Қазақтың «Викибілім» қоры ғаламдық Википедия атанды

Қазақтың «Викибілім» қоры ғаламдық Википедия атанды

Израильдің Хайфа қаласында өткен Халықаралық «Викимания» конференциясында қазақстандық Wikibilim қоры 2011 жылғы ғаламдық Википедия, яғни Global Wikipedian – 2011 деп танылды. Естеріңізге сала кетейік, Wikibilim «Қазақша Википедия» жобасын іске қосқан болатын. Негізгі мақсат – Википедияның қазақша бөлігіндегі мақалалар саны мен сапасын арттыра түсіп, сонымен қатар онлайн-энциклопедияның пайдаланушылары мен редакторларының белсенді қауымдастығын құру. Жобаның бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
Өз жұмысын бастағаннан бері бас-аяғы үш айдың ішінде Википедиядағы қазақша ма­қалалар 7 мыңнан 70 мыңға дейін, ал эн­циклопедияны қолданушылар саны 4 мың­нан 231 мыңға дейін артқан. «Қа­зақ­ша Википедия» жобасының бұл аралық нә­тижесі – әлемдік энциклопедияның бө­лім­дерінің арасындағы жылдың ең үздік же­тістігі. Конференцияның қорытынды оты­рысында сөй­леген сөзінде Ви­ки­пе­дия­ның негізін қа­лау­шы Джимми Уэйлс қа­зақ­ша Википедия тілдер бөлімінде соңғы жыл­дары іске асырылған ең табысты да­мып келе жатқан жоба екенін атап өтті. Өз сө­зінде Д. Уэйлисі «Біз Википедияның қа­зақ­ша бөлімінің тә­жі­рибесін өз тілдерінде бі­л­ім мен мәде­ниет­ті да­мытқысы ке­ле­тін­дер үшін кең таралуына мүд­деліміз», – де­ді. Өз кезегінде Wikibilim ҚҚ жетекшісі Ра­уан Кенжеханұлы Д.Уэйлсті осы жылғы жел­тоқсанда «Қазақша Вики­пе­дия» жо­ба­сы­ның алғашқы кезеңін қоры­тын­дылау оты­рысында Қазақстанға келіп қай­туға ша­қырды. Википедияның негізін қа­лау­шы ша­қыртуды қабыл алып, Алматы мен Ас­та­наға келуге ниетті  екенін жеткізді. Сон­дай-ақ ол өзінің Қазақстанға жасаған са­па­рында Википедияның Орталық Азияда ме­кен ететін халықтардың тілінде да­мы­тудың мүмкіндіктерін талқылауды ұсынды. Аталған тақырыпқа конференция ұйым­дас­тыру үшін Wikibilim қоры Д.Уэйлстің атау­лы грантын ал­ды. Аталған конференция жұ­мысына биыл 56 мемлекеттен 700 адам қа­тысты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста