Үкіметте көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелері талқыланды
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарын енгізу мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Талқылау барысында Кеңес мүшелері тұрғындарға сапалы әрі ашық қызметтер көрсету мақсатында КПТ басқарудың қосымша тетіктерін қарастыратын заңнамалық түзетулердің жаңа пакетін әзірлеу бойынша ұсыныстарды қарады және қолдады.
Айта кету керек, бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 19 сәуірінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеген болатын.
Отырыста жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандар үшін кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру мәселелері де талқыланды.