"Тегімді мақтанышпен алып жүрмін": Әлия Назарбаева әкесіне жүрекжарды тілегін арнады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы – Әлия Назарбаева әкесін мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлия Назарбаева өзінің құттықтауын жаңа жылдық шыршаның қасында әкесімен бірге тұрған суретін желіе жүктеп құттықтады.
Әлия Назарбаева 1991 жылдың бірінші желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде ел президенті болып жарияланғанын еске салды.
"Ол осы жауапты қызметте 29 жыл қызмет етіп, өз халқының игілігі үшін әлі де еңбек етіп келеді. Мен әкемнің тегін мақтанышпен, зор құрметпен, абыроймен және жауапкершілікпен алып жүрмін. Алладан оның денсаулығы мен ұзақ ғұмыр сүруін тілеймін", - деп Instagram парақшасында жазба қалдырды.