Қылмыстық заңнамаларды реформалау мәселелері қаралды

«Адам баласы адам баласынан ой-санасы, ақыл-айласы, ілім-білімі, ар-намысы, мінез-құлқымен дараланып тұрады» деп, – дана Абай атамыз айтқандай, замандас құрбыларынан оза туған халқымыздың ірі заңгері, ұлы тұлға ретінде Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген ғылым мен техника қайраткері, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының (ҚазҰЖҒА) академигi, заң ғылымының докторы, профессор Елеген Қайыржанұлы Қайыржанов елге танымал. Артынан өшпес із қалдырған заң саласының тарланы Елеген Қайыржанұлының бүгінде туылғанына 80 жыл толып отыр.
Осыған орай өзі ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Қайнар университеті ұжымы үстіміздегі жылдың 17 қыркүйегінде заң­гер-ғалым, қайраткер, ұлағатты ұстаз, ардақты әке, ұлы тұлғаны еске алу рәсіміне орай Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясымен бірлесе отырып, университет қабырғасында «Қыл­мыс объектісінің мәселелері» атты тақы­рыпта дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел мына бағыттарды қам­тыды:
1. Заманауи Қазақстанда адам құқы­ғының қамтамасыз етілуі: жетістіктер мен проблемалар.
2. ҚР Қылмыстық, Қылмыстық іс жүр­гізу және Қылмыстық атқару заңнамалары­ның өзекті мәселелері.
3. ҚР Қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс объектісі мәселелері.
Оған еліміздің ірі майталман ғалым­дары қатысты. Атап айтсақ: Қайнар уни­вер­­ситетінің ректоры, ҚазҰЖҒА академигі, про­фессор Еренғайып Омаров; ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымының док­торы, профессор Әбдімәлік Нысанбаев; ҚазҰЖҒА вице-президенті, ҚР ҰҒА коррес­пондент мүшесі, филология ғылымының док­торы, профессор Кәрімбек Құрманә­лиев; Қайнар университетінің ғылыми жұ­мыс­тар бойынша проректоры, Экономика­лық зерттеулер институтының директоры, ҚазҰЖҒА академигі, экономика ғылым­ы­ның докторы, профессор Әбдіжапар Сапарбаев; сондай-ақ заң ғылымдарының докторлары әрі профессорлары: Зайырхан Ашитов, Нұрлан Әбдіров, Рима Жансарае­ва, Есберген Алауханов, Ләзиза Берсугуро­ва, Арықбай Ағыбаев, Алькен Миндагулов, Бақытжан Төлеубекова, Дулат Чукмаитов, Солидат Қайыржанова, Гаухар Рүстемова, Талғат Әкімжанов, Шаймерден Шарипов, Әлішер Ғаитов, Қайнар университетінің про­ректоры, заң ғылымының канди­даты, профессор Бақытбек Қалағанов жә­не басқа да шәкірттері мен ұжым мү­шелері қатысты.
Омаров Еренғайып Сәліпұлы, Нысанба­ев Әбдімәлік Нысанбайұлы, Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы, Сапарбаев Әбді­­жапар Жұманұлы сынды еліміздің қаймағы болған ағалар өз сөздерінде профессор Е.Қ.Қайыржановтың еліміздегі және шетелдердегі қыруар еңбектері, іс-са­парлары, өмір жолдары, ғылым мен ағарту саласына қосқан үлестері жайлы сөз етті.
Ұлы ғалымның заң саласынан тыс қызықты да, құнды еңбектерінің бір үзігі ретінде «Сұлтан Бейбарыс және оның мемлекет пен құқық туралы көзқарастары» атты жарық көрген мақаласы жайлы Шаймерден Шарипов әңгімелеп берді.
Дөңгелек үстелдегі баяндамашылардың Елеген Қайыржанұлының атына айтқан ал­ғысқа толы ілтипатты әрбір сөздері қатысу­шылардың жүрегіне жол тауып жатты.
Әрі қарай дөңгелек үстелдің тақыры­бы­на қатысты өзекті мәселелер талқы­ланды.
Кеңес Одағы тұсында қылмыс объекті­сін қоғамдық қатынас тұрғысынан қарап келген ғалымдардың көзқарастары Е.Қа­йыр­­жановтың пайымдауымен сәйкес кел­мей, көпке дейін қызу талқылауда болып келді. Қылмыс объектісін мүдде ретінде түсінудің дұрыстығын заман талаптары растап, бүгінде күллі Ресей, басқа да шетел ғалымдары мұны мойындап отыр.
Ашитов Зайырхан Омарұлы, Әбдіров Нұрлан Мәжітұлы мен Берсугурова Ләзиза Шал­тайқызы сынды ғалымдар өз сөздерін­де қылмыс объектісінің өзекті тұстарына тоқтап, Е. Қайыржановтың идеяларын ашып көрсетті. Ұстаздың дарынды шәкірт­тері, заң ғылымының докторлары Рүстемо­ва Гаухар Рүстембекқызы, Жансараева Рима Еренатқызы, Балашов Талғат Төлеу­ұлы, Қайыржанова Солидат Елегенқызы, сон­дай-ақ Қалағанов Бақытбек Қалаған­ұлы жекеленген қылмыс түрлеріне бай­ланысты қылмыс объектісі мәселелерін қарастырып кетті.
Ал ғалымның қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөніндегі ұстанымын жалғас­тырған шәкірттері Чукмаитов Дулат Слам­бекұлы мен Ағыбаев Арықбай Нүсіпәліұлы және Миндагулов Алкен Хайдарұлы, Әкім­жанов Талғат Құрманұлы өз баяндамала­рында ҚР қылмыстық заңының жаңа жоба­сы, жазаны орындауға қатысты мәселелер төңі­регінде ой қозғады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа жобасы жайлы айтылған Төлеубекова Ба­қыт­жан Хасенқызының, сондай-ақ крими­ноло­гия ғылымын Қазақстанда қалыптас­тырған Елеген Қайыржановтың ілімдері мен криминологияның бүгіні мен ертеңіне көз тастаған Алауханов Есберген Оразұлы­ның қызықты әрі тартысты ойларымен отырыс өз жалғасын тауып жатты.
Дөңгелек үстел Қайнар университетінде Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген ғылым мен техника қайраткері, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары акаде­мия­сының академигi, заң ғылымының докторы, профессор Елеген Қайыржанұлы Қайыржановтың есімі берілген кримина­лис­тика зертханасының ашылу салтанатына жалғасты.
Қазақтың маңдайына біткен заң саласының шамшырағы Елеген Қайыржан­ұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып тарқасқан қалың қауым,  еліміздің ғылымы мен біліміне салынған сара жол еліміздің жарқын болашағына апарар жалғыз ғана жол екендігін сезінгендей болды.
Әбдіжапар САПАРБАЕВ, Қайнар университетінің проректоры, Қаз ҰЖҒА академигі, э.ғ.д., профессор

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста