Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?

Саяси басқарушы элита туралы толғам айтып, ой түймеген философ кемде-кем. Саяси ілімнің негізін қалады дейтін Конфуций, Платон, Аристотель, Макиавелли, шығыс ойшылдарының ішінде әл-Фараби бабамыз да басқарушылардың қоғамдағы рөлін тәптіштеп түсіндірген. Өткен заманның ойшылдары түйген тұжырымдардың қай-қайсысын алсаңыз да, өзектілігін жоғалтпаған. Яғни жібі түзу саяси жүйе құру, саяси элита қалыптастыру – қоғамның дамуына кепілдік. Бұл – жай айтыла салған сөз емес. ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Гаэтано Моска, Вильфредо Парето, Роберт Михельс сияқты Еуропаның ірі ғалымдары «саяси элита» ұғымын зерттеп, ғылымға енгізді. Ғылыми тұжырымдамалар­дың тобықтай түйіні: кез келген мемлекеттің жүрісі қоғам локомотиві – саяси элитаға байланысты.
Ел дамуының тетігі ретінде он айқын бағытты көрсетіп берген Президент Жол­дауы­ның бесінші бағыты сапалы саяси бас­қарушыларды дайындау болды. Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев өз сөзінде: «XXI ғасыр заманауи мемлекетті басқаруда күш­ті талаптар қойып отыр. Біздің маңызды мін­детіміз – сапалы саяси басқарушыларды дайын­дау», – деген болатын. Яғни бізге жаһан­дық қатерлерге төтеп беретін, негізі қа­лан­ған, тәуелсіз, жас мемлекетті қайшы­лас­қан әлемде лайықты бастап жүретін сая­си басқарушылар керек. Бұл туралы Мем­лекет басшысы: «XXI ғасырда Қазақ­станды лайықты бастап жүретін жаңа бас­қарушы элитаның негізін қалайтын солар болады. Мен мұны бұрыннан бері айтып жүрмін. Қазір тек іске кірісу керек. Бұл да өте маңызды», – деген еді. Елбасы Үкімет пен Президент Әкімшілігіне биылғы жыл­дың алтыншы айының соңына дейін Президенттік кадрлық корпусқа үміткерлер жө­нінде ұсыныс әзірлеуді тапсырды. Пре­зи­денттің айтуынша, арнайы комиссия үміт­керлерді олардың біліміне, кәсіби білік­тілігіне, жоғары моральдық сапасына қа­рай таңдайды.
Арнайы комиссия талабы күшті болуы шарт
Ең алдымен арнайы комиссия еліміз сұрыпталған саяси басқарушыларға кенде болмасына мүдделі болуы керек. Ол үшін әділ әрі таза таңдау жасау қажет. Яғни бо­ла­­шақ элита өкілдерінің әлемдік стандарт­тар­ға сай жоғары білімі, қазіргі элитаның дең­гейіне жету үшін кәсіби біліктілігі жо­ға­ры болғаны абзал. Және Мемлекет басшы­сы ерекше атап өткен жоғары моральдық сапа басты назарда болғаны жөн. Бұл си­паттамаларға сай келетін жас­тар аз емес.
Кадрлық корпус мүшелерінің қаперіне:
Арнайы комиссияның елегінен өткен корпус мүшелеріне нені ескеру керек? «Эли­та» сөзінің өзі француз тілінде «сұрып­талған, іріктелген» деген мағынаны білді­ре­ді. Демек, қоғам бетіндегі қаймақтарға қойы­лар талап та жоғары. Президенттік кадрлық кор­пусқа қабылданған жастар тәуелсіз Қа­зақ­станның қалыптасуына бар­лық жағ­дайды жасаған қазіргі элитаның тә­жіри­бе­сін толықтай меңгеруі қажет. Нақ­ты айтар бол­сақ, Қазақстан саяси бас­қа­рушылары­ның ізбасарлары олардың мы­на­дай қыз­меттерін жалғастыруы керек:
Біріншіден, стратегиялық қызметі – қоғам дамуының стратегиялық және так­тикалық жобаларын әзірлеу, нақты іс-әре­кеттер бағдарламасын айқындау.
Екіншіден, интегративті қызметі – қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету, қақтығыстарға жол бермеу.
Үшіншіден, ұйымдастыру қызметі – бұқараны ұйыстыра білу. Өзінің стра­тегиялық бағдарламалары мен ұстаным­да­рына халықты жұмылдыру.
Төртіншіден, дипломатиялық қыз­ме­ті – бес құрлықтағы әртүрлі менталитеті бар сан түрлі халықпен қоян-қолтық ара­ла­­суы, державалардан бастап, үшінші әлем елдеріне дейін теңдей қарым-қаты­нас орнату.
Президенттік кадрлық корпусының мү­шелері аға буын көрген қиыншылықтарды көре қоймас. Себебі олардың алдында қа­зір­гі элита сияқты КСРО күйрендісінде ша­ла-жансар жатқан елді аяғынан тұрғызу міндеті тұрған жоқ. Болашақ басқарушы­ларға артылар жүк – барынша қалыптасқан, әлемдік қауымдастықтың толыққанды субъектісі ретінде мойындалған мемлекет­тің ісін одан әрі дөңгелету ғана. Жетістіктерін жалғастыра отырып, кемшіліктерге жол бермеу – бүгінгі заманның басты өлшемі. Жаңа институттың тиімділігі туралы сарап­шы маманның пікірі мынадай:
Санжар Боқаев, саясаттану бойынша PhD докторы:
– Мемлекет басшысы Президенттік кадрлық корпус туралы алғаш рет өзінің Жолдауында айтып өтті. Меніңше, бұл жаңа институт қоғамның барлық талабына жауап бере алатын кәсіби, сапалы элитаны қалыптастырушы механизм болады. Президенттік кадрлық корпустағы саяси басқарушылардың сапалылығы сонда, олар қандай да бір рудың немесе  саяси топтардың ғана адамдары болмайды. Еліміздегі білімді, ұйымдастыру қабілеті жоғары жастардың саяси мансап жасауына жағдай жасайды. Жас саясаткерлердің арасында бәсеке пайда болады. Ал бәсеке бар жерде сапаның да болатыны белгілі. Оның үстіне,  Мемлекет басшысы «Кадрлық корпус мүшелері еліміздің экономикалық дамуымен тығыз байланысты бизнес құрылымдары ұсынған жалақыны алады» деген болатын. Демек, қандай да бір топтың ықпалында қалу қаупі жоқ деген сөз.

Түйін
Халық даналығында «Ат тұяғын тай басар» деген сөз бар. Мем­лекет – мәңгілік алып машина. Ал билеушілер жолаушылар іспет­тес. Ол машинаның түзу жолмен алға қойған мақсатына діт­теген уақы­тын­да жетуі рульдегі басқарушыларға тікелей бай­ланыс­ты. Бүгінгі би­лік­тің сапалы саяси басқарушыға мүдделілік танытуын ұрпағы­ның болашағы мен елдігінің ертеңін ойлауы деп түсінгеніміз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста