Түркия билігі Назарбаевтан тартып алынған қонақүйді сатуға тыйым салды

Осы дүние-мүліктің бәрі әзірге Қазақстан Президенті Іс басқармасының басқаруына қала береді.

Rixos Beldibi (бұрынғы атауы – Alatau Spa&Resort) Анталия қаласының әуежайынан 40 шақырым, ал Кемер қаласынан 25 шақырым қашықта, Белдіби кентінде, теңіз жағалауында орналасқан. Халықаралық туристік операторлардың кітапшаларында ол: "Thalasso & SPA орталықтары сегментінде үздік релакс-ләззаттану мен отбасылық демалысқа арналған мүмкіндіктерді өз бойында үйлестірген шағын, жинақы отель" ретінде сипатталады, деп жазады inbusiness.kz порталы. 

Бірақ онда демалған туристердің көзқарасы онша түзу емес: оның 5 жұлдызды мәртебесіне сай еместігін алға тартып, жақсартылған 3 жұлдызға балады.

Шынында, Rixos Beldibi қарадан шығып хан болған адамға тиесілі еді. 2022 жылғы қарашада Қазақстанның бірінші Президенті Н.Назарбаевтың Түркиядағы бұл қонақүй кешенін Қазақстанның меншігіне тапсырғаны жария болды.   

"Нұрсұлтан Назарбаевқа түріктің Анталиясында орналасқан Rixos Beldibi қонақүйін Қазақстанның мемлекеттік меншігіне қайтаруға тура келді. Бұл объект Қазақстанда "Отель "Алатау" АҚ ретінде тіркелді. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша және аудиттік қаржы есебіне сәйкес, қонақүйдің 23%-дан астамы ғана Қазақстанның Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тиесілі болған. Ал 77%-ға жуығы – бірінші Президенттің жекеменшігіндегі "Елбасы Қорына" қарайтын "Жылжымайтын мүлікті басқару дирекциясы" ЖШС иелігінде болды", – деп жазды былтыр Forbes және басқа ақпарат құралдары.

Жағдай қанды қаңтар оқиғасынан кейін өзгерді. Үкіметтің 2022 жылғы 15 ақпандағы №62 қаулысымен, сондай-ақ 1 наурыздағы қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес, Меммүлік комитеті "Отель "Алатау" АҚ-ның акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Президенттің Іс басқармасына табыс етті. Сонымен бір мезгілде, 16 ақпанда "Жылжымайтын мүлікті басқару дирекциясы" ЖШС да компанияның акционерлері құрамынан шықты. Алайда мәміле сату-сатып алу түрінде болды ма, әлде экс-Президенттің ұйымы сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің меншігіне тегін берді ме, ол жағы қонақүйдің қаржылық есебінде ашып жазылмаған. Бұған қатысты Үкімет те түсініктеме бермеді.

Қалай болғанда, Түркиядағы қазақстандық қонақүй кешені толығымен ҚР Президентінің Іс басқармасының иелігіне көшті. Оның ресми сайтының "Ведомстволық қарасты ұйымдар" бөлімінде бүгінде "Алатау қонақүйі" АҚ ретінде көрсетілген.

"Жалпы, "Алатау" қонақүйі" акционерлік қоғамының миссиясына туристерге Анталияның Белдиби кентінде орналасқан қонақүйде демалыс және күш-қуатты қалпына келтіруді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жатады. Қызмет сапасының арқасында қонақүйге әлемнің түрлі елдерінің өкілдері келеді. Олар – Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, ТМД, Израиль, Орта Азия елдерінің туристері мен Түркияның жергілікті тұрғындары. Туристерді тамақтандыру "бәрі қосылған" жүйесі бойынша жүргізіледі. Қонақүйде негізгі мейрамханадан басқа 5 "a’la сarte" мейрамханасы бар, олар – француз, италия мейрамханалары, балық, түрік мейрамханалары, гриль-мейрамхана. Қазіргі кезде "Алатау" жыл сайын бесжұлдызды қонақүй мәртебесін дәлелдей отырып, келушілердің демалысы мен күш-қуатын қалпына келтіруін толық қамтамасыз етеді", – деп түсініктеме берді Президенттің Іс басқармасы.

Әу баста Мемлекет басшысының тапсырмасымен, қонақүй кешені "Басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесіне" енгізілді. Оны биылғы жылы 2 кезеңді рәсімдер арқылы конкурспен сату жоспарланған.

Енді билік бұл ойынан айнып қалыпты. Бұған Түркия тарапынан қойылған қатаң талап ықпал еткенге ұқсайды.

Себебі жердегі "жаннаттай" мекенде орын тепкен қонақүйді сатып алған бизнесмен немесе компания оның сүріп тастап, орнына аспанға бой созған заңғар тұрғын үй кешендерін салып шықса, оны қазақстандық клиенттерінің өзі "ыстық бәліштей" талап алар еді. Бірақ Анкара бұл жерде қонақүйден басқа нәрсе салуға рұқсат етпепті.

Сондықтан Үкімет өзіне Алатау атымен таныс Rixos Beldibi қонақүйін жекешелендіру тізімінен алып тастауға шешім қабылдады. Тиісті шешім Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2023 жылғы 26 сәуірдегі отырысының хаттамасында бекітілген көрінеді.

Осыған орай Ұлттық экономика министрлігі "Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа Үкімет қаулысы жобасын әзірледі.

"Анталия провинциясының Кемер уезіндегі меншікті Қазақстанға пайдалануға беру туралы шешімді Түркия осыдан тура 30 жыл бұрын қабылдады. Осыған байланысты Қазақстан мен Түркия арасында 1993 жылғы 13 желтоқсанда Хаттама бекітілді. Хаттамаға сәйкес Қазақстанға оның айналасындағы жалпы ауданы 67 мың 256 шаршы метр орман учаскесі де 49 жылға өтеусіз уақытша пайдалануға берілді. Бұл келісім 2013 жылғы 11 қаңтардағы №65-V заңымен ратификацияланды. Алайда аталған Хаттама аясында қабылданған Жазбаша міндеттемелердің 2-тармағына сәйкес, Қазақстан ол территорияны тікелей мақсатынан тыс пайдалана алмайды және егер табиғат қорғау іс-шараларын сақтамаса, ол үшін жауапты болады. Осыған байланысты қонақүйді жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастау қажет", – деп түсіндірді Ұлттық экономика министрлігі.

Осылайша, Үкіметтің жаңа қаулысы қабылданған соң, Қазақстанның Түркиядағы "стратегиялық объектісі мемлекет меншігінде қалады".

Rixos Beldibi (бұрынғы Alatau Spa&Resort) қонақүйі Түркиядағы жер телімі орманмен бірге алынған соң, 2002 жылы тұрғызылды. Кешеннің өзі 40 мың шаршы метрді алып жатыр. Орманы 67 мың шаршы метрден асады. Яғни, ұқсатып жұмсаса, тиімді басқарып, туристерді ұтымды тарта білсе, жақсы табыс әкелер "майшелпек" нысанға ұқсайды.

Бірақ туристердің пікірінше, ол біршама ескіріпті. Туроператорлардың ашық дереккөздерінде оның соңғы реставрациясы ХХІ ғасырдың басында жүргізілгені айтылған. Яғни, қаржы салуды қажет етсе керек.

Rixos Beldibi теңізге қарайтын бөлмелерінің 50%-ы жалғыз 5 қабатты корпуста орналасқан.

Жалпы алғанда, қонақүйде 268 standard room, қос бөлмелі 2 suite және 5-ші қабатта жалғыз King suite орналасқан. Соңғысы камині бар қонақ қабылдайтын бөлмеден, жұмыс кабинетінен, 3 жатын бөлмесінен, өз асүйінен, 3 жуынатын бөлмеден, төл джакузиінен, мини-саунадан тұрады. Үлкен террасаға және жеке лифтіне ие.

Осы дүние-мүліктің бәрі әзірге Қазақстан Президенті Іс басқармасының басқаруына қала береді. Одан тек шығын емес, бюджетке түсім түссе, игі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста