Тоқаев: біздің төлқұжатымызға ие болу - халықаралық аренада құрметті азамат болу

Тоқаев: біздің төлқұжатымызға ие болу - халықаралық аренада құрметті азамат болу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік аренада қазақстандық төлқұжаттың қандай маңызы бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біздің көгілдір түсті төлқұжатымыз бен Көк байрағымыз тарихтың өзі қалыптастырған және миллиондаған адамның жүрегінде жаңғырған болмысымыздың шынайы символы. Төлқұжатымыз адамға этностық тегіне, діни көзқарасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты құқықтар мен міндеттерді қамтамасыз етеді", - деді Тоқаев.

Президент төлқұжатқа ие болу өз еліңнің қорғалған азаматы екеніңді білдіретінін жеткізді.

"Біздің төлқұжатымызға ие болу халықаралық аренада құрметті азамат болу, барлық елге кедергісіз бару және өзін қазіргі әлемнің ажырамас бөлігі ретінде сезіну дегенді білдіреді. Бұл әрқашан әрі барлық жерде өз мемлекетінің қорғауында екеніңді білдіреді. Қазақстан төлқұжаты бірлігіміз бен келісіміміз негізделген құндылықтарды білдіреді", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты ХХХІІ сессиясының отырысы өтіп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста