Саясаткерлер сөз саптаса...

Саясаткерлер сөз саптаса...

Саясатты серік еткен кез келген тұлғаға қай уақытта да қойылатын талап өте жоғары болады. Көпшіліктің сөзін сөйлеп, мүддесін қорғайтын жекелеген азаматтар қара қылды қақ жара алатын уытты тілімен де ерекшеленеді. Ал сол қара қылды қақ жара алу үшін саясаткерге шешендік өнер де керек-ақ. «Айқайлағанның бәрі әнші емес, сабалағанның бәрі күйші емес» деген нақыл еріксіз еске түседі. Дәл сол сияқты әдемі киініп, саясат туралы пікір білдіргеннің бәрі саяси тұлға бола алмайды. Бағзыда бір ғұлама «Шешен саясаткер – төрт сағат бойы үздіксіз жүйелі түрде тоқтамай сөйлей алатын адам» деген екен. Ендеше, халық алдында көсіліп жүрген біршама саясаткерлеріміздің шешендік өнеріне тереңірек үңіліп көрейік. Зерттеп отырған тақырыбымызды әдебиет пәні етіп алып, еліміздегі саясаткерлерді жазғы демалыс алдында бір бағалап шықсақ.

Сөйлесе қызыл тілдің шешені...
Бұл пән бойынша Парламент Мә­жілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның үлгерімі өте жақсы. Доспамбет пен Бұқар сынды жыраулардың түйдек-түйдек ойла­рын ортаға салып жүрген халық қалаулысы Төле бидің төңірегінде әңгіме қозғай отыра, ақпарат құралдарының «жауын­гер­леріне» дес бермейді. Жазушылар Әбіш Кекілбай, Алдан Смайыл сынды де­путаттарымызға тағылар айып жоқ. Ха­лық қалаулыларының көпшілігі атқарушы органдағы әріптестерінен бұл пән бойын­ша көш ілгері. Депутаттармен қатар, үздік үлгерімді деп «Ақ жол» партиясының төр­ағасы Әлихан Бәйменовті де айтуға бо­лады. Ол кісі өте байсалдылықпен қойыл­ған сұраққа нақты әрі жан-жақты жауап бере алатын саясаткер. Әлихан Мұхаме­дияұлында сөз қайталау да жоқ емес. Оған «құндылық» деген сөзді ерекше көп қолданатынын ескерте кеткіміз келеді. Бұл азаматтардың қатарына сенатор Қуаныш Сұлтановты да жатқызуға болады. Са­рабдал саясаткермен саясаттан бөлек, әлеу­меттік, рухани, мәдени салада да әң­гіме өрбіту үлкен ғанибет.
Сөз «екпінділері»
Қазақ тілінде еркін сөйлегенмен, жо­ғарыдағы азаматтар сияқты тереңнен тол­ғай бермейтіндерді әдебиет пәнінің «ек­піндісі» деп атадық. «Төрттік» бағаны де­путаттардан Уәлихан Қалижан, Нұртай Сабильянов сынды халық алдында сөз сөй­леп төселген саясаткерлерге беруді құп көрдік. Партияшылдардан бұл бағаға «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев, Коммунистік партияның басшысы Серікболсын Әбділдин, «Руханияттан» Ал­тыншаш Жағановалар лайық.  Үкімет оты­рыстары қазақша өткізіле бастағалы қы­сылмай сөйлеп жүргендердің бірі бірін­ші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев те осы «екпінділердің» қатарынан.
Технократтарға «қанағаттанарлық» баға
Математикалық есептерді шемішкедей шағып тұрған балаға мұғалімдер гумани­тарлық пәндерден жеңілдік жасайтыны сияқты біз де бірқатар шенеуніктерге «қа­нағаттанарлық» білдіргенді жөн көрдік. Энергетика және минералды ресурстар ми­нистрі Сауат Мыңбаев, «Самұрық-Қа­зы­на» қорының басшысы Қайрат Келім­бетовтер тек баяндама жасағанда ғана қазақша сөйлейді. Бұл азаматтарды сөзге шешен деуге келмейді. Бұл баға, негізінен, Үкіметтегі өзге де шенеуніктер мен шет­ел­ден білім алып келген технократтық тол­қынға беріледі.
Көкейіндегісі көмейінен мәлім
Сонымен қатар бізде анау бір әзіл әң­гімедегі паразиттің құрылысын терең оқып алған студенттің бейнесіндегі «тұлғалар» аз емес. Үйректің сасқан кезде артымен сүңгитіні сияқты журналистердің құрған «қақпанынан» құтылу үшін жауапты өзінің жіті білетін тақырыбын сөз етіп кететіндер жиі кездесіп жүр. Э.Маккензи «Саясат­кердің әңгімесін есту – әйелді тыңдаумен бірдей. Соңына дейін мұқият тыңдамасаң да, оның не айтатыны және не айтқысы келетіні белгілі» деген екен. Дәл осындай саясаткерлер біздің елімізде де жоқ емес. Мысалы, дағдарыс кезінде сыр бермей, партия құруға ұмтылып жүрген «Таби­ғат» экоодағының жетекшісі Мэлс Елеу­сізовтің экологиялық мәсе­лелер тө­ңірегінде сөй­лейтінін саясатқа қы­зық­пайтындардың өзі біледі. Тіркелмеген «Халық рухы» пар­тия­сының жетек­шісі, ақиық ақын Мұхтар Шахановтың да көтеріп жүр­ген тақырыбы кө­кейкесті болса да, жауыр бола бас­­та­­ғандай. Ал оппозиция жетекшілерінің айтар уәжі екібастан. Әңгіме өзегі ел­дегі әлеуметтік жағдай ту­ралы болып жатса да саяси жүйе кінәлі, әлемдік эко­номика күй­реп қалса да саяси басқаруымыздың ши­­кі­лігінен дейтін оппо­зи­ция өкілдеріне қан­дай сұрақ қойсаңыз да, бір ғана жауап ала­­сыз. Қасқырдың аузын жесе де, же­месе де қан қылатын олардың шешендік өнерінің деңгейі бел­гілі болып қалған.

Вудро ВИЛЬСОН, АҚШ-тың бұрынғы президенті:
«10 минуттық әңгімеге дайындық үшін маған бір апта керек, 15 минут сөйлеу үшін үш күн, жарты сағаттық сөзге екі күн, ал бір сағат сөз сөйле десе, қазір-ақ айтып беремін».

Түйін
Терең зерттеулері мен дәлелі жоқ сөз салмақты емес, керісінше, әркез популистік ұран ретінде қабылданады. Халық алдында, басылым беттерінде сөз сөйлеу – үлкен жауапкершілік. Сондықтан тілдің шұрайлылығы мен ұтымды сөз орамдары саясаткердің имиджін қалыптастырады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста