Республика сарайының сәні кірді

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Өткен жылы күрделі жөндеуге жабылған Алматыдағы Республика сарайы жаңарған сәнді қалпымен түрлі деңгейдегі салтанаттар мен концерттерді қабылдауға дайын. Заманауи үлгіде жаңаша кейіпке енген сарайдың ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, қазақстандық өнер шеберлері әзірлеген алғашқы концерттің құрметті көрермені болды.
Салынғалы бері 40 жыл бойы бірде-бір рет жөндеу көрмеген бұл зәулім ғимарат ел Тәуелсіздігінің қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасымен іші-сырты қайта өңделіп, жаңа электронды концерттік технологиялар мен жарық беру және дыбыс күшейткіш құралдарымен толық жабдықталды. Құрылыс жұмыстарын қысқа мерзім ішінде межелі уақытта аяқ­таған Кazkor жобалау академиясы ма­ман­дарының айтуынша, қайта жөндеу жұмыс­тарына 10 миллиард 400 мың теңге жұмсалған. Сонымен қатар сарай­дың ішкі құрылымына аздап өзге­ріс­тер енгізілген. Соның арқа­сында мұнда 50 орынды конференц-зал, сұлулық салоны, ән таспаларын сататын аудиокиоскі, ән жазу студиясы, демалыс бұрыш­тары және басқа да бөлмелер қосымша салынды. Көрер­мендер отыратын орындық­тардың арасы кеңірек жасалған. Сол себепті бұрын зал­да 3000 орын болса, қазір онда 2600 адамдық орын бар. Қауіпсіздік үшін зал­дың төбесіндегі сал­мағы тым ауыр бұрын­ғы чех люстралары қуатты үнемдеп жұм­сай­тын заманауи жарық бергіштермен ал­масты­рылған. Мәдениет ошағында мүге­дек адам­дардың кіріп-шығуы да қарас­тырылған. Сарайдың сыртқы қанат­тары, баспалдақтары, блоктары да жаңар­тылған. Өрт қауіпсіздігі шаралары да мық­тап қолға алынған, сахнаға өртке қарсы шымылдық ілінген. Ғимарат­тың қасбетінде 300 шаршы метрлік қала­да­ғы ең үлкен дисплей орнатылған.
Елбасы күрделі жөндеуден өткен Республика сарайының ішін аралап көріп, кешеннің жаңа келбетіне, оның жан-жақты жабдықталуына оң баға берді.
Кеше:
Қазіргі Республика сарайы ең алғаш 1970 жылы сәуір айының 22-сі күні В.И.Лениннің 100 жылдығына орай ашылып, В.И.Ленин атындағы сарай деп атал­ған.
Ғимараттың сәу­летшілері Владимир Алле, Владимир Ким, Юрий Ратушный, Николай Рипинский, А.Соколов, Л.Ухоботовтар осы құрылыс үшін 1971 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болған.
Кеңес дәуірінде салынғандықтан, аталған Мәдениет сарайының тех­ноло­гиялық жарақтандыру жағы әл­сіз болды. Ғимарат маңында келу­шілердің авток­өліктеріне арналған арнайы тұрақ жасау жағы ескерілмеген болатын. Сарай ішінде дыбыс жазу студиялары болмаған.
Бүгін:
Бұрын ел ішінде Мәдениет сарайы ре­тінде танылған ғимарат Тәуелсіздік ал­ғаннан кейін ресми түрде Республика сарайы аталды.
1991 жылы осы ғимараттың сарай залында Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың инаугурациясы өткізіл­ген.
Сарайдың алдына 300 автокөлікке арналған автотұрақ салынған. Ал өнер адамдары мен көрермендер үшін, ең бастысы, сахна технологиясына – концерттік залдың акустикасына, ды­бысы мен жарығына аса мән берілген. Бұл жұмыстарды Мәскеудің Үлкен театрының акус­тикалық жағын есептеп жасаған арнайы мамандар жүргізген.
Республика сарайы биыл 40 жылдан бері тұңғыш рет реконструкциядан өтті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста