Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады - Ж.Қалыбай
"Аңыз адам" журналының редакторы Жарылқап Қалыбай президеттікке үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссияның сынынан өтті, деп хабарлайды "Алаш айнасы" порталы.
Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, үміткер Қалыбай бірінші кезеңде "Отты жылдар тағылымы" тақырыбына шығарма жазып, "өте жақсы" деген бағаға ие болды. Екінші тапсыра - Бауыржан Момышұлының прозасынан үзіндін мәнерлеп оқу. Кандидат осы тапсырманы да орындап шықты. Үшінші кезеңде Ж.Қалыбай "Мәдени мұра - байтақ қазына" деген тақырып аясында ой қозғап, шешендік өнерін паш етті. Комиссия үміткер Қалыбай мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытындыға келді. "Қазір халыққа қызмет етіп жүрген адамсыз. "Аңыз адам" мен "Жұлдыздар отбасы" деген тарихи-отбасылық журналдарды шығарып жатырсыз. Кейбір кандидаттарға "Осы уақытқа дейін халыққа не істедің?" деген сұрақ қойғанда, тұшымды жауап бере алмады. Емтихан тапсыратын азаматтар әуелі Елбасы, сосын Жарылқап сияқты болса ғой", - деді М.Жолдасбеков. Президенттікке үміткер Ж.Қалыбайдың сөзіне қарағанда, ол еліміздің өзекті мәселелерін көтеру үшін сайлауға түсіп отыр. "Мен қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен таласайын деп жатқан жоқпын. Негізгі мақсатым - халқымыздың өзекті мәселелерін көтеру, сайлау мінбері арқылы соны жоғары жаққа жеткізу", - дейді Ж.Қалыбай.Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу