Үкімет қуаңшылықтан зардап шеккен диқандарды қамқорлықсыз қалдырмайды

Кеше Премьер-министр Кәрім Мәсімов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында 2010 жылдың екінші жартыжылдығында өңірдің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылатын инвестициялық жобаларымен, бірқатар әлеуметтік нысандармен танысты.

Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапарының аясында Премьер-министр К.Мәсімов Ақтөбедегі 200 орындық көпбейінді балалар ауруханасы құрылысының барысымен танысты. Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Үкімет басшысын облыстағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мен қазіргі жағдайы туралы ақпараттандырды. Атап айтқанда, ол облыстағы көрсеткіштер республикадағы орташа көрсеткіштерден жоғары екенін, сәби мен аналар өлімінің азайып келе жатқандығын, денсаулық сақтау саласы бойынша жаңа нысандардың салынып жатқандығын атап өтті. Құны 5,5 млрд теңгеден астам, аумағы 7,2 гектар болатын аурухана құрылысын биыл желтоқсан айында аяқтау көзделген. Медициналық мекемелер «100 мектеп, 100 аурухана» жобасының аясында салынып жатыр, оның жүзеге асырылуында мәселе туындап отырған жоқ. Бұдан кейін Үкімет басшысы Ақтөбеде бейметалл құбыр зауытында болып, түймені басу арқылы ыстық су жеткізуге арналған әйнек-талшық құбырларын шығаратын жаңа технологиялық желіні іске қосты. Аталған зауыт 2005 жылы пайдалануға берілген, өндірістік шығару қуаты – жылына 320 шақырымдық әйнек-талшық құбыр. Зауыттың 70 пайызға жуық өнімі экспортқа шығарылады. Болашақта әйнек-талшық сыйымдылығы мен резервуар өндірісі бойынша желіні іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар зауытты аралау барысында Үкімет басшысына Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отырған Ақтөбе облысының жобалары таныстырылды. Ағымдағы жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 24 жобаны пайдалануға беру көзделген, оның 12-сі бірінші жартыжылдықта іске қосылған. Премьер-министр К.Мәсімов Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылған Мәртөк ауданы Саржансай ауылында орналасқан 73 адам жұмыс істейтін «Айс» ЖШС-ның сүт-тауарлы фермасында болды. Жалпы, 3,1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалып, жылына 7,2 мың тонна сүт өндіретін «Айс» сүт-тауарлы фермасы Ақтөбе халқының сүтке мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған және өз өнімдерін экспортқа шығарады.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Ақтөбе қаласындағы «Қазкоммерцбанк» филиалы жаңа офисінің ашылуына қатысты. Сапар барысында Кәрім Мәсімов облыстың іскерлік топтарымен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесіп, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен үстіміздегі жылдың астық өнімінің жай-күйін талқылады. Бас министрдің айтуынша, тамыздың соңына қарай «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша республикалық кеңес өткізіледі. Биыл Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы аса қатты қуаңшылықтан егістіктің 50 пайыздан астамы күйіп кеткені жанға батады. Осыған орай, Премьер-министр Елбасының тапсырмасымен Үкімет еңбегі зая кеткен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл еңбеккерлерін қамқорлықсыз қалдырмайтынын мәлім етті. «Мен кеше және бүгін Мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлестім. Мен оған Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы жағдай туралы баяндадым. Президент маған тікелей тапсырма берді: ауыл еңбеккерлерін қамқорлықсыз қалдырмау керек. Үкімет биылғы қолайсыз жылдың салдарын жұмсарту үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Жыл жақсы болған кезде сіздер есесін қайырасыздар. Қазір біз сіздерге көмектесуге тиіспіз», – деді Премьер К.Мәсімов. Осылай деген Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевқа бір апта ішінде Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының қуаңшылықтан зардап шеккен және астығының жартысынан астамын жоғалтқан диқандарын қолдаудың жедел шараларын әзірлеуді тапсырып, жемшөптің тапшылығынан асыл тұқымды малдарды сойысқа жіберуге жол беруге болмайтынын ескертті. «Мұның бәрі қысқа мерзімдік шаралар, ал ұзақ мерзімге бізге осы өңірде қай жерінде астық өсіру, ал қай жерінде мал шаруашылығын дамыту керектігі туралы байыпты өңірлік бағдарлама керек. Мен осы өңірдің ауа райы қолайлы жерінде астық өсіруді қалдырып, қолайсыз жерінде мал бордақылауды дамыту керек деп есептеймін», – деді Кәрім Қажымқанұлы.

Сонымен бірге Үкімет басшысы Ақтөбеде өткен кеңесте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына бөлінген ресурстар толық пайдаланылуы тиістігін нығарлады. «Жалпы ел ауқымында биыл біз бағдарламаны жүзеге асыру үшін бөлген ресурстар жылдың аяғына дейін пайдаланылмайтын болса, бұл дұрыс болмайды. Сіздер осы әрекеттеріңізбен келесі жылға жоспарланатын ресустарды жоққа шығарасыздар, біз келесі жылы депутаттарға бюджетті нақтылау үшін баратын болсақ, олар бізге: «Егер сендер өткен жылдың ресурстарын пайдаланбасаңдар, онда сендерге қосымша ақшаның неге керегі бар деп сұраса не болады?», – деді К.Мәсімов Ақтөбе облысының кәсіпкерлері алдында сөйлеген сөзінде.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста