Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді" делінген хабарламада.
Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ Ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды.