Сот шешімі неге орындалмайды?

Сот шешімі неге орындалмайды?

Ата Заңға арқа сүйесек сот шешімдері бұлжымастан орын­далуы керек. Бұл Кон­сти­ту­цияда тайға таңба бас­қан­дай жазылғаны. Осы міндеттің үде­сінен шығу үшін бұған де­йін де бірқатар тетіктер іске қо­сылды-ақ. Жеке сот орын­дау­шылар институтына дейін құ­рылды. Алайда атқару­шы­лық іс жүргізу әлі де оңал­ма­ған. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Әділет министр­лігі Парламентке арнайы заң жо­басын енгізген болатын. Құ­жат кеше Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды.
Әділет вице-министрі Дулат Құс­дәу­ле­тов­тің пайымынша, сот орындаушылары са­ласындағы дағдарыстың басты себебі – стратегиялық, тұжырымдамалық-құ­қық­тық кемшіліктермен астасып жатыр. Ең бас­тысы, сот актілерін орындауға кім-кім­нің де құлқы бола бермейтінін тәжірибе бай­қатқан. Себеп – сот шешімін орын­да­мау қылмыстың онша ауыр емес санатында тұр. «Қоғамдық қауіпсіздік бойынша мұн­дай қылмыстардың салдары да есепке алын­байды. Ендеше әділдік те жазаны же­ке­лендіру ұсынымы да өрескел бұзылып отыр. Мәселен, мына жағдайды қараңыз: қолданыстағы заңда ұрлық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлімі бойынша орташа ауыр қылмыс ретінде үш жылға дейін бас бостандығынан айыру белгіленген. Ал енді келтірілген шығынды өндіру тәртібінде жүздеген миллион тең­гені құрап жатқан сот актілерін орындамау әре­кеті жеңіл қылмыс санатына жат­қы­зылған», – деп түсіндіреді вице-министр Ду­­лат Рашитұлы. Қарапайым тілмен тү­сіндірсек, тауық ұрлап тұтылатындар қыр­уар қаражатты қамтитын сот актісін орын­да­­мағандарға қарағанда ауыр жа­­за­ланады. Осының салдарынан борыш­кер­­лерге қатысты қылмыстық процес­суал­дық әсер ету тетігі ешқандай нәтиже бер­мей отырғаны аңғарылады. Ал сот ак­тілерінің орындалмауы сот билігін ғана емес, түптеп келгенде тұтастай мемлекеттік би­ліктің беделін түсіреді.
Осыны ескерген Әділет министрлігі сот актілерін орындамауды жеңіл қылмыс са­на­тынан шығарып, онша ауыр емес және ауыр қылмыс санатына ауыстыруды ұсы­на­ды. Ендеше сот актісіне мұрын шүйіре қа­­райтындардың күні қараң – үш жылға де­йін темір тордың ар жағынан бір-ақ шы­ғулары әбден мүмкін. Нақтылап айтайық, заң қабылданса сот үш ай бойы алимент тө­леуден жалтарғандарды 2 жылға кесіп жі­бере алады. Сосын сот шешімін алты ай бо­йы орындамағандар да төрттен жеті жыл­ға дейін абақтыға тоғытылуы бек мүм­кін. Бұдан бөлек, заң жобасы бойынша айып­пұл санкцияларының мөлшері бұ­рын­ғыға қарағанда артады. Сосын, сы­байлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақ­сатында төмен деңгейде салынатын айып­пұлдар мен жоғары деңгейдегі айып­пұлдар арасы ажыратылады. Ал бо­рыш­кер­лер сот актілерін уақытында орын­да­маса актіде көрсетілген қаражаттың үстінен өсімақы қосылады. Бір сөзбен айтқанда, жауапкершілік мәжбүрлікпен ұштасады.
Тоқтала кететін тағы бір жайт, жеке сот орын­даушылары борышкерлерден тәр­кі­леген мүліктерді арнайы сауда орындары ар­қылы сатуға шығара алады. Мұндай са­тулар мамандандырылған сауда үйлері ар­қылы жүзеге аспақ. «Экономикалық мақ­саттылығына байланысты саудаға шы­ға­рылмай жеке негіздер бойынша мем­ле­кет меншігіне айналдырылған мүліктер ерек­ше тәртіппен жүзеге асатын болатын. Өйт­кені қолданыстағы мұндай тәртіптің тиім­ділігі төмен болып отыр. Нәтижесінде, мемлекет қазынасына да түсім жоқ. Ал мем­лекет меншігіне айналған борышкер за­ты мемлекеттік мекемелердің материал­дық-техникалық қамтамасыз етілуіне қа­тысты бірқатар жағдайын шешетіні ай­қын», – деп болжам жасайды әділет ви­це-министрі Дулат Рашитұлы. Түптеп келгенде, заң жобасындағы жаңалықтар сот орындаушыларының өз міндеттерін тиімді орындауға жол ашып қана қоймай, сот актілерін атқаруды негізсіз созбалаңға салуға жол бермейтін көрінеді. Дегенмен заң жобасы алда екінші оқылымда тал­қы­ланатын болғандықтан, әлі де біршама пысықталатын түрі бар. Мәселен, депутат Тұрсынбек Өмірзақов сот орындаушылар жұмысының тиімсіздігін олардың құ­қық­тық мәртебесінің төмендігімен бай­ланыс­ты­рады. «Швейцарияда сот орындау­шы­лары қаржы министрлігінің қарамағында. Сосын ол елде сот орындаушылары тек ма­гистр деңгейіндегі білімі бар адамдар ғана бола алады және сол елдегі ең бай адам­дардың бірі де солар», – дейді Тұр­сын­бек Өмірзақов. Бақсақ, басында әділет органдарының қарамағында, сосын жо­ғар­ғы сотқа, кейіннен қайтадан әділет қа­ра­мағына оралған сот орындаушылар осы аралықта ауысып жүріп өздерінің мәр­тебесін ғана емес, алатын айлық жала­қы­сын да жоғалта жаздапты. Сондықтан да, әділет министрлігі бүгінгі күні дәл осы сот орындаушыларының «жоғалтқанын» қайтару жолында жұмыс істеп жатқанға ұқсайды.
Рамазан СӘРПЕКОВ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Сот орындаушылары мемлекет үшін де, жеке және заңды тұлғалар үшін де қажетті құрылым. Солай бола тұра, өкінішке қарай, бұл – осы уақытқа дейін бағы жанбай келе жатқан құ­ры­лым. Қазір еліміздегі сот орындау­шы­­лардың орта жасы 21-25 аралы­ғында. 100 пайыз заңгерлік білімі бар олар­дың басым бөлігі тәртіптік, әкімшілік, қыл­мыстық жауапкершілікке де тарты­лып­ты. Бұл не деген сөз? Құрылымның ғана емес, сол жігіттердің де бағы жан­бай келе жатыр. Негізгі мәселе сот орын­даушылардың мәртебесін өз дең­гейіне көтермейінше, жағдай жақ­сар­майды. Заң болса соны шешсе екен.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР Парламент Мәжілісінің спикері:
– Борышкерлерге қатысты әрекет ету үшін сот орындаушыларына нақты өкілеттіктер жүктеп отырмыз, олардың жұ­мысын күшейтудеміз, алайда таяқ­тың да екі ұшы бар екенін ойлайық. Әр­бір нақты жағдайдың артында адам тағ­дыры тұрғанын да естен шы­ғар­маған абзал. Сондықтан да сот орын­дау­шылары өздерінің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен биліктің беделін түсіретінін ұмытпайық. Сол үшін әрбір жағдай әділетті шешілу үшін бізге мықты заңнамалық база қажет.

Сарайшыққа бекініс салу керек
Өткенде аймақ аралап Атырауға бар­ған «Ақ жол» партиясының депутаттары алыс­тағы ағайыннан зор аманат арқалап кел­ген екен. Бұл аманат – Ұлы даланың та­рихынан сыр шертетін қазақтың асыл мұ­расын сақтауға қатысты. «Өткенге құр­мет­пен қарағанымыз жөн. Қазақтың қай-қай же­рі де қасиетті, тұнған тарих. Осындай кие­лі мекеннің бірі – Қазақ хандығының ас­танасы – Сарайшық қаласы. Сарайшық – өзге қалалармен қатар, Ертістен Дунайға де­­йінгі Ұлан байтақ өлкені билеген, ке­йі­ні­рек Алтын Орда аталған империя – Жо­шы ұлысының кезінде салынды. Са­рай­шық – Қасым ханның басшылығымен қазақ хандығының астанасы атанды. Жібек жо­лының маңызды бағытында орна­лас­қан­нан кейін, Сарайшық сол заманғы ең да­мыған һәм сәулетті қалалардың бірі бол­ды. Бұл қалада XIV ғасырда Жәнібектің және Бердібектің Алтын Орданың хандық таққа отыру рәсімдері өтті» деп, бастады Үкіметке сауын айтып сауал жолдаған де­пу­тат Азат Перуашев. Қазақтың жеті ханы жер­ленген айбарлы қаланы XVI ғасырда Иван Грозный қиратты. Ал ондағы жә­ді­гер­лер әлі де толық аршылып бітпеген. Осы­ны меңзеген Перуашев Сарайшықта табылған һәм әлі табылмаған мұралардың қазақ елі үшін орны бөлектігін айта келе, көне шаһардың қазіргі қалдығына қауіп төніп тұрғанын да ескертті. «Жыл сайын су тасыған кезде 5-10 метрге дейінгі жерін құ­латып, Сарайшық қаласының қалдығы Жа­йыққа жұтылып бара жатыр. Қазір де қала орнында шашылып жатқан адамның сү­йектерін көруге болады. Егер өзен ба­ғы­тын өзгертпесек, жақын арада қаладан түк қал­майды. Ал бұл біздің өткен за­ма­­ны­мыз­дың тарихына үлкен зиян. Сондықтан да қаланың қалған бөлігін құтқаруға жалғыз жол бар. Ол – бекініс салу», – дейді депутат Азат Тұрлыбекұлы. Оның сө­зі­не қарағанда, бұл мәселе осыдан үш жыл бұ­рын қарастырылып, әлі күнге дейін нақ­ты шешімін таппаған. «Сарайшық – өткен та­рихымыздың жарқын беттерінің бірі. Қа­ланы ағыс­тан қорғайтын бекініс мәселесі жа­қында шешілмесе, онда ұрпақ үшін аса маңызды, құндылығын ешқандай ақша­мен өлшей алмайтын тарихи жәдігермен мәң­гілікке қоштасуға мәжбүр боламыз» деп, – түйіндеген депутат Үкіметті  Қазақ хан­дығының алғашқы астанасынан қалған асыл мұраны сақтап қалу үшін барынша күш салуға шақырады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста