«Қырғыз әріптестеріміз дұрыс айтады. Бұл – өте ұят іс»

«Қырғыз әріптестеріміз дұрыс айтады. Бұл – өте ұят іс»

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары Серік Негимов пен Қайрат Көтербеков Атамбаевтың сөздеріне қатысты өз ойларын айтты.

Соңғы айларда бізге ағайын-туыс Қырғыз елінің экс-президенті А.Атамбаев не түлен түрткені белгісіз, Қазақстан мен Елбасы атына, ұлттық тарихымыз бен тарихи тұлғаларымыздың атына негізсіз ауыр-ауыр сөздер айтты. Және оны ресми арналардан, интернет желілерінен жариялады.

«Қой, бұрын да көп берекесіздік жасаған екен, жадағай сөздері дос-әріптестерінен айырған екен. Бір басылар...» деп ойласақ, орашолақ ойларын үдетіп барады, үдетіп барады.

Қырғызстан ғылыми қауымымен ілгеріден қарым-қатынаста болғандықтан, мына жағдай бізді де бейжай қалдырмады. Сонда бұл не? Жаңа президентке көрсеткен өнегесі ме, туған халқына ойлаған қастығы ма, сан ғасыр құдандалы һәм ағайын екі ұлт арасына қаққан сандалбай сынасы ма – осыны ойлап қам жейтін болдық.

Бішкектегі әріптестерімізге телефон шалсақ: «Ой, қазақ байкелер-ай, ұят болды, ұят болды! Бұ абийиры жетишсиз адам» дейді.

Тағы да бізді жұбатып: «Қазақта «ит үреді, керуен көшеді» деген сөз бізде де бар. Мән бермеңдер. Шаршап қоя ма, құлап қоя ма – Алла біледі!» дейді.

Осы әріптестеріміздің сөзі, шынында, дұрыс-ау!

ХХ ғасырдың талай топалаңында қазақ пен қырғыз бірге қиындық көрді. 1916 жылы патша жазалаушылары қырғыздарды қынадай қырғанда, олар Қытай асты. Осы мәселеге жаны ауырған қазақ зиялылары елден жылу жинап, шекара асқан қырғыз ағайынды кері қайтаруға көп үлес қосты. Өткенде осы оқиғаны да А.Атамбаев теріс түсіндірді.

ХІХ ғасырдағы Кенесарымыз қырғызға жаулық ойлап барған жоқ. Ортақ азаттықты ойлап барды. Мұны Мағжан Жұмабаев «Оқжетпестің қиясында» атты поэмасында әдемі жазған. Бұл қаралы оқиғаны түзу түсіндірген талай қырғыз тарихшылары болды. Әлгі Қазақстанды жамандайтын сөзінде Атамбаев Кенесары оқиғасын да екі мемлекеттің «жаулығы» есебінде түсіндірді.

Елбасымыздың әлемдік және өңірлік беделі әлсіз басшы А.Атамбаевтың қызғанышын оятқан ұқсайды. 1991 жылдан бергі ширек ғасырда Н.Ә.Назарбаев Қырғызстанды ағайын ел ретінде тек қолдап келеді. Бұған мың мысал келтіре аламыз. Тіпті бұрынғы президенттерінің жаны қысылғанда, туысқан елдің сүйегіне таңба түспесін деп, арағайын болғанын иманды қырғыз бауырлар жыр қылып айтады...

«Қырғыз-қазақ бір туған» деген сөзді бүгін жас та, кәрі де айтады. Өйткені тарихты біледі, тағдырды біледі. «Біз Енесейденбіз» деген заман – бұрынғы заман. Одан белгі қалып па? Бүгінгі белгісі – қазақпен салты да, санасы да, салтанаты да, арманы да бір қырғыз.

Осыған сына қаққан адам екі дүниеде оңбас. Аруақтың жебеуін, тірінің батасын алмас.

Біз тағы да ғылым-білімге келейік. Тәуелсіздіктің 26 жылында қырғыз ғалымдарымен бірлесіп талай жобаларды орындадық. Академик Қаныш Сәтбаев кезінен Қырғызстан ғалымдарын қолдау – біздің достық қана емес, ағайындық парызымыз болып қалған еді. Қырғыз достар да Алматыға келсе, нағашысының үйіне келгендей еркін жүретін. Біз осы дәстүр сабақтастығын үзгісі келетін қайраткерге «сен шолақ ойлайсың және түбегейлі қателесесің!» деп тіке айта аламыз.

Бүгінде Астана мен Алматыда Манас және Шыңғыс Айтматов көшелері бар. Бішкекте де Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезов көшелері бар. Бәрі – рухани титандарымыз. Қазақ тарихы мен Қазақстан басшылығын жамандаған адам осы көшелермен қалай жүре алады? Асқақ та ортақ Алтаудың ауасын қалай жұта алады?

Қырғыз әріптестеріміз дұрыс айтады. Бұл - өте ұят іс. Сонымен бірге бұл қылық «біз қалай да жамандықтың алдын алуымыз қажет» деген ойға жетелейді.

Бірлігіміз артсын, тірлігіміз баянды болсын!

Серік НЕГИМОВ, филология ғылымдарының докторы,

Қайрат КӨТЕРБЕКОВ, физика-математика ғылымдарының докторы,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің профессорлары

Вaq.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста