Өзгенің қателігінен алған сабақ – жақсы тәжірибе

Ерке Есілдің сол жағалауына жаңадан қоныс тепкен Медиа орталықта 3 қазан күні еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тілшілер қауымы бас қосты. Басқосу барысында «Әлеуметтік қауіпсіздік және БАҚ» тақырыбы басты назарға алынды. Бүгінгі күні БАҚ өкілдерінің әлеуметтік кикілжіңге көп ұрынатынын сөз бостандығына теліп жүргендер бар. Бірақ осы пікірге қарсы топ тілшілердің сауатсыздығынан көреді бұл жағдайды. Қалай дегенде де, қоғамда екі ұшты пікірдің өмір сүру заңдылығын ескеріп, біз «мынау дұрыс, мынау бұрыс» дей алмаймыз. Бірден айту керек, қордаланған мәселе өте көп.
Мысалы, журналистік этиканың жойылуы, тілшілердің өсек аңдуы, шын­дықты өтіріктен ажырата алмау, құқықтық нормаларды сақтамау сияқты тілшілер тарапынан кететін қателерден бөлек, еркін ақпарат алмасуды қамтамасыз ете алмау, саяси ойындарға БАҚ-ты құрал етіп пай­далану, ақпарат алаңына іріткі салу секілді жиі жіберілетін қателіктер бұл жиында қызу талқыланды. Ресейден қарайған жан келсе болды, басқосудың барлығын «халықаралық» деп бөркін аспанға ататын­дар бұл шарада да бой көрсетіп қалды. Өзінің ұстанымын дәлелдеудің орнына біреудің сөзін қостай кететіндер де табыл­ды. Бірақ негізгі көпшілік ынты-шынтымен аталған мәселені әр қырынан таразыға салуға тырысты. Екі күнге созылған медиа форумда тілшілер негізінен мынадай бағыттарда пікір алмасты: «Еңбектегі әлеу­меттік кикілжіңдерді шешудегі БАҚ-тың рөлі», «Соңғы уақыттағы әлеуметтік дағдарыс жағдайындағы медианың жұ­мысы», «Кикілжің кезіндегі БАҚ-тың әлеу­меттік-құқықтық жауапкершілігі», «Жастар саясаты және жаңалыққа бейімділікті арттыру». Аталған бағыттардың мағынасын жан-жақты аша түсу үшін жиналған жұрт жеке-жеке тақырыптар төңірегінде ой бөлісті. Әдетте келелі жиынды шер тарқату деп түсінетін біз бұл жолы да ортақ щешімге келе алмадық. Себебі билік өз дегенінен танбайды, ал тілшілер болса өнбес дауды даулайды. Мәселен, бірді-екілі спикер болмаса, жиналған жүзге жуық баспасөз орталықтарының басшылары ұлттық идео­логия туралы жұмған аузын ашқан жоқ. Ал тілшілер орыстілді, қазақтілді болып топ-топқа бытырап, екеуара бір тақырыптың айналасында гүж-гүж етеді. Бірақ «ұлттық мүдде үшін бір арнаға тоғысайық» деген біреуі жоқ. «Біткен іске сыншы көп» дегендік емес, шындығы солай болды.
Форумның басынан аяғына дейін Жаңаөзен оқиғасы жан-жақты сөз болды. Міне, осы тақырып жақсы ашылды. Кейіс білдірген ағайын да, жүйелі сөздің орнын тапқан билік өкілдері де осы мәселеге келгенде бірлік таныта алды. Шындығында, алдағы келе жатқан 16 желтоқсан күнін қалай атап өтеміз деген ой жиынға жинал­ғандардың барлығын мазалады. Жаңа­өзендегі оқиға кезінде жақындарынан айырылған қандастарымыз бауырларының қазалы күніне ас берсе, басқа халық Тәуел­сіздік күнін тойлайды. Әрине, ел болған елдік мұратымыздың бірінші орында тұрары сөзсіз. Осындай екіұдай пікірдің ортасынан қажеттісін тани алу тілшінің кәсіби білік­тілігін көрсетеді. Ал ондай білікті маман­­дар бізде өте көп. Тек олардың қабі­летін танытуға мүмкіндік жасайтын білімді бас­шылар мен сауатты оқырманның қатары сире­месін.

P.S.
Жалпы, форумның жас журналистерге бергені мол. Біреудің қателігінен алған сабақ – керемет тәжірибе. Ал «өз қателігің ешкімге ақыл болмайды» деген қарапайым қағиданы ұғындырды тіс қаққан тілшілер. Сондықтан сауатты жазатын, талғамы жоғары, сөздің төркінін танитын, жұрт көңілін жықпайтын, биліктің берген ақпаратын таразылай алатын, қаламы қарымды әріптестеріміз осындай өзекті ойдың ордасынан өзіне қажеттісін ала алды деген сеніміміз кәміл. Жазар көбейсін, жазғанымызды байыптайтын барша жамағат аман болсын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста