Қазақты қазақ еткен – әйел

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

«Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі», – деп жазады жазушы Мұхтар Мағауин, әйел дегенде ең алдымен ойымызға «сұлулық», «мейірімділік», «нәзіктік» ұғымдары оралады. Бұл сипаттармен қоса, әйелдің темірдей төзімі мен қайраткерлігі – жиі көрініс беріп тұратын құбылыс.
Тарихымызға үңілсек те, елдік істерге араласып, үйдегі балаларына ғана емес, түздегі халыққа қамқор болып, еңбегі сің­ген аналарымыз аз емес екеніне көз жет­кі­земіз. Олар жайлы жазушы Мұхтар Ма­ға­уин былай деп қалам сілтеген еді: «Ежел­гі эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақ­жүніс пен Назым. Шежірелі тарихтағы До­малақ-ене мен Қыз-ене, Айша-бибі мен Абақ-ана. Таңбалы тарихтағы Қасым ханның анасы Жақсы-бике, Абайдың анасы Ұлжан, арыдағы Алаштың тұлғасы болған тағы қаншама алыпты туғызған, есімдері сақталмаған әулие аналар, берідегі ел билеген Айғаным мен қол бастаған Бопай, қазақ әйелінің асқақ әрі нақты көрінісі сондай болды күні кешеге дейін».
Қазіргі қазақ қызы қоғамның кез келген саласына еркін араласып, қазан-ошақтың маңында ғана емес, елдік істердің басы-қасында да жүр. «Әйел затының қоғамдық шаруаларға, мемлекеттік істерге көп араласуы елдің демографиясы мен ұрпаққа дәстүрлі тәрбие беру ісіне кедергі болады» деген пікір жиі айтылады. Бұл да дұрыс шығар. Дегенмен әйел жүрген жер­де тәртіп бар деген пікірді де қоғам жиі айтады.
Соңғы деректер бойынша, Қазақ­стандағы мемлекеттік қызметкерлердің 51 па­йы­зын әйелдер құрайды екен. Әйелдер­дің үлес салмағы әр салада әртүрлі көр­сет­кіштерге ие. Мәселен, судьялардың ара­сында – 42 пайыздан, кәсіпкерлер ара­сында 40 пайыздан асады.  Әсіресе ме­дицина мен білім саласында әйелдердің са­ны да, салмағы да басымдау: 80 пай­ыз­дан жоғары. Мемлекеттік қызметтегі үлес сал­мағы 51 пайызды құрағанымен, олар­дың құзырлы креслода отырғандары 11 па­йыз шамасында ғана екен. Денсаулық сақ­тау министрлігi, Еңбек және халықты әлеу­меттiк қорғау министрлігі, Эко­но­микалық интеграция істері жөніндегі ми­нистрлік сияқты Үкіметтің үш негізгі ме­ке­ме­сінің басшылығында әйел азаматтар отыр. Қазақстанда министрлік қызметке әйел азаматты қою  – біраз жыл бұрын басталған үрдіс.
Әйел шенеуніктердің бір ерекшелігі: мекеменің қызметі қоғам үшін ашық болады. Мәселен, жұртшылық министр Гүлшара Әбдіқалықованы бұқаралық ақ­парат құралдарынан қорықпайтын, ке­рісінше, кез келген ісіне түсініктеме беруге да­йын тұратын қайраткер ретінде таниды. Әсіресе қазақтілді баспасөздерге министр­дің есігі қашанда ашық. 
Өкінішке қарай, облысқа әкім болып отырған әйел азаматтар жоқ екен. Ал орынбасарлық қызметте отырғандардан Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованы және тағы басқаларды атауға болады. Бүгінде Қазақ­стан қоғамында саясатта болсын, бизнесте бол­сын, экономиканың барлық секто­рында, шаруашылықтың әртүрлі сала­ларында болсын, ер-азаматтармен қатар ең­бекке белсене араласып, еліміздің эко­номикасының, мәдениетінің, руха­ния­тының дамуына жол іздеп, қоғамның на­за­рында жүрген әйел қайраткерлер аз емес. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне ер-азаматтармен қатар тұрып, иық тірес­тіре еңбек етіп, сүбелі үлестерін қосып жүр­ген Светлана Жалмағамбетова, Зағипа Ба­лиева, Алтыншаш Жағанова, Айгүл Со­ловьева, Бірғаным Әйтімова, Шәмшә Бер­кім­баева, Бақыт Сыздықова, Асылы Осман, Гүлжан Қарағұсова, Бақыт Түменова, Сал­танат Байқошқарова, Зейнеп Ахметова, ақындардан Фариза Оңғарсынова, Мар­фу­ға Айтқожина секілді, жас жур­налистерден Жұлдыз Әбділдақызы, Кәм­шат Тасболат, Гүлжан Көшерова  сияқты әйел қайраткерлерді тізе берсек, ұзын-со­нар кесте шығатыны сөзсіз.
Мемлекеттiк басқару саласында, кәсiп­керлiк пен өнеркәсiпте, бiлiм мен ғылымда қа­жырлы еңбегiмен дүниежүзiне танылған азаматшаларымыз көп.
Мәселен, Чехияда адам құқықтары жә­не ұлттық кемшiлiк министрi Жәмила Стех­ли­кованың аты Еуропа елдерiне тегiс мә­лiм. Ал ресейлiк «Базовый элемент» хол­дингiнiң бас директоры Гүлжан Мол­да­жанова әлемнiң ең ықпалды iскер әйел­дерiнiң алғашқы ондығына еніп, Forbes журналы жариялаған әлемнiң ең ықпалды 100 әйелiнiң тiзiмiнде 37-орында тұр екен.
Бүгінгі таңда мемлекетімізде гендерлік саясат бағытында қажетті шешімдер қа­был­данып, ауқымды шаралар орындалып жатыр. 1999 жылы Қазақстан Респу­бли­касында әйелдердің жағдайын жақсарту жө­ніндегі алғашқы Ұлттық іс-қимыл жоспары бекітілді. Осы жылдары еліміз­дің Парламенті БҰҰ-ның «Тұрмысқа шық­қан әйел­дің азаматтығы туралы» және «Әйел­дің саяси құқықтары туралы» конвен­ция­сын, Халықаралық еңбек ұйы­мының әйел­дер мен балалар құқықта­рына қатысты бір­қатар келісімін ратифи­ка­циялады. Үкі­мет басшысы Кәрім Мә­сімовтің пікірінше, бүгінде Қазақстан алалаушылық пен кемсітушілікке тосқа­уыл қою бойынша Еуропалық одақ құра­мындағы Италия, Франция секілді 12 мемлекетпен тең тұр.

Құдай мен табиғаттан кейінгі үшінші жа­ратушы атанған әйел заты, расында, жасампаздыққа бейім. Себебі әйел – Ана. Қазақта «Отан-Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды текті теңеулер бар. Бұлардың бар­лығы да – адам баласы үшін ең ұлы ұғым­дар. Бір сөзбен айтқанда, әйел-ананың адам­заттың бүкіл асыл құндылығын ар­қалап, ұлттың бар озық қасиетін жеткізуші, да­рытушы, дамытушы тұлға болып келе жат­қаны ақиқат. Біздің ұлттық ділімізде хал­қымыз – ежелден-ақ әйел затын әл­пеш­теп, қыздарын құрметтеп, анасын ардақ тұтқан халық. Осынау үлгілі үрдіс заман талабына сай өз сабақтастығын бүгін де жоғалтқан жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста