Президенттік институт: әлемдік һәм қазақстандық тәжірибе сабақтастығы

Президенттік институт: әлемдік һәм қазақстандық тәжірибе сабақтастығы

1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев президент боп сайланғалы бері президенттік институт бүгінге дейін өз өміршеңдігін дәлелдеп, жасампаз Қазақстанның саяси-экономикалық дамуының қозғаушы тетігіне айналды. Президенттік институт моделінде мемлекет басшысының заңдылық, келісім мен тұрақтылық сақтаудағы жауапкершілігі жоғары және сайланбалы демократиялық қағидаттар әрдайым үстем тұрады.

ӘЛЕМДЕГІ САН АЛУАН ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ

Жалпы әлемде мемлекеттік құрылымында президенттік институт қалыптасқан шамамен 140-тан астам ел бар екен. Географиялық тұрғыдан сол үстік америкалық, латын америкалық, еуропалық, афро-азиялық және шығысеуропалық модельдері қалыптасқан. Британ монархиясынан бас тартқан АҚШ-та бір мезетте мемлекет және үкімет басшысы болып табылатын президент лауазымы пайда болды. Бұл әлемдегі тұңғыш президенттік басқару нысаны еді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ-тың үлгісімен Латын Америкасында да президенттік басқару формасы орныға бастады. Ол кезде Еуропа құрлығында британдық парламентарлық немесе кабинеттік (монарх және парламентке есеп беретін премьер-министр) басқару жүйесі танымал-тұғын.

1848 жылдан бастап кәрі құрлықта тек Франция мен Швейцарияда президенттік лауазым бекітілді. Қалған Еуропа елдері ХІХ ғасырдың аяғына дейін монархиялық жүйеден бас тарта қоймады. І дүниежүзілік соғыстан кейін Австрия, Веймар республикасы, Чехословакия, Польша, Эстония, Литва, Латвия, Түркия елдерін де жоғары лауазымды тұлғалар президент болып саналды.

ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында Азиядағы Филиппин, Сирия, Ливанда президенттік институт қанат жайды. ІІ дүниежүзілік соғыстан соң Италия, Грекия, Португалия, Исландия және Мальта президенттік республикаға айналды. Іле-шала Азияның Оңтүстік Корея, Оңтүстік Вьетнам, Тайвань, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Ирак, Иран, Ауғанстан елдерін президент басқаратын болды. 50-60 жылдары тәуелсіздік алған Африканың барлық дерлік мемлекеттерінде президенттік институт берік орнықты.

Тарихта президенттік институттың конституциялық өкілеттігі әр елде әрқалай қалыптасты. Мәселен, АҚШ пен Мексикада президент мемлекет басшысы әрі үкімет басшысы деген дуалистік қызметті қатар атқарып келеді. Италия мен Германияда президенттік лауазым халықаралық-құқықтық қатынастарда өкілеттік етумен шектеліп, атқарушы билік премьер-министр мен канцлерге жүктелген. Сол сияқты Финляндия, Үндістан да формальды түрде президентке өкілеттіктер берілгенімен, премьер-министрдің құзыры жоғары болып есептеледі. Сайып келгенде, Еуропа елдерінде салыстырмалы түрде әлсіз өкілеттіктерге ие президенттік институт тән болса, Латын Америкасы, Азия және Африка мемлекеттерінде құзыреті күштірек президенттік институт орныққанын ескерген жөн.

Дегенмен қазіргі кейбір Латын Америкасы елдерінде тұлға президент лауазымына бір мәрте сайлана алады. Кезінде Сталин де Жоғарғы Кеңес президиумында коллегиялық президенттік өкілеттік алуды жақтаған екен. 1964 жылы Н.С.Хрущев президенттік туралы мәселе көтерген, алайда іс жүзінде бұл да аяқсыз қалды.

ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

Кейбір елдерде тұңғыш президент лауазымын атқарған тұлғалар ұлттың саяси көшбасшысы мәртебесіне ие болып жатады. Оның жарқын мысалы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік жолы, жасампаздықпен өрілген өмірбаяны. Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстандағы президенттік институт француздық үлгіге ұқсас. Олжас Сүлейменов күшті президенттік республиканың сипаты Нұрсұлтан Назарбаевтың жарқын тұлғалық қасиетімен тығыз байланысты екенін атап көрсеткен еді.

Қазақстандағы президенттік институт тәжірибесі демократиялық дамуға жасалған нық қадам мен өркениеттік саяси жүйе құрудың алғышарты десек болар. КСРО күйрегеннен кейінгі тоталитаризмнің ауыр мұрасы, тоқыраған экономика, құлдыраған халық шаруашылығы жағдайында, көпэтникалық, көпконфессиялық мемлекетте тәй-тәй басып, қаз тұрған президенттік институттың сәтті тәжірибесі өзге елдерге үлгі екенін Кембридж университетінің профессоры Сидхарт Саксена да қуаттайды.

«20 жылдан астам аз уақыт ішіндегі Қазақстандағы президенттік институт зор мәнге ие, оны асыра бағалау мүмкін емес – мұны түсіну керек. Жүргізіп отырған саясатының арқасында ол барлық үш: саяси, әлеуметтік, экономикалық мәнді сіңірген», – деп бағалады Сидхарт Саксена.

Шындығында, президенттік институт сан алуан Қазақстан қоғамын топтастырушы фактор ретінде мойындалды. Әрине, 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда орныққан президенттік институттың жолы оңайға түскен жоқ, қалыптасу эволюциясынан өтті. 1993 жылғы Конституция да Президент өкілеттігі біршама кеңейтілгенімен, Жоғарғы Кеңеспен қарым-қатынасы қарама-қайшылықты жағдайда қалды. Жоғарғы Кеңес пен Президент өкілеттіктері бір-бірін қайталап, аумалы-төкпелі заманда болашақ үшін батыл стратегиялық шешім қабылдауға кедергі келтірмей қоймады. Сол кезде Жоғарғы Кеңес күшті өкілеттікке ие болғанымен, жедел шешім қабылдауда, икемді жұмыс атқаруда, тиімді басқаруда ебедейсіздік танытып жатты.
Саясаттанушы Нұрлан Сейдін жазғандай, 1995 жылғы Ата Заң ел экономикасының, әлеуметтік-саяси жүйе сінің дамуын жеделдетті, халықтың саяси белсенділігін арттырды. Мемлекеттің тілі, жер мәселесі, азаматтық алудың жолдары, Парламенттің қос палаталық жүйесі белгіленіп, Президенттің құзыреті, сот төрелігінің қызметі, Конституциялық Кеңестің өкілеттілігі сияқты күрделі мәселелердің барлығы 1995 жылғы Конституцияда шешімін тапты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғаламдық деңгейдегі көшбасшылық қасиеттерге ие, жаһандық ауқым дағы парасат-пайым мен мүлде жаңа ойлауға бейім екенін, прагматизм, ұлт жандылық, тынымсыз ізденіс, қауырт жұмысты серік еткен сарабдал қайраткер екендігін әріптестері мен қызметтестері тамсана айтып жүр.

Сарапшылар Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың феномені ретінде кеңестік артта қалған елді ТМД-дағы еңселі, ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысына, халықаралық беделі жоғары, сан салалы көр еткіштер бойынша қуатты елге айналдыруын ерекше айтады.

Алаш абыройын асырған ЕҚЫҰ мен Ислам ынтамақтастық ұйымына төрағалық, тұғырымызды биіктеткен Азиада ойындары, ЕХРО – 2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу мәртебесіне ие болуымыз Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегінің, сарабдал саясатының, халықтың Елбасыға зор сенім артуының арқасы болса керек.

Сөз соңы...
Елдегі президенттік институттың жетістіктері мен кемелденуін Тұңғыш Президенттің есімімен және қайраткерлік қызметімен тығыз байланыстырамыз. Немістің белгілі ғалымы Макс Вебердің өз зерттеулерінде күшті президенттік билік моделін қолдағаны тегін болмаса керек. Себебі бұл президенттік институттың заманға сай ілкімді жұмыс істеп, елдің өркендеуіне жол салғаны анық.

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста