Қазақ неге ұлтшыл болғысы келмейді?

Бүгіндері Қазақстанды түрлі үрей кезіп жүр, соның ішінде "ұлтшылдық" дегені қазақтың бойын билеп-төстеп алғалы қашан? "Алаш айнасы" мамандардың пікірі арқылы нақ осы үрей түрінің Қазақстанда патриоттықты тұншықтырып, мемлекеттік тілді білуге деген құлшыныстың оянуына жол бермей отырғанын анықтады.
"Қазақстанды Қазақ елі" деп аталық деп бастама көтергенімізге әлі көп бола қойған жоқ. Бұл бастамаға лаңкестік актілер жиі бой көтеретін біздің аймақтағы Ауғанстанмен, Пәкістанмен елімізді басқалар шатастырып алмаса екен деген ой түрткі болғаны белгілі. Жалпы, террор үрейінен бойын ала қашушы әлемдегі жалғыз біздің ел емес. Мәселен, Еуропада "Қай дінді ұстанасыз" деген сауалнама жүргізгенде мұсылман қауымның қарапайым өкілдерінің көбісі ислам сөзін емес, осы дін ішінде өзі ұстанатын тармақты атауды жөн санаған. Өйткені олар өзін лаңкестермен шатастырып алмаса деп байқастайды екен. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда ақпараттық майданда ислам мен террор түсінігін қатар қойып, жат пиғылдылар ұпайын түгендеп бағып жатыр...
Жалпы, кейбір сөз, әсіресе саясатқа жақыны заманына қарай мағынасын өзгертіп отырады. Сондықтан оларды тарих сынында зерделеп отыру маңызды. Мәселен, ұлтшылдық түсінігі коммунизм кезінде жаман адамға бағытталатын балағат сөздердің бірі ретінде сипат алды, тіпті оны әсіреұлтшылдықпен де теңестіріп жіберді. Есесіне, ол кезде жұмысшы табы мүддесі үшін өз ұлтын сатқандарды жақсы етіп көрсететін "интернационалист" деген жасанды түсініктің бағы дәуірлеп тұрды. КСРО-да қанша жерден ұлтшылдық жаман көрсетілгенімен, орыстың ұлтшылдығы оған тұншықпады, керісінше, қанатын кеңінен жайды. Орыс өзге ұлт өкіліне ана тілінде сөйлеуге тыйым салып, өктем сөйлеуге құқылы болды. Осылайша 70 жыл бойына ұлттық патриоттықты айшықтауға мұнда (кеңес заманында) жол берілмеді, ал сипат алғандарын жазалады. Ұзаққа созылған осы рухани басып-жаншуға қарсы 1986 жылғы желтоқсанда бой көтерген қазақ жастарын да ұлтшылдар деп айыпталды. Бұл – кешегіміз. Ал қазіргіміздің де жайы мәз емес. Біз әлі күнге ұлтшыл деген сөзден қашып, оның орнына "ұлтжанды", "ұлт патриоты", "ұлт жанашыры" деген балама сөздерді пайдалануға тырысамыз. Осы құбылыстың өзінен ұлтшыл деген түсінік арқылы "қызылдар" билігі әбден ұялатып кеткен үрейдің бойымызда әлі барын анық байқауға болады.
Тәуелсіз қазақ қоғамы қазақтың патриоттығына емес, қазақстандық патриоттыққа тәрбиеленеміз деп алдында тағы бір әбігерге түскені бар. Осы факті де біздің саясаттың кеңестік сарқыншықтардан арыла алмағанын көрсетеді. Әбүйір болғанда, бұл дауға сол кезде саясат ғылымының кандидаты, профессор Лейла Ахметова өзінің докторлық диссертациясы арқылы нүкте қойғандай болып еді. Маман өз еңбегінде: "Кез келген ұлттың кез келген патриоттық белгісі өмір сүруге толықтай қақысы бар: қазақстандық патриоттықтың да, сол секілді қазақ патриоттығының да. Бұл арада ешқандай шектеу болмауы тиіс. Бір мемлекетте патриоттықтың екі түрі болады, бұған дейін де болған, ол алда бола береді де. Әрине, елімізде 130 этнос бар десек, онда қазақстандық патриоттық болуы керек, бірақ мемлекетті құрушы ұлт – қазақтарсыз біздің тарихымыз болмайды. Сондықтан Қазақстан саясатында патриоттықтың осы екі түрі қатар көрініс тауып, дамып-өркендеуіне толықтай негіз бар. Мұны даулап жатуға негіз жоқ. Сондықтан қазақ патриоттығының кешегісін, бүгінін және болашағын үнемі зерделеп, сараптап, одан қорытынды шығарып отыруымыз керек" деп жазды.
Алайда, өкінішке қарай, маман өз зерттеуінде қадап айтқан – қазақ патриоттығы кешегісінде де, бүгінінде де бағаланып жатқан жоқ. Оның себебін саясаттанушы Уәлихан Төлешов еліміздің Ресейдің ақпараттық-саяси ықпалынан шыға алмай отырғандығымен түсіндіреді.
Уәлихан Төлешов, саясаттанушы:
– Қазақстан қоғамында ұлтшылдықты жаман нәрсе деп түсінетіндер әлі де баршылық. Өйткені біз кешегі тарихымызға толықтай баға беріп үлгергеніміз жоқ. Ал кешегіні зерделеусіз біз ертеңге аяқ баса алмаймыз. Мұндайда кешегіміз күмәнді, ертеңіміз бұлыңғыр болып тұрады. Сондықтан адамдарда үрей болады. Бұл үрейді мемлекеттің өткен тарихындағы, мәдениетіндегі қателіктерді, ақтаңдақ беттерді, жаңсақ түсініктерді анықтап, оған нақты бағасын бергенде жеңуге болады.
Жалпы, тарихи-мәдени мықты сараптамаға сүйенген мемлекеттің болашаққа деген саяси концепциясының 100 пайыз болашағы зор болып келеді. Әрине, тәуелсіздік алғалы бері осындай тұжырымдама түзе алмауымызға, бір жағынан, осы аймақтағы Ресейдің ақпараттық-саяси ықпалының дәуірлеп тұруымен де тығыз байланысты. Мұндайда бұл іс, яғни ақиқи тарихымызды айшықтау кезек күттірмейтін мәселе болуы тиіс. Ұлт тарихын өзіміз жасай алмасақ, оны өзгелер өз мүддесіне қарай қалай болса, солай жасап бере салады. Ондай көріністер соңғы кездері жиі орын алып жүр. Ал бұған жол берсек, бұл кеше көп жылдар бойына осы кең байтақ жеріміз үшін қасық қаны қалғанша тайсалмай күресіп, жаумен қайтпай тістесіп, алысып-қырқысқан ата-бабаларымыздың алдындағы бүгінгі ұрпақтың кешірілмес үлкен күнәсі болады. Сондықтан оған мүлде жол бермеу керек.
Былтыр Елбасының тапсырмасы бойынша ұлт тарихын қайтадан зерделеу ісі қолға алынды. Бұл өткен тарихымыздағы кімнің кім екенін, ненің нақ не екенін ашып, дәлме-дәл көрсететін ұлттық саясат, елдігіміз үшін аса маңызды сындарлы шара еді. Бірақ уақыт өткенімізге баға беру ісі қысқа мерзім ішінде шешілетін мәселе емес екендігін аңғартты. Ал ұлттық рухани ізденістегі дегбірсіз жастарға мұны қалай түсіндіре аламыз? Күте тұрыңдар деп айтамыз ба?.. Сондықтан болар олар тарихтан, саясаттан жеткілікті деңгейде қолдау таппаған ұлттық құндылықтарын, патриоттығын жаппай діннен іздей бастаған секілді. Сөйтіп, ғаламдану арқылы елімізге дендеп енген аш-жалаңаш батыс мәдениетіне қарсы ұлттық құндылығымен дұрыс жауап бере алмаған қазақ қоғамы дінді қалқан етуге тырысып көріп жатыр.
– Шыны керек, ислам – ата-бабамыз ұстанған дін болғандықтан, рухани тапшылықтың орнын жастарымыз осы жақтан тапқысы келеді. Өйткені дін, бір жағынан, кеңес заманында саясатқа, тарихқа етене жақын кіріктірілмеген, аса қатты бұрмалауға ұшырамаған сала болып табылады. Қазақтың кеңес заманынан мұра еткен жаман қасиетінің бірі маскүнемдік еді. Оған жабулы есік ашылғанда лап қойған батыстың түрлі сайқал еліткіштері келіп қосылды: есірткі, жезөкшелік, казино, автомат ойындары және т.б. Мұның барлығы – қазаққа жат қылықтар. Бірақ отаршылдық саясатта әбден мәңгүрттеніп, тарихы, салт-дәстүрі түгіл, туған ана тілінен айырылған ұлттық иммунитеті жоқтарды бұл нәпсі қоздырғыштар одан сайын жаншып-езгілей бастады. Мемлекет бұл ретте тиімді тетіктер ұсына алмады. Ең бірінші кезекте, намазға жығылғанда қазақ осы нәпсілерден тыйылу үшін, сөйтіп, есін жиған соң дінмен қабыса өрістеген ата-баба дәстүрін жаңғыртуға бел буып жатты. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда бүгінгі таңда ислам да бұрынғы қалпында өзгеріссіз қалды деп айта алмаймыз. Жат пиғылдылар дін ішіне іріткі салу үшін оны бөтен тармақтармен толықтырып жатыр. Ал аса діни білімі жоқ біздің қоғам осы сезікті де әрі қауіпті тармақтардың қақпанына ілініп қап жатыр. Бірақ бұл исламнан біржола аяқ тарту керек дегенді білдірмейді. Құдайға шүкір, бүгінгі таңда Қазақстанның діни басқармасы діни білімді жетілдіруді мықтап қолға алуда. Алдағы жарқын болашақта ислам дінінде адасқандар қарасы күрт азаяды деп сенемін, – дейді саясаттанушы Кеңес Сманов.
Маман айтып өткендей, қазір ислам дініне бет бұрып жатқан жастар өте көп. Ал олар ислам діні тармақтарында адасып, "Сен кімсің?" деген сауалға ертең тек қана "Мұсылманмын" деп жауап беріп, ұлтын атаудан бас тартып жүрмесін деп тағы қауіптенеміз. Расында, ғаламторда қазақ төлқұжатын жыртып, Ислам халифаты деп желіктірушілер жетегінде жүрген бір-екілі жасымыз туралы факті бар. Өзіне сарбаз іздеп, әлемнің бір түкпірінен оны тауып алған радикальдық топтар қатарының кемімеуіне мүдделі. Сондықтан ғаламтор арқылы төлқұжатты жыртқызу арқылы бұл азаматты олар еліне жария етіп, мұндағы ресми органдар отандасымыздың кері оралуына шектеу қоюын қалайды. Шындығы - осы. Бірақ осы бағытта адасқан кейбір замандасымыздың сана-ойын жалған идеология жаулап алғаны соншалықты - оларды кері ойға көндіру өте қиын. Сондықтан біздің мемлекет ұлттық тарихымызды қайтадан зерделеп түзуді тезірек тамамдауы тиіс.
"Алаштың" түйіні:
Негізінен, кез келген кезеңде өз-өзіне сенімсіз саяси режим үрейді ұтымды пайдаланып отырады. Билік үшін үрей халықты тежеп ұстаушы құрал болып табылады. Сондықтан оның көрініс табуы - заңдылық. Ал осы үрей мен қорқынышты жеңген халық әлемдегі ең мықты елге айналады. Рухын сауықтырғанда ғана адам болашағына жарқын көзбен қарайды. Біз тәуелсіздік алғалы бергі 20 жылдан астам уақытта "Мемлекеттік тілді үйренейік" деп құр ұрандай бердік. Ал оған кедергі келтіруші басты себеп – ұлтшылдық фобиясын жоюға қатысты бірде-бір қадам жасамаппыз. Мүмкін оны жасатпай жатқандар да бар шығар. Қалай дегенмен де қазақ зиялы қауымы үшін, әсіресе тарихшыларға өткенге баға беретін, сөйтіп, ұлтшылдық сөзінің тура мағынасын сауықтыратын қазір өте жауапты кезең келіп тұр деп есептейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста