Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақордаға телеграм арнасына сілтеме жасап.
Сапар барысында Президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі.