Себебі доллар бағамы өскен кезде, импорт арқылы келетін тауарлардың құны көтеріледі.
ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде тауар арзандайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сенат отырысында Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің басшысынан Қазақстанда доллар бағамының төмендеуіне байланысты тауар бағасы арзандай ме деген сұрақ қойды.
"Баға төмендейді деп санаймын. Себебі доллар бағамы өскен кезде, импорт арқылы келетін тауарлардың құны көтеріледі. Ал доллар бағамының төмендеуін ескере отырып, импорт тауарлардың бағасы біртіндеп түседі.
Жылдың басында инфляцияның (20 пайыз) жоғары деңгейі байқалып отыр. 2-3 айдан кейін бұл көрсеткіш төмендейді деп санаймыз. Нақтыланған бюджетте инфляция деңгейін 7,5-9,5 пайыз шамасында белгіленді. Атап айтқанда, елімізде тауар бағасы түседі деп есептейміз", - деді Е. Жамаубаев.