Заңнаманы әзірлеуде Брюссель қарқынды жұмыс істеп жатыр.
Бельгияның Қаржы министрлігі Корольдіктің жалпы сомасы 58 миллиард еуроны құрайтын ресейлік активтерді, сондай-ақ Ресейге қатысы бар 191 млрд еуроны құрайтын транзакцияларды бұғаттағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
25 ақпанда қабылданған Ресейге қарсы санкциялардың 10-пакеті еуропалық банктерді олардың балансында бұғатталған ресейлік қаражаттың көлемі туралы ұлттық реттеушісі мен Еуропалық комиссияға хабарлап отыруға міндеттейді.
Осылайша, Еурокомиссия Әділет мәселелері жөніндегі еурокомиссар Дидье Рейндерстің сөзімен айтқанда, «инвентаризациядан өткен бұғатталған активтерді» тәркілеп, Еуроодақ кейін ол қаражатты Украинаны қалпына келтіру жұмысына бағыттауға ниетті.
Заңнаманы әзірлеуде Брюссель қарқынды жұмыс істеп жатыр.