Палестина-Израиль қақтығысы үлкен дауға айналып барады

Палестина-Израиль қақтығысы үлкен дауға айналып барады

Әлем назары тағы да Таяу Шығыстағы жанжалға ауды. Израиль мен Газа секторы арасындағы қарулы қақтығыс шиеленісіп барады. Өткен сенбіде исламшыл топтар Газа секторындағы израильдік әскери көлікке шабуыл жасағаннан кейін Израиль мен Палестина арасында әскери шиеленістер басталды.
Алдымен Израильдің әскери әуе күштері Палестина автономиясы аума­ғын­дағы содырлар тобының көзін жою опе­ра­ция­сын бастап кетті. Алайда соның сал­да­ры­нан Палестина жерінде бейбіт тұр­­ғындар зардап шекті. Бұған «ХАМАС» қоз­­ғалы­сының әскерилері де қарап жат­пай, әске­ри қарсылық көрсетіп, Израиль ау­ма­ғын «Кассам» санатындағы зы­мы­ран­дар­мен атқылады. Сәрсенбі күні Из­раиль­дің Әскери-теңіз және әуе күштері Газа ау­мағындағы содырларға қарсы «Бұлтты ті­рек» деген атаумен ауқымды опе­ра­ция­сын бастады. Израильдіктер Газа сек­то­рын­дағы жүзден астам нысанға жерден, әуе­ден және теңізден шабуыл бастады. Әсі­ресе, жұма күні Газа секторын барынша бом­балап, 150-ге жуық соққы жа­салды.  Сол операция барысында «ХА­МАС» қозғалысы жауынгерлік қана­ты­ның басшысы Ахмед әл-Джабари қаза тап­ты. Екі тараптан да зардап шеккендердің са­ны аз емес. Дегенмен қаза тапқан бейбіт па­лестиналықтардың саны из­раиль­дік­терден анағұрлым басым.  БҰҰ-ның Па­лес­ти­на­дағы тәуелсіз бақылаушысының мә­лі­метіне қарағанда Израиль әскери ша­буы­лы­нан қаза тапқандардың саны қазір 140 адамға жетіп отыр.
АҚШ Израильді қолдайтынын ашық айтты
Газа секторында израильдік опера­ция­лар басталысымен-ақ Израиль премьер-ми­нистрі Биньямин Нетаньяху АҚШ Пре­зи­денті Барак Обамаға мемлекеттің өзін-өзі қорғау құқығына қолдау білдіргені үшін алғысын білдірді. Бұған дейін АҚШ пре­зиденті Барак Обама «бұл соғысқа «ХА­МАС» кінәлі» дегенді айтқан болатын. Тіп­ті «алдағы уақытта құрлықтағы әскери шабуылдар басталса да біз кедергі бол­маймыз» – деген пікір АҚШ тарапынан рес­ми түрде айтылды. Ал Палестина ұлт­тық әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббас зор­лық-зомбылықты тоқтатуға шақырды. Ол Израильдің іс-қимылы бастапқыдан-ақ Па­лестина мемлекетін құруға бағытталған үдерістерді бұзуға негізделгендігін атап өтті. БҰҰ Бас ассамблеясына Палестина мәр­тебесін көтеру туралы өтініш осы ай­дың ішінде берілуі тиіс еді. АҚШ Пре­зи­дентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кө­мекшісінің орынбасары Бен Родс Түркия, Египет және Газа секторының еуропалық серіктестерін «өзін-өзі қорғауға толық құ­қығы бар» Израильмен жанжалды қоз­ды­руын тоқтату үшін «ХАМАС-қа» қысым көрсетуге шақырды. Мұндай мәлімдемені ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкі­лі Кэтрин Эштон да жасады.  Ұлы­бри­тания Сыртқы істер министрлігі барлық жа­уапкершілікті «ХАМАС-тың» мойнына арта салды.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі тартыс
Осы аптада Газа секторындағы ахуалға бай­ланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде ар­найы кеңес өткізілген болатын. Жан­жал­дасушы тараптардың өкілдері бір-біріне кінә артып, халықаралық қоғамдастықты тағы да адамдардың мерт болуына және жа­ңа соғыс отының тұтануына жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауға ша­қыр­ды. Әзірге БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі палестина-израильдік қақтығыстарға тос­қауыл қою үшін нақты шараларға бара ал­май отыр. Бұған Қауіпсіздік кеңесіне мүше ел­дерінің бұл мәселеге қатысты көзқа­рас­тарының әртүрлі болуы себеп. Қысқасы, әлем тағы да екі лагерьге бөлініп отыр. Бі­рін­шісі, Тель-Авивтің әуе соққыларын тү­бе­гейлі айыптап, Израильді күш қолдаудан бас тартуға шақырады. Ал екіншісі, жан­жал­дың ушығуына палестиндік топтарды айыптап, Израильдің әскери опера­ция­ларының салдарына назар аудармастан оларды басты жанжалды бастаушылар са­най­ды. Мәселен, АҚШ Израильдің біртұ­тас­тығын қолдаса, Ресей Палестина мүд­десін қорғауды көтереді. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун палестиндіктерге де, израиль­дік­терге де зорлық-зомбылықтан ты­йы­лып, гуманитарлық құқық аясында қабыл­дан­ған міндеттемелерді қатаң ұстануды та­лап етті. Кеше Түркия премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоган «Израиль эт­ни­калық тазалау» операциясын жүргізіп жа­тыр» деген мәлімдеме жасай отырып, оған кедергі бола алмай отырған БҰҰ-ны сынға алды.
Ресей де өзін көп күттірген жоқ. Ресей СІМ-нің ақпаратында Мәскеудің «күштік май­дандасуды шұғыл тоқтату, Израиль ау­мағына да, Газа секторына да соққы жа­сауды доғару» қажет деп санайтындығы ай­тылған. Мұндай ұстанымды Египет және бір­қатар Араб елдері де қолдап отыр. Ал Мәс­кеудің жаһандық қауіпсіздік мә­се­ле­ле­рінде басты серіктесі Бейжің болса, өзінің алаңдаушылығын білдіріп, барынша ұстанымды болуға шақыратындығын ғана жет­кізіп отыр. Қазіргі таңда екі тарап та ұзақ­қа созылатын соғыстың алдында тұр. Из­раиль қорғаныс министрлігі резервтегі аза­маттарын әскер қатарына шақы­рыл­ған­дығын ресми түрде жария етуде. Соңғы ақ­параттарға қарағанда, олардың саны 30 мың­нан 75 мыңға дейінгі адамды құ­райды. Газа секторына екі сауытты танк ди­визиясы мен Израильдің екі жаяу бри­гадасы шоғырлануда.
Әлем Израиль шабуылын айыптауда
Әлемнің бейресми жұртшылығы да осы қақтығыстарға қатысты өз пікірін жет­кізуге ұмтылып жатыр. Басқаны былай қой­ғанда Израиль жерінде де Тель-Авив­тің агрессиялық соққысына қарсылық біл­діріп, тез арада соғысты тоқтатуды талап еткендер бар. Түркия, Мысыр және басқа да көптеген мұсылман елдерінің тұрғын­да­ры қантөгіске қатысты наразылығын біл­діріп, жаппай ереуілге шықты. Сондай-ақ Грекияның астанасы Афины, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония, Үндістан ел­де­рін­дегі Израиль елшіліктерінің есік алды наразылық айтушылардан босамады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста