Референдум — демократияның бір белгісі

Референдум — демократияның бір белгісі

Еліміздегі сайлаушылардың жартысынан астамы Елбасы Н.Назарбаевтың президенттік өкілеттігін 2020 жылдың 6 жел­тоқсанына дейін ұзарту туралы референдум өткізу жөніндегі саяси еркін білдірді. 2005 жылғы президенттік сайлауда сайлау­шылар тізіміне жалпыұлттық біртұтас сайлау округі бойынша 8,95 млн азамат енгізілгенін ескерсек, бұл үлкен саяси күш екені даусыз. Бүгін Парламенттің қос палатасы бірлескен отырыста Елбасының референум өткізуге қарсылығын айналып өту процедурасын талқыға салады. Кейбір депутаттар айтып жүргендей, Парламенттің пайдасына шешілуі үшін 80 пайыз дауыстың өзі жеткілікті. Осындай жағдайда маңызды саяси шешім қабылдаудағы таразы басы қоспалаталы Парламенттің, оның артында 5 млн қалың сайлаушының мүддесіне қарай шешілуі әбден мүмкін. Осы ретте референдумның мән-маңызы мен халықаралық тәжірибесіне бір сәт назар аударған жөн сияқты.
Референдум өткізудің әлемдік тәжірибесі: жақтаушылар һәм қарсылар
Референдум – азаматтардың жалпымемлекеттік, аймақтық және жергілікті ауқымда аса маңызды мәселелерді тікелей дауыс беру арқылы өз еркін білдіруі және сол арқылы саяси шешім қабыл­дауға ықпал ету шарасы. Сондықтан референдум – тікелей демократияның маңыз­­ды институты. Негізінде, референдумдар мазмұнына қарай конституциялық, заң шығарушылық, халықаралық-құқық­тық, әкімшілік-құқықтық, әкімшілік-терри­то­риялық және т.б. қажеттіліктерге байла­нысты өткізіледі. Референдумның өзі қажеттілігіне қарай міндетті және факультативті деп бөлінеді. Әрине, міндетті референдумның заңдық күші болса, ал факультативті референдум электораттың көңіл күйін айқындау, бағалау мақсатында өткізіледі.
Асылында, антик дәуірінен бастау алатын референдум алғаш рет 1439 жылы Швейцарияда өткізілді деп есептеледі және бұл елде тікелей демократияның нышаны ретінде тұрақты ұйымдастырылып тұрады. Референдумдардың отаны әрі оны өткізуден рекордшы атанған Швейцарияда 1793-1994 жылдар аралығында ұлттық ауқымда барлығы 414 рет референдум өткізіліпті! Тек 1981-1990 жыл­дардың аралығында 76 референдум ұй­ымдастырылған екен. Жалпы, соңғы 200 жыл бедерінде кең масштабтағы рефе­рендум Еуропада — 149 рет, Орта және Таяу Шығыста — 93 рет, Азия елдерінде — 30 рет, Америка құрлығында — 49 рет, Океа­ния елдерінде 64 рет болған екен. Сонымен соңғы екі ғасыр ішінде әлем бойынша барлығы 799 жалпыұлттық референдум өткізілген. Австралияда – 44, Италияда – 43, Францияда – 22, Ирландияда – 18, Данияда – 13, Мысырда – 19, Филиппинде 11 рет ұлттық ауқымда референдум өткізілген. Айта кету керек, қазіргі мемлекет басшыларының өкілеттігін ұзарту туралы референдумдар ТМД шеңберінде бізден өзге Өзбекстанда, Түрікменстанда, Украинада және Белоруссияда өткен.

Елбасы референдумға рай білдірмесе де...
Заң шеңберінде Республикалық референдум өткізу туралы бастаманы Президент, Үкімет, Парламент және барлық облыстан тиесілі мөлшерде 200 мыңнан кем емес сайлаушының еркін білдіретін бастамашыл топ ұсына алады. Бұл ретте Президент өкілеттігін ұзарту мәселесін Конституцияның 3-бабының 2-тармағына сәйкес, заңда көрсетілген межеден 25 есе көп қол жинаған бастамашыл топ көтеріп отыр. 5 млн қол дегеніңіз – автономды немесе жекелеген топ емес, санасуға мәжбүр ететін мобилизациялық тегеурінді күш. Қазақстанның 1995 жылы қабылданған «Республикалық референдум туралы» заңы­ның 17-бабы негізінде, егер Республика Президенті Конституцияға өзгерістер мен ­толықтыруларды республикалық ре­фе­рендумға шығару туралы Парламент­тің ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент палаталарының әрқайсысының депутаттары кемінде бестен төртінің көпшілік даусымен Парламент Конституцияға осы өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті сол заңға қол қояды немесе оны респуб­ли­калық референдумға шығарады. Әри­не, егер Парламент депутаттары бір­ауыз­дылық танытса, Президент ветосын ең­се­ріп кете алады. Аталған заңның 19-бабында көрсетілгендей, референдум оны өткізу туралы шешім қабылданған күн­нен бастап бір айдан ерте емес және үш айдан кем емес мерзімде өткізіледі. Ерек­ше жағдайларда Республика Президенті референдум өткізудің басқа мерзімін белгілеуі мүмкін. Ал заңның 35-бабына сәйкес, «Референдум қабылдаған шешім­нің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар және Респуб­лика Президентінің немесе мемлекеттік үкімет органдарының актілерімен қан­дай да қуаттауды қажет етпейді» деп жазылған.

Ой-тұжырым
Референдумды өткізу бастамасы нені білдіреді? Бастамашыл топты қолдаушы пікірлерге зейін қойсақ, референдум – демократияның айқын айғағы. Референдум өткізуге талпыныс – Елбасы саясатын, Қазақстандағы тұрақтылықты кең қолдаудың белгісі. Сарапшылар бұл шара электоратты белгілі бір дәрежеде біріктіруші факторға айналып отырғанын айтады. Қалай дегенмен, халық сайлау болсын, референдум болсын өз таңдауын жасамақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста