­рихында қам­ты­луы шарт. «Егемен елі­міздің тарихында үшін­ші онжылдық бас­талды. Осы жылдар ішінде, расында да, ға­сырларға тең жол­дан өттік. Ойымызды жинақтайтын кез жет­­ті. Қазақстанның өт­пелі кезеңінің ерек­ше­­лігі неде еді, қалып­тас­қан мемлекет де­геніміз не, нақты Тәуел­сіз­діктің негізгі бе­лес­тері қандай, қандай қауіп-қатерлерден өттік, қо­ғамның эко­но­ми­калық, саяси жә­не мә­дени жүйесі қалай құрылды? Осы сұ­рақ­тардың бәріне дәйекті әрі анық жауап беру – тарихшылардың кә­сіби қоғам­дас­ты­ғының міндеті. Осы орай­да мен Қазақ­стан­­­ның мемлекеттік бас­қару моделінің не­­­гізін қа­лаушысы – Ел­басы Нұрсұлтан На­­­­зар­баев­тың ерен ең­бе­гін атап өтер едім», – деді М.Тәжин. Осындай ке­лелі мә­­­­­се­ле­­лер­дің басын қайырып, ортаға ой тас­­­таған М.Тәжин Б. Аяған, Х.Әб­жан, Б.Бай­­­танаев се­кіл­ді ғалымдардың пікір­лерін тың­дап ал­ғасын, алдағы атқа­рылар нақты істерге қатысты да қоры­тынды тұ­жы­рым­да­ры мен тапсырмаларын жария етті.
Тарихты оқытудың заманауи жаңа мемлекеттік стандарты қажет
Мемлекеттік хатшының айтуынша, бұл міндеттердің бәрін шешу үшін орта мек­тептер мен жоғары оқу орында­рын­дағы тарихты оқытудың осы заманғы және шын мәніндегі ғылыми біртұтас мемлекеттік стандартын жасау керек. Ол стандарт қазіргі ең заманауи зерттеу тәсілдері мен оқыту әдістеріне негізделуге тиіс. Бұл, әрине, бірінші кезекте жоғары оқу орнын­да­ғы, сосын орта мектептегі гуманитарлық білім беру саласындағы оқыту процесін әдіснамалық тұрғыдан қайта құруды қажет етеді. Тарихи білім берудің жаңа мемле­кет­тік стандартына сәйкес, еліміздің бар­лық ЖОО-лары мен мектептеріндегі оқу-әдістемелік жоспарларды бөлуді қайта қарау керек болады. Барлық біліктілікті арттырудың арнайы курстарын ЖОО-дағы Қазақстанның ұлттық тарихын оқыту­шылар үшін – 2014 жылы, орта мектептегі та­рих мұғалімдері үшін 2015 жылы өңірлік ЖОО-лар базасында жеке қарастыру ке­рек. Бізге оқыту-әдістемелік процесті іс жү­зінде бекіту қажет. «Өйтпеген күнде, мұның бәрі ізгі интеллектуалдық ниет күйінде ғана қала бермек», – деген М.Тәжин алдағы жұмысты бірнеше жүйелі бөлікке бөліп, бағдарды да айқындады.
Ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың орталық буынына айналуы тиіс
Біріншіден, «Мұнда назарды бір қағи­да­лы маңызды нәрсеге аударғым келеді: мем­лекеттік жоғары оқу орындары түрлі сыл­таулармен Қазақстан тарихы ка­фе­дра­ларын жабуды тоқтатқаны жөн» деген ойын жеткізген Мемлекеттік хатшы Пре­зидент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мең­герушісіне осы мәселені мони­то­рингілеп, сараптама жасауды тапсырды. «Министр мен ректорлардың осы мәселені бақылауға алуын өтінем, өйткені процесс жүріп жатыр. Оған қоса, ЖОО ректор­ла­рының, мен әзірге мемлекеттік оқу орын­дарын айтып отырмын, бөлінген кре­ди­т­терді өз еріктерімен қысқартып тастау де­ректері бар. Бұл үдеріс болашақта та­рих­шылар корпусын қалыптастыру ісіне соқ­қы болуы мүмкін. Тарих пәнінен сту­дент­терге бөлінетін квоталар да жылдан -жылға қысқарып келеді. Бұл проблеманы да бірлесіп шешуіміз қажет. Қазақстанның әрбір мемлекеттік жоғары оқу орнында өз алдына дербес Қазақстан тарихы ка­фе­дра­сы болуы тиіс деп ойлаймын», – деген Мем­лекеттік хатшы өзге техникалық ма­ман­дықтарды оқыту жүйесіне де тым құ­ры­ғанда бір семестр Қазақстан тарихын қо­су қажеттігін, олай болмаса, елімізде өз тарихын білмейтін білікті инженерлер дайындайтынымызды да алға тартты.
Екіншіден, Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын сапалық жаңа деңгейде жасап шығуға тиіспіз. Бұл тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуы, Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуі тиіс.
Үшіншіден, Қазақстан туралы біздегі жә­не шетелдердегі тарихи ма­териал­дар­дың барлығын жинауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлуге тиіспіз.
Бұл орайда, тарихи артефактілердің (бұл қазіргі заман тарихына да қатысты) бар­лық негізгі шетелдік қоймаларын ұқып­ты зерттеуге, сондай-ақ ол тарихи ма­те­риал­дарды Қазақстанға қайтару мүмкіндігі жө­ніндегі мәселені қарауға, егер ондай мүм­кіндік болмаса – олардың көшірмесін жаса­тып, болашақта зерттеушілер мен жал­пы жұртшылық үшін қолжетімді ету қажет.
Төртіншіден, орталықазиялық но­мад­тық (көшпенді) өркениетті зерттеудің ма­ңыз­дылығына назар аудару керек. Қазіргі таңда ол өркениеттің сақтаушысы қазақ этносы болып отыр.
Мемлекеттік хатшы бұл тұста Қазақ эт­носының археологиясын, антрополо­гия­сын, этнографиясын, фольклорын, мә­де­ниеті мен дәстүрлерін зерттеуге күш сала оты­рып, қазақтардың номадтық өрке­ниетін зерттеу саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағ­дар­ламасын дайындауды тапсырды. Сонымен қатар Орталық Азия өңірінің тарихы мен, тұтастай алғанда, жалпы тарих туралы өзі­міздің, ұлттық пайым-түсінігімізді қа­лып­тастыра бастау мәселесін қарастыру ке­ректігін де айтты.
Бесінші. Тарих пәні бойынша сапалы оқу­лықтар даярлау мәселесі. Бүгінгі оқу­лық­­тардың көбісі эмпиристік мәліметтер мен даталарға, топонимика мен сандарға, есімдерге тұнып тұр. Мұндай жағдай оқу­шы­лардың білімінің артуына емес, ке­рісінше әсер береді. Тәуелсіздік кезеңіне ар­н­алған бөлімдер көбіне ком­мен­та­тор­лық, кейде тіпті үстірт баяндаушылық си­патқа ие. Сондықтан бүгінгі күннің оқу-тәрбиелік және дүниетанымдық талап­та­рына жауап беретін, жаңа буынның оқу­лықтар кешенін жасауға күш жұмылдыру қажет. Жаңа оқулықтар ескі тарихнама әдісінен арылған және әсіре саяси­лан­ды­рылмаған болуы тиіс.
Алтыншы. Ұлттық тарих мәселелері бойынша салиқалық ғылыми пікір-талқы алаңдары құрылуы тиіс. Соған байланысты телеарналар мен радиоларда, газеттер мен интернетте ұлттық тарих мәселелері бойынша платформалар жасалуы қажет.
Мемлекеттік хатшы сондай-ақ Қа­зақстан тарихы оқулықтарына кез келген сандық форматта кез келген адамның қолы тегін жететін Қазақстан тарихының мамандандырылған веб-порталын құруды тапсырды. Оның сөзінше, бұл веб-портал қазақстандық интернет сегментіндегі тағы бір ағартушылық құралға айнала алады.
Осындай ұлт тарихына қатысты аса өзек­ті мәселелердің санамалап шыққан М.Тәжин: «Отандық тарихшылар қауымы өздерінің ең басты функциясы – әрбір аза­матымыздың бабаларға деген құрметін, ел­дің қазіргісі мен болашағы үшін өзіне мо­ральдық жауапкершілік алу сезімін, өз мем­лекеті мен оның тарихына қатыс­тылығын қамтамасыз етуді орындауы тиіс. Бұл жұмыста шығармашылық одақтарды, ғылыми-шығармашылық зиялыларды тарту төтенше маңызды деп ойлаймын»,  – деп түйіндеді сөзін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста