Қазақтар неге арабтар сияқты тұрмайды? - Назарбаев

Бүгін Астанада ашылған жастар форумында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды Батыс Еуропа мен Біріккен Араб Әмірліктерімен салыстырып, негізгі айырмашылықтарын атап берді. Мемлекет басшысының ойынша, қазақстандықтар арабтар сияқты тұра алмайды. Себебі біздің климатымыз өзгеше, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы. "Бүгінде кейбіреулерді мына бір мәселе мазалайды. Неге біз әлі күнге дейін Батыс Еуропа немесе Араб әмірліктері сияқты тұрмаймыз? Әрине, оның өзіндік себебі де жоқ емес. Біздің экономикамыз бен тұрмыстық жағдайымызға әсер етіп отырған нақты факторлар бар. Біріншіден, климат, сосын жер шалғайлығы, теңізге шығатын жолдың жоқтығы және тағысын тағы. Ал Батыс Еуропа, Австралия, АҚШ, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Араб әмірліктері сияқты мемлекеттердің жағдайы ондай емес, климаты да өзгеше. Біздегі қақаған аяздар жоқ. Теңіздер мен мұхиттарға шығатын жолдары бар. Ал экономикалық өсім аязда емес, бірқалыпты климатта жақсы жүреді. Аталған елдер біз сияқты энергияға көп шығындалмайды. Бізден үш есе артық үнемдейді", - дейді Н.Назарбаев. Осы орайда Президент бір мысал келтірді. Мәселен, Астана мен Малайзияның бір жерінде екі қабатты үй салсақ, біз үшін оның құрылысы 10 есеге қымбатқа түседі. Себебі қалың қабырғаны көтергеннен кейін оны арнайы материалдармен қаптап, қыста жылытып отыру қажет. Ал Малайзия сияқты жерде үйді ағаштан көтере салады. Басқа шығындары жоқ. "Демек, біздің экономикамызға көп энергия кетеді. Бұның бәрі - үлкен шығындар. Себебі айналадағы табиғаттың өзі сондай. Жыл сайын барлық қала мен ауылдарды жеті ай бойы жылытып отырамыз. Бұдан бөлек, халықта жылы киім мен құнарлы тамақ алатын ақша болуы қажет", - деп атапк көрсетті Н.Назарбаев.
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста