1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Ақорда.
Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.
Аталған шара аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған "Салтанат" залын, түрлі жиындар өтетін "Шығыс", "Мрамор", "Алтын" "Доғал" және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сондай-ақ кітапхананы аралап көрді.
Бұдан бөлек, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен танысты.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Алматыда жұмыс сапарымен жүр.