Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Сиань қаласында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.
Сондай-ақ, Президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Қытай" саммитіне қатысады.