Қазақстан – Иран байланысы жаңа белеске жетелей ме?

Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани Орталық Азияға жасайтын мемлекеттік сапарын Қазақстаннан бастайды. Кеше осы миссиямен Астанаға келген Иран басшысы бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, келіссөздер жүргізбек.
Әлбетте, қазақ-иран байланыстарының тарихы тым тереңде. Каспийдің оңтүстігіне жағалай орныққан көне парсы елімен арадағы ресми дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 22 қаңтарынан басталыпты, сол жылы Иранның Қазақстандағы елшілігі, ал 1993 жылы Иранда Қазақстан елшілігі ашылған. Президент Н.Назарбаевтың 1999 жылы 6 қазанда Тегеранға жасаған ресми сапарында «Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы Декларация» қабылданды. Содан бергі кезеңде елдер арасындағы экономикалық, сауда-саттық һәм мәдени байланыстар жоғары деңгейге жүгіріп озбаса да, бірқатар жолға қойылған. Дегенмен бүгінгі әлемдік ахуал, соның ішінде геосаяси жағдайдың өзі қарт Каспийді жағалай жайғасқан екі елден де әлеуетті арттыра түсуді талап ететіндей. Айтпақшы, бұған дейін де Елбасының Иранға, Иран басшыларының Қазақстанға ресми және жұмыс сапарлары жылдар бойы өрбіді. Соңғы рет Нұрсұлтан Әбішұлы былтырғы жылдың тамызында Иранның жетінші президенті Хасан Руханидің ұлықтау рәсіміне қатысып, соның арасында қазақ-иран байланысының экономикалық қуатын пысықтап қайтқан еді.
Расында, бүгінгі ресми Тегераннның саясаты, ұстанған жолы әлем аузында. Отыз жылдан астам уақыт АҚШ пен батыстың санкция қыспағында отырған парсылардың бүгінгі ахуалын зерделегендер, еркін нарыққа енсе Иран әлемдік жетекші елге айналатынын алға тартады. Мұны жоқа шығаруға да келмес. Өйткені санкцияға сүйеніп келген батыс әлемі қазір Иранға қатысты жұмсара қоюды өзіне үлкен қатер санайтын да тәрізді. Дегенмен билік басына Руханидың келуі батыс пен Иран арасындағы келіссөздердің біршама жібіп, «сеңнің» қозғалуына әсер еткендей. Әйтсе де ислам мемлекеті әлі де батыс әлемі үшін үрейлі кейпінде қалуда.
Ал Қазақстан мен Иранның негізгі байланыстарына келсек, екі ел сауда-саттық және экономикалық қарым-қатынасқа, соның ішінде көліктік-транзиттік тасымалдарға ерекше ден қоя бастады. Екі ел жүк экспорттары үшін ыңғайлылықтың жолын іздестіріп, келісімге келіп те жатыр. Трансазиялық теміржол магистралі, иран жүктерін Қытайға, Қытайдан тауарларды Қазақстаннан Иран арқылы Еуропа нарығына тасымалдау бағытында өзара тиімді келіссөздер де баршылық.
Каспий қайраңын бөлісу мен Иран ядролық бағдарламасына қатысты мәселелер де қазақ-иран күн тәртібіндегі өзектілер саналады. Соның ішінде Қазақстан Иран ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселелерді тек бейбіт және дипломатиялық жолмен реттеуге маңыз береді әрі мәселенің дәл осылай шешілуіне барынша мүдделі. Бұған былтырғы жылы Алматыда Иран ядролық бағдарламасын талқылауға қатысты жабық есік жағдайындағы алты мемлекет (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Германия) пен Тегеран өкілдерінің басқосуын алға тартсақ та болады. Екі күндік келіссөздер барысында нақты шешімдер қабылданбағанымен, біршама ілгерілеушіліктің болғанын, келіссөздер әдеттегіден жылышырайда өткенін сарапшылар мойындайды.
Ал Каспий мәселесіне келсек, қазынаға торлы қайраң қазақ-ираннан бөлек және үш мемлекеттің ортақ дүниесі. 1992 жылдан бері мәртебесі айқындалмай келе жатқан теңіз төңірегіндегі түйткілдер әлі де бір арнаға тоғысқан емес.
Бүгінгі Ақордада жоспарланған кездесуге келсек, мұнда жоғарыда аталған мәселелермен қатар, ең алдымен Қазақстан – Түркменстан – Иран теміржолының құрылысын пысықталатын түрі бар. Өйткені аталған жобаны биыл іске қосу жоспарланған. Айтпақшы, соңғы уақытта Қазақстан – Түркіменстан – Иран теміржол тасымалына Түркия тарапы да қызығушылық танытқанын сарапшылар айтады.
Жалпы ислам мемлекеті басшысының Орталық Азияға жасаған мемлекеттік сапарын ресми Астанадан бастағаны да біршама жайтты аңғартса керек. Ең бастысы, Тегеран да соңғы уақытта Қазақстанмен саяси-экономикалық байланысын нығайтуға көп көңіл бөле бастағанын осы сапар айғақтайтын тәрізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста