Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Қайрат Келімбетов әр жылдары стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы, Қаржы вице-министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Басқарма төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы қызметтерін атқарған.
2015 жылдың 24 желтоқсанында АХҚО басқарушысы болып тағайындалды.