Израильдің Хайфа қаласында өткен Халықаралық «Викимания» конференциясында қазақстандық Wikibilim қоры 2011 жылғы ғаламдық Википедия, яғни Global Wikipedian – 2011 деп танылды. Естеріңізге сала кетейік, Wikibilim «Қазақша Википедия» жобасын іске қосқан болатын. Негізгі мақсат – Википедияның қазақша бөлігіндегі мақалалар саны мен сапасын арттыра түсіп, сонымен қатар онлайн-энциклопедияның пайдаланушылары мен редакторларының белсенді қауымдастығын құру. Жобаның бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
Өз жұмысын бастағаннан бері бас-аяғы үш айдың ішінде Википедиядағы қазақша мақалалар 7 мыңнан 70 мыңға дейін, ал энциклопедияны қолданушылар саны 4 мыңнан 231 мыңға дейін артқан. «Қазақша Википедия» жобасының бұл аралық нәтижесі – әлемдік энциклопедияның бөлімдерінің арасындағы жылдың ең үздік жетістігі. Конференцияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде Википедияның негізін қалаушы Джимми Уэйлс қазақша Википедия тілдер бөлімінде соңғы жылдары іске асырылған ең табысты дамып келе жатқан жоба екенін атап өтті. Өз сөзінде Д. Уэйлисі «Біз Википедияның қазақша бөлімінің тәжірибесін өз тілдерінде білім мен мәдениетті дамытқысы келетіндер үшін кең таралуына мүдделіміз», – деді. Өз кезегінде Wikibilim ҚҚ жетекшісі Рауан Кенжеханұлы Д.Уэйлсті осы жылғы желтоқсанда «Қазақша Википедия» жобасының алғашқы кезеңін қорытындылау отырысында Қазақстанға келіп қайтуға шақырды. Википедияның негізін қалаушы шақыртуды қабыл алып, Алматы мен Астанаға келуге ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ ол өзінің Қазақстанға жасаған сапарында Википедияның Орталық Азияда мекен ететін халықтардың тілінде дамытудың мүмкіндіктерін талқылауды ұсынды. Аталған тақырыпқа конференция ұйымдастыру үшін Wikibilim қоры Д.Уэйлстің атаулы грантын алды. Аталған конференция жұмысына биыл 56 мемлекеттен 700 адам қатысты.
Қазақтың «Викибілім» қоры ғаламдық Википедия атанды
Последние статьи автора